» Материалы за Октябрь 2020 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің түлектерінің құттықтауы! Бұтақбаева Манат Бутабаева Далила

Автор: admin от 28-10-2020, 04:38, посмотрело: 159

0 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің түлектерінің құттықтауы! Бұтақбаева Манат
Бутабаева Далила
Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.

Категория: Түлектер

 

Ұстаз — осы білімге, мәдениет пен әдебиетке жетелейтін бірден бір тұлға

Автор: admin от 21-10-2020, 01:34, посмотрело: 159

0 Ұстаз — осы білімге, мәдениет пен әдебиетке жетелейтін бірден бір тұлға. Ұрпақ тәрбиесінде мұғалімнің таланты, біліктілігі және жауапкершілігі, адами қасиеттері өте маңызды рөл ойнайды, өйткені ол — шәкірт үшін айна сияқты. Ұстазы жақсының шәкірті үздік. Бұл — айнымас аксиома. Бала білімді өз бетінше кітаптан оқып та үйрене алады, ал бірақ тәрбиені өз бетінше ала алмайды, өнеге мен үлгі, құрмет сияқты ізгі қасиеттер — ата-анадан қан арқылы дарыса, ұстаздан тәлім арқылы жұғады.
Мереке құтты болсын!!!
Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебі оқушыларының құттықтауын қабыл алыңыздар!

Категория: Информация

 

ұстаздар мерекесі

Автор: admin от 21-10-2020, 01:32, посмотрело: 233

0 Құрметті ұстаздар, қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз! Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.100 жасаңыздар!!! МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН!!!
Ізгі тілекпен Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің 2020-2021 оқу жылының түлектері, 11 сынып оқушыларынан!❤️❤️❤️
*****

Категория: ---

 

"Мектебің алтын уяң жарқыраған, Ұстазың - бұлақ көзі сарқыраған"

Автор: admin от 21-10-2020, 01:29, посмотрело: 282

0 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің аясында онлайн форматта, яғни Whatsapp желісі арқылы 8-11 сынып қыздары арасында Қыздармен жұмыс жоспарына сәйкес қашықтықтан "Ерте жүктіліктің қауіпі" тақырыбында жиналыс өткізілді.Жиналыс барысында ерте жүктілік бойынша бейнероликтер ұсындық және де мектептің психологтары Ж.Дошжуманова мен С.Болатбек қыздарға психопрофилактикалык түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Қыздардың тарапынан да өз пікірлерін айтып отырды.
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі

Категория: ---

 

"Мектебің алтын уяң жарқыраған, Ұстазың - бұлақ көзі сарқыраған"

Автор: admin от 21-10-2020, 01:27, посмотрело: 740

0 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің қазақ тілі пәні бірлестігі Ұстаздар мерекесіне орай "Мектебің алтын уяң жарқыраған, Ұстазың - бұлақ көзі сарқыраған" тақырыбында 8-10 сынып оқушылары арасында онлайн эссе жазу байқауын өткізді.

Категория: ---

 

"Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі"

Автор: admin от 21-10-2020, 01:26, посмотрело: 162

0 11-қазан қыздар мерекесіне орай "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" тақырыбында жасалған онкүндіктің жоспарына сәйкес "Мен қандай ана боламын" атты көрме жұмыстарын технология пәні мұғалімі С.Тоқтарбаева ұйымдастырып өткізді.Оқушылардың онлайн форматта жасалған жұмыстарынан бейнекөрме жасап, сіздерге ұсынамыз.Қабыл алыңыздар.

Категория: ---

 

"Ұстаз—мектептің жүрегі"

Автор: admin от 21-10-2020, 01:24, посмотрело: 235

0 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Ахметова Маликаның сынып жетекшілігімен 6 "Ә" сынып оқушыларының қатысуымен ұстаздар күніне орай "Ұстаз—мектептің жүрегі" атты сынып сағаты, қазіргі болып жатқан жағдайға байланысты қашықтықтан өткізілді.
Сынып сағатымыздың мақсаты: ұстаздар күні-бұл дәстүрлі әрі бүкілхалықтың мерекесі. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған. Сондықтан да осы ұлы мамандық иелеріне сынып сағатын арнап, төл мерекелерімен құттықтау, ұлы мамандыққа бас ию, құрмет көрсету болды. А. Байтұрсынұлы "Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігін болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді"-деген."Мұғалім мамандығы-барлық мамандықтың анасы" демекші,ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Құрметті ұстаздар сіздерді шын жүректен төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз!!!

