Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"Елбасы - ел тірегі"

Автор: admin от 15-03-2022, 00:32, посмотрело: 198

0 1-желтоқсан Президент күні мерекесіне орай Тәуелсіздіктің 30-жылдығымен тұспа тұс келген мерекемізге, бастауыш сыныптары "Елбасы - ел тірегі" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Категория: Рухани Жанғыру

 

Тұңғыш президент күні.

Автор: admin от 15-03-2022, 00:30, посмотрело: 160

0 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні. Қазақ халқы үшін еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны бөлек. Бұл мерекенің 1 желтоқсан болып таңдалу себебі де ерекше, өткен күндерді еске алатын болсақ, 1991 жылдың 1 желтоқсан күні бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде қазақ елінің тұнғыш президенті сайланып, ұлт тарихында жаңа өзгерістер бастау алды. Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен елімізде түрлі іс шаралар, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалар жүзеге асты. Елбасымыздың тарихын оқушылар біле жүрсін деп Елбасы туралы көрме ұйымдастырылды.

Категория: Рухани Жанғыру

 

"Адамға қуаныш сыйла"

Автор: admin от 15-03-2022, 00:24, посмотрело: 80

0 Мұхамед Хайдар Дулати орта мектебінде 29 қазан "Қамқоршы" күні мерекесіне орай "Адамға қуаныш сыйла" атты кездесу өткізілді. Мектеп директоры Жандабаева Ақмарал Тұрсынбайқызы мен әлеуметтік педагог Мамешова Рахима Әуесбекқызы және де сынып жетекшілері мен бірге отырып ,қамқоршыларға алғыс білдіру ,құттықтау , құрметтеу ,жетім және қамқорлыққа алынған балалардың құқықтарын қорғау мақсатында қамқорлықтағы балаларды мерекелері мен құттықтай отырып сыйлық тарын табыс етті.

Категория: Рухани Жанғыру

 

«Кемелді келешекке-кемеңгер Елбасымен»

Автор: admin от 15-03-2022, 00:22, посмотрело: 112

0 Мухаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде «Кемелді келешекке-кемеңгер Елбасымен» тақырыбында «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына оқушылар қабылданды.Мектеп қабырғасындағы үздік,белсенді окушылар ұйымға мүшелікке өтіп, «Жас Ұландықтармен», «Жас Қырандықтардын» катарын толыктырды.Іс- шара «Жас Ұландыктардын» әнұранымен басталып белсенді окушылар ұран сөздерін айтып ант қабылдады. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мақсаты өскелең жас ұрпактың бойына патриоттық сезім мен білім аркылы өзін-өзі дамыта отырып, Отан суйгіштікке баулу болып табылады.Мектеп қабырғасынан белсенді үздік оқушыларымыздың 20 окушысы «Жас Ұлан»,20 окушы «Жас Қыран» ұйымына кабылданды.

Категория: Рухани Жанғыру

 

"Тәуелсіздіктің 30 жылдығына - 30 қарағай"

Автор: admin от 15-03-2022, 00:18, посмотрело: 69

0 Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына байланысты, "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына - 30 қарағай" атты күзгі көгалдандыру акциясына Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің биылғы түлектеріміз, 11сыныптар Аналар бағына 30 ағаш екті. Болашақтарыңнан зор үміт күтеміз Түлектер!

Категория: Рухани Жанғыру

 

«Қазақстан халқы тілдері күні»

Автор: admin от 15-03-2022, 00:10, посмотрело: 75

0 Ұлт мақтанышы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасы халқының «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне іс-шара жоспары бекітілді.Бекітілген жоспарда мектеп кітапханашысы Алкибаева А.А. мен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Букенова Д.М. «Ахмет Байтұрсынов-қазақ тілтану ғылымының атасы» атты дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шарада оның өмірі мен шығармалары насихатталды. Дөңгелек үстелге 10 сынып оқушылары қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты: қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу. Ахмет Байтұрсыновтың өмірі жайында біраз мағлұмат беріп, өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, Байтұрсынұлының саяси қызмет жолы мен қазақ тіліне қосқан үлесі жайында сөз қозғалды.

Категория: Рухани Жанғыру

 

"Мектепке барар жол"

Автор: admin от 15-03-2022, 00:08, посмотрело: 77

0 "Мектепке барар жол" акциясы аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балалардың сабақтан қалмауын қадағалап, мейірімді, жомарт жандармыз қол ұшын созып, көмектерін тигізуде... Бірлік ауылының Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің ұжымы аз қамтылған көп балалы отбасынан шыққан 10оқушыға 80.000 теңге көлемінде мектеп формасы, спорттық киімдер, оқуға қажетті оқу құралдарына қайырымдылық көмек көрсетті. Бұл іс-шараға Бірлік ауылдық округінің әкімі Е.Қосаховта 8 оқушыға мектепке керекті киім-кешек, мектеп құралдарын әр балаға 12.000 теңге көлемінде көмек көрсетті.
Балаларға қуаныш сыйлап, қайырымдылық жасағандары үшін мектеп ұжымы мен ата-аналар алғыс білдіруде!

Категория: Рухани Жанғыру

 

«Денсаулық күні»

Автор: admin от 15-03-2022, 00:05, посмотрело: 66

0 7 қыркүйек Денсаулық күніне орай спорттық іс-шаралардың жоспары жасалынып, бекітілді. Екі ауысымда қамтылып, спорттық іс-шаралар барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, өткізілді. «Денсаулық күні» оқушылардың спорттық жаттығуларымен басталды.

Категория: Рухани Жанғыру

 

«Тәуелсіздік жетістіктері!»

Автор: admin от 15-03-2022, 00:00, посмотрело: 75

0 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде, санитарлық талаптарды сақтай отырып,
1-қыркүйек Білім күні мерекесіне орай
1,11- сынып оқушыларына «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілсе, ал 2-10 сынып оқушыларына «Тәуелсіздік жетістіктері!» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

Категория: Рухани Жанғыру

 

Жолдау

Автор: admin от 14-03-2022, 23:59, посмотрело: 75

0 2021 жылдың 1 қыркүйек күні сағат 11:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Жолдауды мектебіміздің директоры Жандабаева Акмарал Тұрсынбайқызы бастаған ұжымымыз бірауыздан карантиндік талаптарды сақтай отырып, тікелей эфирден тыңдады.

Категория: Рухани Жанғыру

 
Назад Вперед