» » Дұрыс тамақтану

 
 
 

Дұрыс тамақтану

Автор: admin от 1-06-2020, 23:29, посмотрело: 320

0

Оқушылардың дұрыс тамақтануы — маңызды мәселе

Мектеп жасындағы балалардың тамақтануында әр мәселенің маңызы бар, себебі балалық шақта адамның ақыл-ойы мен денесінің бүкіл өмірлік қорының іргетасы қалыптасады, ал тағам — бұл үшін қажетті қуат пен заттектердің алынатын жалғыз қайнар көзі. Ұрпағымыздың сау, ақылды және белсенді болып өсуіне көмектесу мақсатында оқушының жасына байланысты физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыратын дұрыс тамақтануды қалай ұйымдастыруға болады?
Дұрыс тамақтанудың алғашқы ұстанымдарының бірі — тамақтану тәртібін сақтау. Тамақты ұдайы белгіленген бір уақытта ішу қажет. Тамақтану тәртібінің болмауы ас қорыту ағзаларының жұмысын қиындатады
.  
Оқушылардың тамақтану тәртібі оқу жүктемесіне, спорт секциялары мен үйірмелерге байланысты.. Қандай жағдайда болсын, 4-5 реттік тамақтану ұсынылады: үш негізгі тамақ ішу (таңғы, түскі және кешкі ас)
.Өкінішке қарай, көптеген балалар таңғы асты дұрыс ішпестен, мектепке жүгіріп кетеді. Бұл — тамақтану тәртібінің өрескел бұзылысы, баланың денсаулығына әсер етуімен қатар оның жұмысқа қабілетін де төмендетеді, мектептегі оқу материалын игеруді қиындатады. Таңғы ас күні бойғы сергектікке ықпал етеді. Оқушының таңғы асы жеткілікті тойымды болуы қажет және ірімшік, жұмыртқа тағамдары немесе ботқа ұсынылады. Тамақ ішу аралықтары 2,5-3 сағатты құрауы тиіс.

Дұрыс тамақтану

 

Дұрыс тамақтану

 

Дұрыс тамақтану

 

Дұрыс тамақтану

 


 

Категория: Ыстық тамақпен қамту

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.