» Последние публикации на сайте

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Өрлеу

Автор: admin от 20-06-2019, 23:06, посмотрело: 81

10

Категория: Информация.

 

Психологиялық кеңес беру айлығы

Автор: admin от 16-06-2019, 23:39, посмотрело: 80

10

Психологиялық    қызметтің ерекше білім беруді  қажет ететін \үйде оқытылатын\ оқушылармен   жүргізілген жұмыстың  қорытынды есебі

     Мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс жоспары жыл басында бекітілген.  Мектепте үйде оқытылатын 6 оқушы анықталынды.Олар:

<!-- [if !supportLists] --> 1.      <!-- [endif] --> Попов Кирилл    10 г сынып

<!-- [if !supportLists] --> 2.      <!-- [endif] --> Балаяев Тахир 9 в сынып

<!-- [if !supportLists] --> 3.      <!-- [endif] --> Каркота Артем 7 всынып

<!-- [if !supportLists] --> 4.      <!-- [endif] --> Жантай  Бекжан 7 а  сынып

<!-- [if !supportLists] --> 5.      <!-- [endif] --> Алиева Гуля 6 в сынып

<!-- [if !supportLists] --> 6.      <!-- [endif] --> Әділхан Санжар 5 а сынып

     Денсаулығына байланысты үйде оқытылатын  оқушыларды оқу жылының басынан жұмыс жүргізіліп отырады.Қыркүйек  айында  үйде оқытылатын оқушыларға және ата- аналарына психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Менің жанұям- менің қорғаным!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге үйден оқытылатын оқушылар ата-аналарымен қатысып, бірлесе жұмыс жасады. Дөңгелек үстел барысында «Пілдің аяғы», «Әр елдің сәлемдесуі», «Жүрекке жан бітіреміз» жаттығулары орындатылды.Балалар өздерін еркін сезініп, сыныптастарымен де кездесті. отбасы мүшелерімен бірлесе орындаған тапсырмалардың қаншалықты қызықты екенін айтып, өз ойларымен де бөлісті.


Қазан айында үйде оқытылатын оқушылардың ата-аналарына психологиялық кеңес берілді.Мектепте үйде оқытылатын 6 оқушының ата- анасына балаларының танымдық іс- әрекетінің ерекшеліктеріне (ойлау, есте сақтау,зейін) байланысты жаттығу жұмыстары жүргізілді.

 Психологиялық кеңес беру барысында «Мен» тұжырымдамасын айқындауға, өзін- өзі тануға, өзгелермен жылы қарым- қатынас орнатуына байланысты жұмыстар жүргізілді.Оқушылар белсене қатысып,  тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.

Кемшіліктері:Тахир бір сөзді көп қайталайды, Санжар тез жалығады, басқа іс-әрекетке көңілі ауып кетеді.


Қараша айында «Жақсы көңіл- күй жан азығы» тақырыбында ата- аналармен тренинг ұйымдастырылды. Тренинг барысында «табысты күн», «Дыбыстық жаттығу», «Менің жан дүниемнің гүл бағы» және тағы да басқа жаттығулар орындатылды. Тренинг соңы релаксациялық жаттығулармен аяқталды.

           

Желтоқсан айында әр оқушы сыныптармен бірге жаңа жылдық іс- шараға қатысып, өз өнерлерін көрсетті, ал пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігі тарапынан сыйлықтар ұйымдастырылды.

Қаңтар айында үйден оқытылатын оқушылардың үйлеріне барып «Мен ғажаппын-ойын- пантомимикасы» жаттығуы орындатылды.

Мақсаты: бұл ойын баланың мінез- құлқын эмоция арқылы танып білуін көздейді. Мысалы: балаға түрлі мимикамен түсіндірітін түрлі тапсырмалар беріледі. Жанұя мүшелерінің көмегімен музыканың сүйемелдеуімен өздері құрастырған сюжетті  көрсетеді.Жаттығу барысында оқушылар қызуғышылық танытты.

Ақпан айында «Өз есіміңді ерекше ата» тақырыбында қарым- қатынасты дамытуға арналған жаттығу жұмыстары жүргізілді. Мақсаты:  баланың өзіне деген сенімділігін қалыптастыру. Мысалы: балаға   өз есімін айтқанда қандай сезімде болды, сол туралы айтқызу. Жаттығу барысында балалар суреттер арқылы сөйлем құрағанды үйренді.

