Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Табысты мектепке жету мақсатымыз

Автор: admin от 22-06-2023, 06:42, посмотрело: 21

0 Табысты мектепке жету мақсатымыз

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебі Шу ауданы мектептерінің рейтингісінде 2019 жылы 4 орын иеленіп «Үздік білім беру ұйымы» номинациясын иеленіп,осы 2019 жылдан бастап мектеп табысты мектеп қатарынан орын алды.
Осы жетістік пен табыс 2015 жылы үздіксіз кәсіби өсу мен шексіз еңбек нәтижесі.
Ұжымның алға ұмтылысы мен әкімшіліктің бірлесе бір бағытта жұмыс нәтижесі,осы енбек өз нәтижесіне бере отырып мектеп 2020 жылы «Ең үздік ауыл мектебі», 2021 жылы «Үздік мектеп -2021» атауына ие болып, 100 000 теңгенің сертификатына ие болды.
Мектептің шығармашылық мұғалімдері мен дарынды оқушылардың жетістіктері арқасында мектеп директоры облыстық «Табысты менеджер-2022» байқауында ІІІ- орынды иеленді.
2023 жылы Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебі «Орта білім беретін үздік ұйым» ІІІ- орын иеленді.
Мектеп ұжымының тынымсыз еңбегі,сапалы білімге жеткізді.Осының айғағы ретінде облыстық білім басқармасының МОДО бойынша талдауында Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебі 4-сыныптардың білім көрсеткіші -23,6 % құрады. 4-сыныптар аралығында 3 орын иеленді. 9-сынып бойынша 51,4% көрсетіп,аудандағы қатысқан 21 мектеп арасында 10 орын иеленді.
Биылғы оқу жылында мектепті МДТ- 51 білім алуда, 1-11 сыныптар аралығында -617 білім алушы мектеп аяқтап отыр. Мектеп бітірушілер саны -22.
Сапалы білім,саналы білім. білім нәтижесі мектеп сапасының өсу динамикасынан көруге болады
2019-2020-67 %
2020-2021-70 %
2021-2022-71 %
2022-2023-64 %
ҰБТ қорытындысы бойынша 11 сынып білім алушылырының ортақ көрсеткішінің өсу динамикасы сапалы білім беру нәтижесі деп білемін
2019-2020 оқу жылы -68,14
2020-2021 оқу жылы -72,9
2021-2022 оқу жылы -72,11

