» Материалы за Март 2021 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"Наурыз - мәңгілік ел салтанаты"

Автор: admin от 29-03-2021, 23:45, посмотрело: 178

0 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жыл толуына орай келіп жеткен Наурыз мейрамына байланысты бастауыш сыныптар арасында "Наурыз - мәңгілік ел салтанаты" атты бірыңғай ашық сабақтар өткізілді.
Наурыз мейрамы құтты болсын!!!!
#дулати_орта_мектебі
#дулатиортамектебі

Категория: Рухани Жанғыру

 

"Ұлттық ойын - ұлт игілігі"

Автор: admin от 29-03-2021, 23:42, посмотрело: 165

0 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде Тәуелсіздігіміздің 30-жылдығына орай 8-14 жас аралығындағы оқушылар арасында "Ұлттық ойын - ұлт игілігі" атты ұлттық ойындар арасынан қазақша күрестен мектепшілік жарыс өтіп оқушылар жүлделі орындарға ие болды.
Түйе Палуан жарысында Аралбек Санжар - І орын Асанқұл Мейіржан - ІІ орын
Калиев Нұрым - ІІІ орын.
дәл осындай мәтінде кіші бота Палуанда жеңіске жеткен 50 кг нан төмен жас өспірімдер арасында топты жарып шыққан,
Панарбек Ернұр - І орын
Максет Аманжол ІІ орын
Молдаш Бекзат - ІІІ орынға ие болды.
Жеңіс құтты болсын Палуандар!!!!
#дулати_орта_мектебі

Категория: Рухани Жанғыру

 

«Елбасы медалі»

Автор: admin от 29-03-2021, 23:41, посмотрело: 165

0 Бүгін білім бәйгесінде оза шауып, үздіктердің қатарынан көрінген 7 оқушыны қабылдап, Елбасы медалін табыс еттім.
Біз үшін жастармен жүздесіп, пікір алмасатын әрбір кездесудің маңызы ерекше. Ал бүгінгі кездесудің мәні тіптен бөлек деуге болады. Біз әлемнің жаңа талаптары мен сұраныстарына лайықты жауап беруіміз керек. Ол үшін Тәуелсіз еліміздің жаңа буын жастары, білімді әрі талапты болулары керек. Ата-бабаларымыз ғылым-білімнің тек оқу арқылы табылатынын өсиет етті. Ауданымыздың оқушылары республика бойынша алдыңғы қатардан көрінуі – біз үшін үлкен мәртебе. Оқушыларды осылай тәрбиелеген ата-аналарына, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына ерекше алғысымды білдіремін!

Категория: Рухани Жанғыру

 

"ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ"

Автор: admin от 29-03-2021, 23:37, посмотрело: 142

0 Шу ауданының әкімі Календеров Нұржан Сәбитұлы және білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мубарак Қасымқызы "ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ" бағдарламасының жеңімпазы 9 "А" сынып оқушысы Аширова Аиданы «Елбасы медалі» төсбелгісін табыстап жатқан сәтінен үзінді.
Аида жеңіс құтты болсын!!!!
YouTube каналынан көріңіздер: https://youtu.be/W8txoFrgt_Q
#дулатиортамектебі

Категория: Рухани Жанғыру

 

"Наурыз - мәңгілік ел салтанаты"

Автор: admin от 29-03-2021, 23:36, посмотрело: 151

0 < Ұлыстың ұлы күні - Наурыз> Наурыз мейрамы -ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы .Қазіргі күнтізбе бойынша 《наурыз 22》 күні мен түннің теңесуі кезінен келді.Наурыз - Түркі тайпаларының мүшел есебі бойынша жыл басы саналатын бірінші ай,ойын- сауық және наурыз көже жасау мерекесі.Бұл күні қазақтар да наурыз жырын айтып,наурыз тойын өткізді.1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін құрылған Кеңес өкіметі бұл мерекені діни кертартпа рәсім деп тауып 1926 жылдан ресми тойлауға тыйым салды. Қазақ халқы Наурыз өткен ғасырларда өте үлкен мейрам ретінде дабырлы өткізген. Осы кезде оның дәстүрлі әдебиеті мен мәдениеті әдет - ғұрып ,салт -санасы ,өткен тарихы , бүгінгі мен болашағы көгенкөз жас буын ұрпаққа үгіттеліп отырған.Мектеп кітапханасында 10 сыныптар арасында "Наурыз - мәңгілік ел салтанаты" атты іс- шара ұйымдастырылып, оқушыларға слайд арқылы мәлімет беріліп және көрме көрсетіліп, оқушылар өз ойларын жеткізе білді!
Кітапханашылар: Ж.Алкибаева
Г.Тойлыбаева
#кітапкөрме
#наурыз

Категория: Информация.