Категория: ---

 

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуына жол бермеуы туралы мәлімет

Автор: admin от 8-10-2020, 09:20, посмотрело: 281

0

«Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебі» КММ

 Қашықтықтан  ата-аналар жиналысы өткізілді

 

Хаттама №1

Күні: 28.09.2020 ж

Сыныптар: 1-11 

Қатысқаны:184

Қатыспағаны:28     

 

Тақырыбы: «COVID-19 короновирустық инфекциясының  таралуына жол бермеуы»

Күн тәртібінде:

  1. COVID-19 короновирустық инфекциясының  таралуына жол бермеуы
  2. Ағымдағы мәселелер

 

Тыңдалды:

         Ата-аналар жиналысы дистанционды түрде «ZOOM» платформасы арқылы өтті. 

    

Бірінші мәселе бойынша сөз алған мектеп директоры: А.Жандабаева. Ол өз сөзінеде COVID-19 короновирустық инфекциясының  таралуына жол бермеуы туралы айтты. Мектебімізде  COVID-19 короновирустық инфекциясының  таралуына жол бермеу мақсатында және 2020-2021 оқу жылындағы санитарлық эпидемиологиялық сақтық  шараларын  ҚР БҒМ 13.08.2020  жылғы №345  бұйрығы негізінде  жүргізу мақсатында  мектептегі 14 кезекші сыныптардың қауіпсіздік шаралары бойынша аудан тарапынан 623.040 тг.  суммаға сантайзерлер - 118 дана, 49.250 тг. суммаға сақтық кілемшелері -5 дана, 60.000 тг. суммаға кварцтау  шамдары – 2 дана, 40.000 тг. суммаға тепловизор – 2 дана берілді және демеушілікпен 20.000 тг. суммаға сақтық кілемшелері -5 дана, 34.500 тг. суммаға кварцтау  шамдары – 5 дана, 39.000 тг. суммаға тепловизор – 5 дана  сатып алынды. Бүгінгі күні мектепте  сыныптарға  кіру 5 есік арқылы  қашықтық шараларын  сақтау арқылы жүргізіледі.

Екінші мәселе «Ағымдығы мәселелер» (Оқушының тәртібі, қашықтықтан оқытуда оқушының таза, ұқыпты киінуін қадағалау,сабаққа қатысуы, мектеп ережелерін сақтауы Kundekik.kz») қарастырылды, «Kundekik.kz»  мәселесіне ерекше тоқталып, ата-аналарды күнделіктің функцияларымен таныстырып,  қалай дұрыс жұмыс жасау керектігін түсіндірді. Ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылды. Мысалы: кейбір ата-аналарда интернет желісі нашар екендігі, Дарын  платформасымен жұмыс істеу қиынға соққандығы айтылды.

 

 Ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылды.  Мысалы: кейбір ата-аналарда интернет желісі нашар екендігі,  Дарын платформасымен жұмыс істеу қиынға соққандығы айтылды.

 

 

Шешім қабылданды:

  1. Барлық санитарлық эпидемиологиялық сақтық шаралары сақталынсын.
  2.  Оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шаралар жоспары санитарлық эпидемиологиялық талаптарға сәйкес қатаң бақылауда болсын.

 

 

                                      Мектеп директоры:                    А.Жандабаева

                                      Хатшы:                                       М.Ахметова              

 

Категория: Информация

 

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуына жол бермеуы туралы мәлімет

Автор: admin от 8-10-2020, 06:35, посмотрело: 272

0

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде

COVID-19 короновирустық инфекциясының  таралуына

жол бермеуы туралы мәлімет

 

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы  орта мектебінде COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында және 2020-2021 оқу жылындағы санитарлық эпидемиологиялық сақтық  шараларын  ҚР БҒМ 13.08.2020  жылғы №345  бұйрығы негізінде  жүргізу мақсатында  мектептегі 14 кезекші сыныптардың қауіпсіздік шаралары бойынша аудан тарапынан 623.040 тг.  суммаға сантайзерлер - 118 дана, 49.250 тг. суммаға сақтық кілемшелері -5 дана, 60.000 тг. суммаға кварцтау  шамдары – 2 дана, 40.000 тг. суммаға тепловизор – 2 дана берілді және демеушілікпен 20.000 тг. суммаға сақтық кілемшелері -5 дана, 34.500 тг. суммаға кварцтау  шамдары – 5 дана, 39.000 тг. суммаға тепловизор – 5 дана  сатып алынды.

Бүгінгі күні мектепте  сыныптарға  кіру 5 есік арқылы  қашықтық шараларын  сақтау арқылы жүргізіледі.


Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде COVID-19 короновирустық инфекциясының  таралуына  жол бермеуы туралы мәлімет

 

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде COVID-19 короновирустық инфекциясының  таралуына  жол бермеуы туралы мәлімет

 

Категория: Информация