Наурыз айында «Мен және менің анамның қолы», «Көліктер жаттығуы», «Отбасы суреті» арттерапия өткізілді. «Көліктер»  жаттығуының мақсаты:  ата-ана мен бала арасындағы физикалық контактіні реттеу, тактильді түйсіктерді дамыту болып табылды. Барысы оқушы өз обасының бір мүшесімен бірлесе көлік пен көлік жүргізушісінің рөлін сомдайды. Бұл жаттығуға Тахир мен інісі, Санжар мен ағасы белсенділік танытты. Сонымен қатар аудандық «Жұлдыз- ай» фестивальіне Алиева Гуля қатысып, өз өнерін көрсетіп, алғыс хатпен марапатталды. 

Сәуір айында «Күн шуағы», «Менің қазіргі отбасым» тақырыбында тренинг өткізіліп, коллаж жасады. Коллажды отбасы мүшелерімен бірлесе жасап, қандай сезімде болғандарын жеткізе білді.

Категория: Психолог кеңесі

 

Психологиялық кеңес беру айлығы

Автор: admin от 7-06-2019, 00:58, посмотрело: 70

5 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектеп психологтарының
2018-2019 оқу жылындағы «Қыз Жібек» қыздар клубының атқарылған жұмыстарының есебі
Тәрбие берудің негізгі бағыттарымен ұстанымдарын ескере отырып, қыз баланы тәрбиелеудің басты мазмұнына сай «Қыз Жібек» қыздар клубы құрылып, мектепішілік бұйрық шығарылып, бағдарламасы жасалынып бекітілді. Мақсаты: мектептегі әрбір қыз баланы ибалылық сақтауға баулу, адамгершілік, имандылық, эстетикалық тәбие беру және балаларды ерте жүктіліәктен сақтандыру. Мектеп бойынша 8-11 сыныптарда «Қыз Жібек» қыздар клубына 71 қыз бала тартылған.
Қыркүйек айында жоспарға сәйкес ДТІЖО А.Багимбековамен бірге қыздармен жиналыс ұйымдастырылып, қыздар арасында төрайымы сайланып, жоспармен таныстырылды.
Аудандық «Болашақ» жастар денсаулық сақтау орталығымен бірлесіп «Репродуктивті денсаулықтың маңызы мен өзектілігі» тақырыбында қыздармен ашық түрде дөңгелек үстел ұйымдастырылып қыздарға кеңес берілді.

Қазан айында Халықаралық қыздар күніне орай мектептегі қыз балалардың аналарымен кездесу өткізілді. Кездесу барасында ана-аналарға балаларымен қарым- қатынас жасаудың ерекшеліктері мен қиындықтары туралы кеңес беріліп, жаднама таратылды.

Қараша айында қыздармен «Тазалық, тәртіп –басты міндет» тақырыбында қыздардың гигиеналық тазалық туралы әңгіме жүргізілді.

Желтоқсан айында «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыста мектеп психологтары қыздарға жеке кеңес жүргізіліп, видеороликтер көрсетілді.
6 желтоқсан күні аудандық білім бөлімінің хатына сәйкес ерте жүктіліктің алдын алу бойынша қыздармен жоспрадан тыс жиналыс ұйымдастырылды. Жиналысқа аналар кеңесінің төрайымы Сагындыкова Гүлбаршын Ашимбековна, Джамангараева Назира, мүшесі-Грибенюк Татьяна Ивановна,ауылымыздың акушер- медбикесі- Сатылганова Айгуль, «Жастар» орталығының қызметкері: Аралбек Асем Досымхановна қатысып өз ойларымен бөлісті.Сондай- ақ мектеп психологтары баяндама оқып, ерте жүктілік тақырыбында слайд көрсетті, қыздарға арналған жаднамалар таратылды. Тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, қыздармен сұхбат жүргізілді. Кездесу соңы «Түймедақ» әдісімен қорытындыланды.






