» Материалы за Июнь 2022 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Жаңартылған білім мазмұны жағдайында білім сапасын басқару.

Автор: admin от 21-06-2022, 05:04, посмотрело: 229

0 Жаңартылған білім мазмұны жағдайында білім сапасын басқару.

Білім сапасын басқару, білім алушымен қарым-қатынасты дамыту, жетістікке жетелеу, тәрбиелі, нағыз патриот етіп тәрбиелеу мектептің ең маңызды миссиясы. Мектептің өз миссиясын орындаудағы ең маңызды дүние: оқыту мен оқу жоғары болуы. Стратегиялық жоспарлауды , яғни МЖ әрбір бөлімнің , бөлімшенің толық тұлғаның рөлін белгілеу, мектептің мақсаты мен міндетін оперативті жоспарлауды белгілеу арқылы белгіленген рөлдерді жұмылдыру- бұл басқару құзыреті. Оқыту мен оқу сапасын арттыру мұғалімдердің кәсіби өсуіне қолдау және дамытуға бағытталған бөлінген көшбасшылықты қолдана отырып, бірлесе оқу коучинг, тренинг, тәлімгерлік, LS үрдісін ішкі кәсіби қоғамдастық аясында іске асырылды. Ішкі қоғамдастықта кәсіби даму мұғалімдердің өз тәжірибелерімен бөліскен авторлық бағдарламалардың жобалардың басылымдардың жариялануына алып келді. Республикалық №27 тірек мектебі болып 2015 жылы белгіленгеннен кейін кәсіби қоғамдастық аясында өзін-өзі дамыта отырып, өзгені дамытуға бағытталған сыртқы қоғамдастықта бөлінген көшбасшылардың жұмыс жүйесі іске асырылды. Үнемі серіктес бірлескен іс-тәжірибе бөлісу, семинар тренингтер, коучингтер

, шебер сыныптар, конференциялар өткізіліп өзін-өзі дамыту арқылы өзгені дамыта отырып, серіктес мектептерді магниттей өзімізге тарта білдік. Кәсіби дамыған , белсенді, жаңашыл ұстаздар білім алушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған интеллектуалды ойындар, байқаулар, конкурстар , жобалар іске асырылды.
2014-2019 жылдарға арналған дарынды баланы тану, дамыту тақырыбындағы МДЖ іске асырлып мектепті табысты мектеп деңгейіне жеткізді. Ғылыми жоба пән олимпиада интеллектуалды жарыстар мен байқаулар баланың дамуына , баланың білім алуына жағдай жасау өз ойы бар пікірі қалыптасқан жан-жақты тұлғаны қалыптастыру нағыз көшбасшының мұрағаты. Табысты көшбасшыларды тағайындайды. Баланы дамытуда ата-ананың қолдауын , дамытуын қалыптастыру мақсатында ата-аналарға арналған ІІ деңгейдегі ТІЖО ата-аналармен бірлескен байқаулар, конкурстар, коучинг, тренингтер мен оқу семинарлары, байқаулар мен жарыстар жоспарланып өткізілді. Бұл жүйе ата-аналардың мектепке деген көзқарасын , баласының дарындылығын дамытуда серіктес болуы өз еңбегін сіңірді. Білім алушылар мен ата-аналарға әлеуметтік қолдау көрсетуде құқықтық ақпараттық қолдауда қамқоршылық кеңестің берері мол болды. Әрбір көшбасшы мектепті табысты мектеп деңгейіне жеткізу. Мұғалім , ата-ана қоғамдастығын нығайта отырып, бірлескен серіктестікке жеткізе отырып табысты мектепке жеткіздім. Көшбасшы ретінде көшбасшыға ең қажетті қасиет құзыреттілік. Басшы ретінде заман ағымына қарай дамуы керектігін түйсіне келе, ҚР жалпы білім беретін басшыларын біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курстан өту жаңа белестерді ашуына мүмкіндік берді. Бағдарлама негізінде бөлінген көшбасшылықты ұтымды пайдалана отырып, мектептегі кәсіби қоғамдастық аясында мұғалімдерді кәсіби дамуымен өсуіне кәсіпкерлігін шыңдауға , бағыттауға жұмысты іске асырдым. Оқыту мен оқу сапасын арттыруға бағытталған бөлінген көшбасшыларға коучинг үдерісі кәсіби оқытуды тәлімгерлік сабақтағы іс-әрекетті зерттеу, сабақты зерттеу жүргізуді іске асыру нәтижесінде мектеп табыстылыққа қол жеткізді. Жүйелік пен ізденіске бағытталған білім беру ұйымын заманауи моделін қалыптастыру үздіксіз тынымсыз қозғалысты жүргізу, оны бағалау , қайта жоспарлау, қайта бағыттау арқасында табысты білім беру ұйымының өзіндік заманауи моделін құрдық.
Көшбасшы-бөлінген көшбасшылардың мұғалімдерге бағытталған кәсіби қолдау үдерісі ұжымның өсуі мен дамуына қол жеткізді. Сапалы жұмыс жүйесі білім алушылардың сапалы білім алу мен жетістікке жетуіне алып келді. Осының айғағы оқушылардың Республикалық , халықаралық, , облыстық , аудандық байқаулар мен олимпиадаларда ғылыми жобадан орын алп, деңгейінің өсуі. Әлеуметтік серіктес ата-анаға үнемі ақпараттық құқықтық психологиялық қолдау жүргізе отырып мектеп өміріне әр түрлі бағыттағы байқаулар мен жарыстар , конкурстар өткізе отырып, әлеуметтік серіктестікке қол жеткіздік. Осы жұмыс нәтижесі 2013 жылдағы аудандағы мектептегі рейтинг көрсеткішіндегі артқы екінші орынның алдыңғы төртінші орынды қол жеткізді. Республикалық №27 тірек мектебі ретінде үздіксіз жұмыс жүйеміз серіктес мектептердің магниттей тартылуымызға алып келді. 2015-2022 жылдар аралығында сыртқы қоғамдастықта жұмыс жүйемізбен таныстырған 6 облыстық семинар өткізілді.
Ендігі жердегі басты мақсат ол-білім сапасын көтеруге бағытталған «Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауды үйрете отырып, сындарлы білім беру арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбындағы 2019-2024 оқу жылдарына арналған МДЖ іске асыру, бағытталған жұмыс жүйесі жоспарланып іске асырылуда. Бұл МДЖ іске асыруда ішкі қоғамдастық пен сыртқы қоғамдастық жұмысын жүйелеу арқылы, мұғалімдердің кәсіби дамуына үздіксіз қолдау керек.
Мен мектеп директоры А.Тұрсынбайқызы 2014 жылы Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарының біліктілігін арттыру бағдарламасын аяқтаған соң, мектептің әлеуметін зерттеу келе, мектепті табысты мектеп деңгейіне көтеруді мақсат еттім. Ауыл баласының бойындағы жетістікке жетуге, үлкен табысқа жетуге болатындығына көз жеткізу бағытталған жұмыс жүйесін құрдым. Мектептің даму жоспары, баланы жетістікке жетелейтін орта құруға, бала бойында өзінің жетістікке жетуіне сенім орнатуға және мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі мықты команда құруға бағытталады.

Категория: О школе

 

Ата-аналар назарына!

Автор: admin от 12-06-2022, 23:51, посмотрело: 153

0
Ата-аналар назарына!
Ата-аналар назарына!

Категория: Информация, Ата-анаға