 

«Елбасы медалі»

Автор: admin от 29-03-2021, 23:34, посмотрело: 330

0 Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Шу ауданының әкімі Календеров Нұржан Сәбитұлы және білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мубарак Қасымқызы "МЕДАЛЬ ЕЛБАСЫ" бағдарламасының жеңімпазы 9 "А" сынып оқушысы Аширова Аида «МЕДАЛЬ ЕЛБАСЫ» төсбелгісін табыстады. «Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді.
Аида жеңіс құтты болсын!!!!
Шу ауданының білім бөлімі

Категория: Рухани Жанғыру

 

"Мен ұлттық киіміммен мақтанамын"

Автор: admin от 29-03-2021, 23:31, посмотрело: 158

0 Мұхаммед Хайдар Дулати
атындағы орта мектебінің ұстаздары ұрпақтар бойында ұлттық руханиятты сіңіруге бағытталған Шу ауданының білім бөлімінен бастау алған "Мен ұлттық киіміммен мақтанамын" атты челенджін жалғастыруда...
Наурыз мерекесі құтты болсын!!!!
Шу ауданының білім бөлімі
#наурыз
#менұлттықкиімімменмақтанамын
#дулатиортамектебі

Категория: Рухани Жанғыру

 

"Әулие-Ата өңіріндегі ашаршылық"

Автор: admin от 18-03-2021, 23:40, посмотрело: 161

0 Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері Байқұлов Тұңғышбек Сейсенұлының "Әулие-Ата өңіріндегі ашаршылық"атты кітабының ll-томы жарыққа шықты.

Категория: Рухани Жанғыру

 

ЗАЧИСЛЕНИЕ В 1 КЛАСС

Автор: admin от 18-03-2021, 23:39, посмотрело: 150

0 ЗАЧИСЛЕНИЕ В 1 КЛАСС ЧЕРЕЗ ПОРТАЛ EGOV.KZ

В соответствии с Приказом министра образования и науки Республики Казахстан № 264 от 24 июня 2020 года и Постановлением акима Жамбылской области №2 от 6 января 2021 года прием документов в 1 класс на 2021-2022 учебный год стартует 1 апреля 2021 года через портал EGOV.KZ электронного правительства.
Родителям необходимо зайти в личный кабинет раздела «Образование» и перейти в раздел «Среднее образование». Далее достаточно выбрать услугу « Прием документов и зачисление в организации образования» и подать заявление с приложением необходимых документов.
Заявки в первый класс принимаются с 1 апреля по 1 августа текущего года.
Организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального образования, обеспечивают прием в первый класс детей шести лет и детей, которым в текущем календарном году исполняется шесть лет, с обеспечением доступа всех детей, проживающих на территории обслуживания организации образования, независимо от уровня подготовки.
Документы, необходимые для зачисления детей в первый класс:
* Заявление от родителей (или лиц, их заменяющих);
* Копия свидетельства о рождении ребенка;
* Справка о состоянии здоровья (медицинский паспорт);
* Документ о состоянии здоровья по форме 063 / у;
• 3*4 2 фото.











11












Категория: ---

 

1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ

Автор: admin от 18-03-2021, 23:37, посмотрело: 140

0 1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ EGOV.KZ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 264 бұйрығы және Жамбыл облысы әкімінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №2 қаулысына сәйкес 2021-2022 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы жүзеге асырылады.
Ата-аналарға порталдың «Білім» бөлімінен «Орта білім» бөліміне өту қажет. Ары қарай «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» қызметін таңдап, қажетті құжаттарды қоса жолдай отырып өтініш беру жеткілікті.
Бірінші сыныпқа өтініштер ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін қабылданады.
Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:
• Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан);
• Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
• Денсаулығы туралы анықтамасы (медициналық паспорт);
• 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
• 3*4 2 фотосурет.

Категория: Рухани Жанғыру

 
Назад Вперед