Мектептегі үздік және алтын белгі аяқтағандардың болуы мен олардың грант иегерлері болуы сапалы білім білім беру айнасы
«Алтын белгі» Есиркепов Даулет, Үздік аттестат Садырбаева Сабина, Смағұл Азиза.
«Алтын белгі» Олейникова Милана Алексеевна, Үздік аттестат Олпанбай Асылжан.
« Үздік аттестат» Рахман Аружан.
Сапалы білім алушылар тәрбиелеу,дарындылығын шыңдау, шығармашылыққа тәрбиелеу мақсатында мектепте Олимпиада мектебі,
«Білім алушылардың ғылыми қоғамы», «Мен зияткермін», «Шаңырақ» жобасы, «Апта жұлдызы», «Білім алушы күні», «Оқуға құштар мектеп» жобасы және «Өзін-өзі басқару» ұйымы жұмыстары жыл бойы жүргізілуде.
Пән апталықтары аясында ұстаздарымыздың түрлі шығармашылық конкурстар мен байқаулар ,зияткерлік ойындар,жарыстар,сахналық қойылымдар өткізіліп,білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған жұмыстары үздіксіз жыл бойы жүргізілуі өз істеріне деен жауапкершілік пен сапаға бағытталған жұмыс жүргізу айғағы.
Жылдар бойында мектептің дарынды білім алушылар мен мұғалім жетістіктерінің өсу динамикасының болуы табыс көрсеткіші деп білемін
Дарындылығы ашылып жетістікке жеткен білім алушыларымыз бен жеткен жетістікке жетелеген шығармашылық мұғалімдерді мақтан етеміз.
2019-2020 оқу жылы -98 білім алушы
2020-2021 оқу жылы -142білім алушы
2021-2022 оқу жылы -198 білім алушы
2022-2023 оқу жылы жеңімпаздар саны-220 білім алушы
2022-2023 оқу жылында Халықаралық -2 білім алушымыз Халықаралық Республикалық байқаулар мен жарыстарда -220 білім алушымыз, Облыстық деңгейде -26,аудандық -55 деңгейлерде жеңімпаз атанды. Өсу пайызы-198.
2023 жылы Республикалық ғылыми жоба байқауының жүлдегері Грибенюк Роман-жетекшісі Коротуненко В.В бас жүлде.
Дулатұлы Бағдатәлі - І-орын жетекшісі Бұқанаева Г.Ж.,Серікбай Аяулым - ІІ-орын жеткшісі Байтерекова Р.Ж. Берік Тахмина жетекшісі Айдарова Ж.Б.
Мектебіміздің бітірген түлектерінің мектепке тартқан сыйлығы жетістіктер шкафы бүгінгі күні жетістіктерге толы.
Мектепте білім алушылардың белсенділігін дамыту, азаматтық көзқарас деңгейін белсенділігін арттыру шыңдау мақсатында «Өзін-өзі басқару» ұйымы жұмыс жүргізеді. Биылғы оқу жылында жаңа мектеп президентін сайлау жүргізілді. Мектепте білім алушылар үшін жайлы мектепке айналдыруға бағытталған үздіксіз жұмыс жүргізілді.
Биылғы оқу жылы жаңа мектеп президенті болып сайлау нәтижесі бойынша 9-сынып оқушысы Есберген Нурила президент болып сайланып,білім алушылардың мектеп өмірінде білім алушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған өзін-өзі басқару ұйымы жұмысын белсенді жұмыс жүргізілді.
Мектептегі білім алушылардың тәртіпті сақтауға бағытталған кезекшілігінен бастап,білім алушылардың қызығушылығына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруды білім алушылардың белсенді қатысуына ықпал етті.
«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында мектебіміздің ардагер ұздаздары мен қарттарды 1 Қазан қарттар күнімен ,Ұстаздар күнімен,Жаңа жыл,8 Наурыз,22 Наурыз мерекілік құттықтауларымен көмек қолдарын созуды ұйымдастырып адамгершілік позицияларын көрсетті
Мағжан Жұмабаев атамыз:
Тәрбие-кең мағанасымен алғанда,қандайда болса да бір жан иесіне тиісті азық беріп,сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсетуі деген сөзді басшылыққа ала отырып,бала бойында әсемділік эстетикалық талғам, мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Алтын күз», «Қош кедің Жаңа жыл» «Алғысым шексіз және 8-наурыз мекрекесіне орай Ананың аялы алақаны атты,» « Қош келдің Наурыз» мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мектептегі әр ұлт өкілдерінің бойында достық қарым-қатынас,өзге ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрін сыйлауға бағытталған .
