» » Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне оқуға кел!

 
 
 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне оқуға кел!

Автор: admin от 3-03-2020, 00:54, посмотрело: 313

0

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдаудың  қағидалары

Жалпы ережелер

 

  1. Осы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 11) тармақшасына және Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген, білім беру мекемесіне қабылдаудың Үлгілік ережесіне сәйкес құрылған.
  2. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне (бұдан әрі – ҚазМемҚызПУ) адамдарды қабылдау республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен білім беру грантын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне қабылдау рәсімі

  1. ҚазМемҚызПУ-не жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар адамдар қабылданады.
  2. ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және ақылы оқуға ниет білдірген орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ нәтижесі бойынша – кемінде 60 балл, оның ішінде:

– Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл;

– әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алуы қажет.

ҰБТ-дан өткен, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) ақылы оқуға ниет білдірген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ нәтижесі бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пән бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.

Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсуші ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) ақылы оқуға ниет білдірген орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша – кемінде 60 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алуы қажет.

Шығармашылық дайындықты талап ететін, ҰБТ-дан өткен, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) ақылы оқуға ниет білдірген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижесі бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде шығармашылық емтиханнан – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.

  1. ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балды алмаған адамдар ҚазМемҚызПУ-не 1 (бірінші) академиялық кезең аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады.

Білім алудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін бұл адамдар белгіленген мерзімде ҰБТ-ны қайта тапсырады.

1 (бірінші) академиялық кезең аяқталғаннан кейін тапсырған ҰБТ нәтижесі бойынша аталаған Ереженің 4 тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдар ЖОО-дан шығарылады.

Категория: Түлектер

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.