» Материалы за Июнь 2021 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

ДОСТЫҚ

Автор: admin от 28-06-2021, 01:47, посмотрело: 91

0 25-ші маусым күні Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде "Достық" сауықтыру лагерінің жабылу рәсімі өткізілді. Концерттік бағдарлама болған соң, оқушылар би алаңына барып би биледі. Соңында түскі ас беріліп, балалар лагерьмен биылдыққа қоштасып, фотосессия жасады. Осы лагерьдегі балаларға демеушілік жасап, өз қамқорлығын көрсеткен демеушілерге үлкен алғысымызды білдіреміз! Келесі кездескенше, сау саламатта болыңыздар!

Категория: Рухани Жанғыру

 

ДОСТЫҚ

Автор: admin от 28-06-2021, 01:46, посмотрело: 176

0 Жазғы демалыс маусымы- балалар үшін ерекше қуанышты сәт. Балалардың демалысын тиімді өткізу және оларды лагерьмен қамту жыл сайын дәстүрге айналған шара. 2021 жылдың 16 маусым күні , «ДОСТЫҚ" атты мектепішілік жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты өткізілді.
Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру , денсаулықтарын нығайту және шынықтыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру көзделді .

Категория: Рухани Жанғыру

 

"Тәуелсіздік ұландары"

Автор: admin от 28-06-2021, 01:44, посмотрело: 92

0 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік ұландары" атты аттестат тапсыру салтанатты жиыны ашық аспан астында, мектеп ауласында 2021 жылдың 12-ші маусым күні өтті. 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балалар, бүгін таудай болып үлкен өмірге қадам басып, аттестаттарын қолдарына алды. Жалпы орта мектепті 22 оқушы аяқтады. Алтын белгі иегері Олейникова Милана.
Алдағы үлкен сын ҰБТ жоғары ұпай алуларына тілектеспіз.Түлектеріміздің әрбір басқан қадамдары нық, сапарлары сәтті, өмірде табысты болсын. Қалаған оқу орнына түсіп, грант иегері атанып, мықты маман иесі болыңдар.
Сәт сапар, Жас түлек-2021!!!

Категория: Түлектер

 

"құқықтық кеңес бұрышы"

Автор: admin от 28-06-2021, 01:43, посмотрело: 182

0 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде жаз мезгілінде оқушылар мен ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықтық көмек беруге бағытталған "құқықтық кеңес бұрышы" жұмыс жүргізеді.
Әрбір оқушы және әрбір ата-ана құқықтық сұрақтары бойынша кеңес ала алады. Кеңес алу сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің 1қабаттағы 0 кабинетте орналасқан.

Категория: Информация

 

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ бұрышы

Автор: admin от 28-06-2021, 01:36, посмотрело: 113

0 ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті ата-аналар! Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде арнайы ата-аналар үшін ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ бұрышы жұмыс жасайды. Интернет желісіне қосылған. Қызмет алу түрілері (ЭЦП, АНЫҚТАМАЛАР т. б )
#дулати_орта_мектебі

Категория: Рухани Жанғыру