22 қыркүйек тіл мерекесіне арналған «Бір шанырақ астында», Ана тілі мерекесінде «Менің Отаным-Қазақстан»,ұлттар фестивалі,1 мамыр мерекесінде « Достығы жарасқан ел» атты іс-шаралар өткізілді.
Патриоттық тәрбие –тәрбиеенің басты бағыты. Бала бойында өз еліне сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру бағытында жыл бойында патриоттық тәрбие сағаттары және «Тәуелсіздік тұғырым»мерекелік іс-шаралары ұйымдастырып өткізілді.
Жыл бойында Шаңырақ жобасы аясында; Экологиялық ,рухани адамгершілік ,азаматтық тәрбиеге бағытталған үздіксіз сынып сағаттары байқаулар,жарыстар өткізілді.
Мектебімізде би үйрмесі,волейбол,футбол,теннис,шебер қолдар,домбыра үйірмелері жұмыс жүргізе отырып оқушылардың шеберлігін шыңдады.
Би үйірмесі «Ақ шағала» облыстық байқауының жеңімпазы атанып,барлық аудандық іс*-шараларда мектеп оқушылары аудан халқына мектебімізді өнерлі мектеп ретінде танытуда.
Спортшы оқушыларымыз «Ұлттық мектеп лигасы»облыстық ойында мектеп командасы 1 орындаы иеленді,Осы жарыста Молдашов Бекзат ,Рысқұлбек Жалғас,Насырхан Алдияр жүлделі 1 орынға ие болды.
Облыстық теннистан өткен 2008,2015жылдары туылған оқушылар арасында өткізілген жарыста Рысқұл Данияр,Дүйсенғали Мадияр,Әшімбек Аяла 1 орынды иеленді,Иманқұлов Дарын 2 орынды иеленді.
Тәрбие біздің жүрегімізге ең алдымен жеке адамға да ,қоғамға да пайдалы әдеттердің ұрығын себу ұранымен бір бағытта жұмыс жүргізіп отырған мектеп ұжымы әр қашан ата-анадан қолдау күтеді.
Мұғалім-ата-ана-білім алушы-үштігінің бірлесе әрекет етуі тәрбие берудегі ең басты кілт.Балалық шақтың бақыты-жылылықпен қорек беретін отбасының тыныштығы деп атап көрсеткен көрнекті педагог Сухомлинский.
Осы отбасындағы тыныштық пен тәрбиеенің дұрыс беруіне бағытталған ата-аналарға арналған «Отбасы бақыт мекенім» тренингі «Менің отбасым-алтын ұя», дөңгелек үстел, «Мен және менің балам», атты интелектуалды ойындар өткізілді.
Қыз тәрбиесінде дұрыс тәрбие беру бағытында жыл бойында әжелер мен аталар мектебі жұмыс істеп кездесулер ұйымдастырды.
Белсенді ата-аналарымыз Кулмановтар отбасы мектеп атынан аудандық «Парасатты отбасы»байқауына қатысып «Саяхатшы отбасы»номинациясына иеленді.Осы оқыту мен тәрбиеге бағытталған мектеп ұжымының жеткен жетістіктері бұл сіздің балаларыныздың жетістігі ұстаздардың тынымсыз еңбегі ,сіздердің қолдауларыныздың арқасында жеткен жетістіктер.Осы үшін ата-аналарға алғысымыз шексіз.
Мектепте білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында үздіксіз жұмыс жүргізілді.
Ішкі туалеттер мен қол жуу арналған орындар барлық жабдықтармен қамтамассыз етіліп жұмыс жасайды, ауыз сумен қамту, ыстық тамақпен қамтамасыз ету үнемі назарда
Білім алушылардың демалыс кезенің ұйымдастыру бойынша күзгі,қысқы көктем,жаз мезгіліндеріндегі демалыс уақыттарын белсенді өткізу үнемі назарда,жоспарлы түрде жүргізіледі,
Мектепті табысты мектепке жетелеу және мектепті жайлы орынға айналдыруға бағытталған жұмысты үздіксіз жүргізе отырып,көшбасшылықты бөлісе жүргізу арқылы мектеп ұжымын шашау шығармай жұмысқа бағыттау ,менің көшбасшылық кредом болып отыр.
Мекктеп мәдениетін дұрыс қалыптастыру -табысты мектепке жетудің жолы

