» Материалы за Май 2020 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Су айдындарындағы қауіпсіздік

Автор: admin от 29-05-2020, 01:17, посмотрело: 6217

0 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің ата-аралары мен оқушыларға чат арқылы «Су айдындарындағы қауіпсіздік» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Көптен асыға күткен жазғы демалыстар да жақындап келеді. Ал жазғы демалысты су айдынындағы су бүрку және ойын-сауықсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан демалыс қауіпсіз әрі көңілді өтуі үшін суға түсу кезіндегі қарапайым ережелерді әркез есте ұстаған жөн.
Су қалай десек те қауіпті. Өзенде қатты ағыс немесе шұғыл жарқабақ кездесіп, адам аяғына балдырлар оралып немесе күннің көзі басты күйдіріп жіберуі мүмкін.
Ал қауіпсіздік ережелерін сақтасаңыз сіз әрқашан судағы демалысыңызда ешқандай қауіп-қатерсіз жайбарақат сайрандай аласыз.
Сіздердің кейбіреуіңіз жүзу білесіз, алайда бұл сіздің басыңызға қауіп төнбейтінін білдірмейді. Ең бастысы барлық жағдайда ересектердің айтқанын тыңдауды естен шығармаңыз, себебі сіздерді бірінші кезекте қамқорлайтын сол кісілер!
Жағажайда бас киім кию қажет, әйтпесе күн өтуі мүмкін.
Жағажайға ата-аналарыңызсыз немесе ересек аға-апаларыңызсыз бармаңыз. Бір жаққа баратын болсаңыз оларға айтыңыз.
Бұталары мен балдырлары көп және суға апарар жақсы жолы жоқ орындарда суға түспеңіз.
Белгісіз орындарда суға сүңгімеңіз және секірмеңіз – ол жерлерде көзге көріне қоймайтын суда өсетін бұталар мен тастар болуы мүмкін.
Су астында ұзақ сүңгумен және қармаумен байланысты ойындарды суда ойнамаңыз.

Категория: Судағы қауіпсіздік бойынша атқарылған жұмыстар