Автор: admin от 28-06-2021, 01:44, посмотрело: 92
Категория: Түлектер
Автор: admin от 28-10-2020, 04:38, посмотрело: 159
Категория: Түлектер
Автор: admin от 3-03-2020, 01:03, посмотрело: 1260
Еуразия ұлттық университеті - Қазақстанның жетекші классикалық жоғары оқу орындарының бірі. ЖОО-ның бiлiм беру саясаты әлемдiк нарықта бәсекеге түсе алатын жаңа қажеттi технологиялар мен білім, тауар және қызмет саласында білімдері жетік мамандарды даярлауға (өздігінен білім алу дағдыларын қоса алғанда) бағытталған. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аса талап етілетін бiлiм беру бағдарламаларын ұсынады:техникалық, экономикалық, жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық. Білім алу тек күндізгі оқу түрі бойынша жүргізіледі. Дайындық пәндері факультетке байланысты анықталады.
Категория: Түлектер
Автор: admin от 3-03-2020, 00:54, посмотрело: 311
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдаудың қағидалары
Жалпы ережелер
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне қабылдау рәсімі
– Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл;
– әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алуы қажет.
ҰБТ-дан өткен, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) ақылы оқуға ниет білдірген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ нәтижесі бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пән бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.
Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсуші ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) ақылы оқуға ниет білдірген орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша – кемінде 60 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алуы қажет.
Шығармашылық дайындықты талап ететін, ҰБТ-дан өткен, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) ақылы оқуға ниет білдірген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижесі бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде шығармашылық емтиханнан – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.
Білім алудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін бұл адамдар белгіленген мерзімде ҰБТ-ны қайта тапсырады.
1 (бірінші) академиялық кезең аяқталғаннан кейін тапсырған ҰБТ нәтижесі бойынша аталаған Ереженің 4 тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдар ЖОО-дан шығарылады.
Категория: Түлектер
Автор: admin от 3-03-2020, 00:36, посмотрело: 358
Категория: Түлектер