Категория: О школе

 

.

Автор: admin от 21-06-2023, 05:41, посмотрело: 13

0
,.
,.

Категория: О школе

 

Жаңартылған білім мазмұны жағдайында білім сапасын басқару.

Автор: admin от 21-06-2022, 05:04, посмотрело: 229

0 Жаңартылған білім мазмұны жағдайында білім сапасын басқару.

Білім сапасын басқару, білім алушымен қарым-қатынасты дамыту, жетістікке жетелеу, тәрбиелі, нағыз патриот етіп тәрбиелеу мектептің ең маңызды миссиясы. Мектептің өз миссиясын орындаудағы ең маңызды дүние: оқыту мен оқу жоғары болуы. Стратегиялық жоспарлауды , яғни МЖ әрбір бөлімнің , бөлімшенің толық тұлғаның рөлін белгілеу, мектептің мақсаты мен міндетін оперативті жоспарлауды белгілеу арқылы белгіленген рөлдерді жұмылдыру- бұл басқару құзыреті. Оқыту мен оқу сапасын арттыру мұғалімдердің кәсіби өсуіне қолдау және дамытуға бағытталған бөлінген көшбасшылықты қолдана отырып, бірлесе оқу коучинг, тренинг, тәлімгерлік, LS үрдісін ішкі кәсіби қоғамдастық аясында іске асырылды. Ішкі қоғамдастықта кәсіби даму мұғалімдердің өз тәжірибелерімен бөліскен авторлық бағдарламалардың жобалардың басылымдардың жариялануына алып келді. Республикалық №27 тірек мектебі болып 2015 жылы белгіленгеннен кейін кәсіби қоғамдастық аясында өзін-өзі дамыта отырып, өзгені дамытуға бағытталған сыртқы қоғамдастықта бөлінген көшбасшылардың жұмыс жүйесі іске асырылды. Үнемі серіктес бірлескен іс-тәжірибе бөлісу, семинар тренингтер, коучингтер

, шебер сыныптар, конференциялар өткізіліп өзін-өзі дамыту арқылы өзгені дамыта отырып, серіктес мектептерді магниттей өзімізге тарта білдік. Кәсіби дамыған , белсенді, жаңашыл ұстаздар білім алушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған интеллектуалды ойындар, байқаулар, конкурстар , жобалар іске асырылды.
2014-2019 жылдарға арналған дарынды баланы тану, дамыту тақырыбындағы МДЖ іске асырлып мектепті табысты мектеп деңгейіне жеткізді. Ғылыми жоба пән олимпиада интеллектуалды жарыстар мен байқаулар баланың дамуына , баланың білім алуына жағдай жасау өз ойы бар пікірі қалыптасқан жан-жақты тұлғаны қалыптастыру нағыз көшбасшының мұрағаты. Табысты көшбасшыларды тағайындайды. Баланы дамытуда ата-ананың қолдауын , дамытуын қалыптастыру мақсатында ата-аналарға арналған ІІ деңгейдегі ТІЖО ата-аналармен бірлескен байқаулар, конкурстар, коучинг, тренингтер мен оқу семинарлары, байқаулар мен жарыстар жоспарланып өткізілді. Бұл жүйе ата-аналардың мектепке деген көзқарасын , баласының дарындылығын дамытуда серіктес болуы өз еңбегін сіңірді. Білім алушылар мен ата-аналарға әлеуметтік қолдау көрсетуде құқықтық ақпараттық қолдауда қамқоршылық кеңестің берері мол болды. Әрбір көшбасшы мектепті табысты мектеп деңгейіне жеткізу. Мұғалім , ата-ана қоғамдастығын нығайта отырып, бірлескен серіктестікке жеткізе отырып табысты мектепке жеткіздім. Көшбасшы ретінде көшбасшыға ең қажетті қасиет құзыреттілік. Басшы ретінде заман ағымына қарай дамуы керектігін түйсіне келе, ҚР жалпы білім беретін басшыларын біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курстан өту жаңа белестерді ашуына мүмкіндік берді. Бағдарлама негізінде бөлінген көшбасшылықты ұтымды пайдалана отырып, мектептегі кәсіби қоғамдастық аясында мұғалімдерді кәсіби дамуымен өсуіне кәсіпкерлігін шыңдауға , бағыттауға жұмысты іске асырдым. Оқыту мен оқу сапасын арттыруға бағытталған бөлінген көшбасшыларға коучинг үдерісі кәсіби оқытуды тәлімгерлік сабақтағы іс-әрекетті зерттеу, сабақты зерттеу жүргізуді іске асыру нәтижесінде мектеп табыстылыққа қол жеткізді. Жүйелік пен ізденіске бағытталған білім беру ұйымын заманауи моделін қалыптастыру үздіксіз тынымсыз қозғалысты жүргізу, оны бағалау , қайта жоспарлау, қайта бағыттау арқасында табысты білім беру ұйымының өзіндік заманауи моделін құрдық.
Көшбасшы-бөлінген көшбасшылардың мұғалімдерге бағытталған кәсіби қолдау үдерісі ұжымның өсуі мен дамуына қол жеткізді. Сапалы жұмыс жүйесі білім алушылардың сапалы білім алу мен жетістікке жетуіне алып келді. Осының айғағы оқушылардың Республикалық , халықаралық, , облыстық , аудандық байқаулар мен олимпиадаларда ғылыми жобадан орын алп, деңгейінің өсуі. Әлеуметтік серіктес ата-анаға үнемі ақпараттық құқықтық психологиялық қолдау жүргізе отырып мектеп өміріне әр түрлі бағыттағы байқаулар мен жарыстар , конкурстар өткізе отырып, әлеуметтік серіктестікке қол жеткіздік. Осы жұмыс нәтижесі 2013 жылдағы аудандағы мектептегі рейтинг көрсеткішіндегі артқы екінші орынның алдыңғы төртінші орынды қол жеткізді. Республикалық №27 тірек мектебі ретінде үздіксіз жұмыс жүйеміз серіктес мектептердің магниттей тартылуымызға алып келді. 2015-2022 жылдар аралығында сыртқы қоғамдастықта жұмыс жүйемізбен таныстырған 6 облыстық семинар өткізілді.
Ендігі жердегі басты мақсат ол-білім сапасын көтеруге бағытталған «Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауды үйрете отырып, сындарлы білім беру арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбындағы 2019-2024 оқу жылдарына арналған МДЖ іске асыру, бағытталған жұмыс жүйесі жоспарланып іске асырылуда. Бұл МДЖ іске асыруда ішкі қоғамдастық пен сыртқы қоғамдастық жұмысын жүйелеу арқылы, мұғалімдердің кәсіби дамуына үздіксіз қолдау керек.
Мен мектеп директоры А.Тұрсынбайқызы 2014 жылы Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарының біліктілігін арттыру бағдарламасын аяқтаған соң, мектептің әлеуметін зерттеу келе, мектепті табысты мектеп деңгейіне көтеруді мақсат еттім. Ауыл баласының бойындағы жетістікке жетуге, үлкен табысқа жетуге болатындығына көз жеткізу бағытталған жұмыс жүйесін құрдым. Мектептің даму жоспары, баланы жетістікке жетелейтін орта құруға, бала бойында өзінің жетістікке жетуіне сенім орнатуға және мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі мықты команда құруға бағытталады.

Категория: О школе

 

Табысты мектепке жету жолдары.

Автор: admin от 25-06-2020, 06:28, посмотрело: 643

0

                                           Табысты мектепке жету жолдары.

    Жамбыл облысы  Шу ауданы, Бірлік ауылы Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебі  директоры Ақмарал Турсынбайқызы 2014 жылы Қазақстан Республикасының жалпы білім  беру ұйымдарының біліктілігін   арттыру бағдарламасын  аяқтаған кейін, мектепті табысты мектеп деңгейіне көтеруді мақсат еттім. Осы бағыттағы жұмысты мектеп әлеуетін зерттеуден бастап, мектептің өзекті проблемасы: балалардың өз болашағына, жетістікке жететіндігіне сенімсіздігі және осы балаларды жетелейтін мұғалімдердің жұмысындағы жүйесіздік екендігін таныдым. Сондықтан ауыл баласының бойында жетістікке жетуге, табысты болатындығына көз жеткізуге бағытталған жұмыс жүйесін құрдым. Мектепті дамытуға арналған  даму жоспары, баланы жетістікке жетелейтін орта құруға, бала бойында өзінің жетістікке жетуіне сенім орнатуға және мұғалімдерден кәсіби құзіреттілігі мықты  команда құруға бағытталды.
     Мектептегі «Өзгеріс тобы» «Дарынды баланы тану және дамыту»бағытындағы жоспары бойынша: 1жылы мектеп мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған ішкі қоғамдастықта үздіксіз білім алуға арналған мектепішілік  курстар ұйымдастырып, тәлімгерлік жүргізілді. «Өзгеріс тобы» барлық  мұғалімдерге кәсіби дамыта келе, мұғалімдердің арасында тұрақты және жағымды өзара қарым қатынас орната келе мектептің кәсіби дамуына ықпал етті. Бұл ішкі қоғамдастықта үздіксіз білім беруде  І,ІІ деңгейлі курс бітірген  мұғалімдердің әлеуеттін пайдаланып, бөлінген көшбасшы идеясы іске асыра келе, мұғалімдердің кәсіби өсуіне қол жеткіздік. Бұл жұмыс әлі де болса өз жалғасын табуда және жаңа деңгейге яғни ,сыртқы қоғамдастықта ықпал ету деңгейіне көтерілді.
      Талантты баланы тану және дамытуға арналған жұмыс жүйесін  І деңгейлі курс бітірген  В.Коротуненко өз  зерттеу сұрағы ретінде белгілеп, «Өзгеріс тобы» мүшелері ІІ деңгейлі курс бітірген әріптестері ТІЖО В.Губайдуллина мен ДҒӘІЖО Ә.Байкуловамен бірлесе отырып, бүкіл мектепті қамтыған жоспарларын іске асыруға жұмылдырылды. Мақсат:баланың бойындағы дарындылықты аша отырып, білім алуға деген талпынысын ашу, өзінің жетістікке жетуге деген сенімін орнату. Осы сенімнің орнауына және баланың дамуына қолдау көрсетуге бағытталған ІІ деңгей курс иегері  ТІЖО В.Губайдуллина  сынып жетекшілерімен ата-аналармен әлеуметтік серіктестік орнатуға бағытталған жұмыс жүйесін жүргізе отырып, дарынды баланың дамуында ата-ананың ықпалын арттырып, ата-анамен мектеп арасындағы ықпалдастықты күшейтті. Баланың ата-анамен  ғылыми жоба  жүргізуде бірлесе зерттеу жүргізуге, өз жобасын іске асыруда қолдау көрсетуге, әртүрлі деңгейдегі  байқауларға қатысуына қолдау жасауына ықпал етті. Бұл бағыттағы жұмыс ата-анамен мектеп арасындағы ықпалдастықты артттыра келе, ынтымақтастықты өзара сыйластықтың орнауына алып келді. Бұл жүйе дарынды оқушылармен  әріптестерінің  жұмыс жүргізуіне  сынып жетекшілерінің көрсеткен үлкен қолдау жұмысы болды.
   ДҒІЖО  Ә.Байкулова екінші бағытта әдістемелік бірлестік жетекшілерімен  бірлескен жұмыс жоспарын жоспарлай келе, мектепте дарынды баланы дамыту ортасын құруға  бағытталған жұмысты атқарды. Бұл жүйеде мектепте әртүрлі тақырыптық интеллектуалды ойындар, шығармашылық байқаулар мен конкурстар, мектепішілік олимпиадалар, «РISA», «ТIMSS», «PIRLS» байқаулар негізіндегі сынамалар, спорттық жарыстар өткізе отырып, мектепті дамыту жоспарын іске асырды. Оқушылар арасында тұрақты  және жағымды өзара қарым қатынасқа әсер ететін факторларды басшылыққа ала отырып, жұмыс істеу нәтижесінде  мектепте дарынды оқушылар саны артты, бала бойында өзінің жетістікке жетемін деген сенім мен  бәсекелестік орнады. Бұның дәлелі мектептің 2015- 2019 жылдар  аралығындағы дарынды оқушылардың  жеткен жетістіктерінің өсу динамикасынан көруге болады.
Аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жарыстарының жүлдегер оқушыларының үлесі
Табысты мектепке жету жолдары.
 
Мектеп ұжымының бірлесе іс қимыл жасауы, даму жоспарындағы жоспардың іске асуы мектепті 2018-2019 оқу жылының қорытындысымен аудан мектептерінің рейтінгісі бойынша  «Ең үздік мектеп» номинациясы бойынша  4 орынды иеленуі болды. Мектеп өзінің даму жоспарын іске асыруға дейін рейтинг бойынша 37 орынды иеленген еді.
Көшбасшы ретінде мектептің проблемасына ұжымды жұмылдыра отырып, бір бағытта жұмыс жасауға, мектепте кәсіби дамуға  жағымды орта құра отырып,  мектепті табысты мектеп қатарына жеткізуге бағытталған жұмыс жүйесін іске асыра алғаныма дән ризамын. Сондықтан әрбір көшбасшы -мектептің даму жоспарын жасауда, бөлінген көшбасшы идеясын басшылыққа алып, мұғалімдердің кәсіби өсуіне қолдау көрсетіп, бірлесе жұмыс жүргізуге бағыттай отырып, мектепте бала үшін де, мұғалімдер үшін де жағымды орта құруға көңіл бөлуі керек. Бұл іс тәжірбиемізбен облыс көлемінде және аудан көлемінде де іс тәжірбие бөлісу семинарлары өткізілген. Қазіргі күндері республикадағы №27 тірек мектебі ретінде сыртқы қоғамдастықтағы мектептерде ықпалдастық жүргізіп, іс тәжірбие алмасу жүріп отыр.
 


Категория: О школе