25.01.2019 жылы «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбында 5-6-7 сынып қыздар арасында байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: Қыз балалар тәрбиесін, қыз баланың әдептіліктің, әдеміліктің, сұлулықтың жаршысы екенін түсіндіру. Қыз балалардың бойындағы әдемілік пен әсемдікті көрсету, сұлулықтың жаршысы екенін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған сайысқа әр сыныптан бес қыздан қатыстырылды. Барлығы 11 сынып қамтылды. Сайыс 4 шарт бойынша өткізілді. Олар:
1 – шарт. «Сәлем – сөздің атасы» - таныстыру презентация түрінде (3 мин.)
2 – шарт. «Шаш- сән үлгісі»- еркін тақырыпта
3 – шарт. «Ойлан тап» (суретке мақал – мәтел құрап айту).
4 – шарт. «Қыздарға әсемдік жарасады» сән үлгісін көрсету
Жоғарыда көрсетілген шарт бойынша әр сынып өз өнерлерін көрсетіп, әділ жарысқа түсті. Қазылар алқасында:
1. Жандабаева А.Т- мектеп директоры
2. Аралбек Әсем- жастар орталығының инспекторы
3. Гүлбаршын апа- қамқоршылық кеңес мүшесі
4. Перепелицина Е.А-технология пәні мұғалімі
5. Рехметова Д.Р- қазақ тілі пән мұғалімі
Ерекше таланттарымен және дайындықтарымен байқалған сынып: 6 А, 5А,5Ә. Қазылар алқасының шешімі бойынша:
I – 5 «А»,6«А»,7 «А»
II- 5 «Ә»,6 «В»,7 «Б»
III-5 «Б»,6 «Ә»,7 «В» орындарды иеленді. Сонымен қатар 6 «Б» және 5 «В» сыныптары «Белсенділігі үшін» номинациясымен марапатталды.




Ақпан айында 8-11 сынып қыздарымен «Қазақ отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналысқа аналар кеңесінің мүшелері Сагындықова гулбаршын аанамыз, Грибенюк Т.И жәнеде ауылымыздың акушер медбикесі А.Сатылганова , Жастар орталығының меңгерушісі А.Аралбек қатысып тақырып бойынша ой қозғап әңгіме жүргізілді. Мектеп психологтары баяндама оқып,слайд, видео роликтер көрсетілді.




Ақпан айында жоспардан тыс аудандық білім бөлімінің әдіскері Ш.Тоққожаеваның ұйымдастыруымен және де «Болашақ» жастар денсаулық сақтау орталығының меңгерушісі Е.Оспанова, Шу ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі маманы Д.Кеңестің қатысуымен қыздар, ұлдар арасында «Құқық бұзушылықтың алдын алу», «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбы бойынша әңгіме жүргізіліп, кеңес берілді.


Наурыз айында жоспарға сәйкес 8-11 сынып қыздардың ата-аналарымен «Ананың алақаны айдынды қоныс» тақырыбында аналармен тренинг ұйымдастырылды. Мақсаты: отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Баламен қарым –қатынасты жақсарту, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.
Тренинг барысында негізгі бөлім бойынша 1. Ой қозғау «Мен үшін қымбат» 2. «бала деген кім?» 3 . «Жүректен шыққан жылы сөз» 4. «Жағымсыз қылықтар» , «Жақсы қасиеттер» 5. Ата –аналарға арналған ситуациялық сұрақтар 6. «Кеш калмаңыз...» 7. Ой толғаныс «Тілек шамы» жаттығулар жүргіхілді. Тренингті қорытындылай келе «Отбасылық құндылық ағашы» жаттығулары орындатылып, ата- аналардың пікірлері де тыңдатылды. Сонымен қатар тақырыпқа сай бейнероликтер де көрсетілді. Тренинг соңы ата- аналардың жылы лебізімен қорытындыланды.


Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Мектеп психологтарының ұйымдастыруымен наурыз айының 14 жұлдызында 8-10 сынып қыздары арасында «Көктем аруы- 2019» байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Байқауға әр сыныптан сезіз қыз қатысып, бақ сынасты. Олар:
8а Орынхан Арай, 8б Темірқұл Назерке, 8в Каляшова Гулбахар, 9а Қойшығұл Дарға
9б Омаржан Гулзат, 9в Балоева Фарида , 10а Қуанышқызы Ұлдана, 10б Калашева Диана
Байқау төрт кезең бойынша өткізілді.
1 - кезең. «Сәлем- сөздің атасы» әр ару өзін- өзі таныстырады (5 мин)
2 – кезең. Үй тапсырмасы «Аспаздық өнері»
3- кезең. Тапсырмалар: Түйме қадау,Қамыр жаю
4- кезең. «Өнерлі өрге жүзер» қатысушының кез келген өнері көрсетіледі
Әр кезең бойынша қатысушыларды бағалып, төрелік еткен әділқазылар алқасы:
Қамқоршылық кеңес төрайымы: Гребенюк Т.И, Жастар орталығының инспекторы: Аралбек Ә.Д
Технология пән мұғалімі: Токтарбаева С.И., Математика пән мұғалімі: Ерубаева А.Г.
Әділқазылар алқасының бағалауы нәтижесінде 8а сыныбының оқушысы Орынхан Арай «Көктем аруы» атанды. Қалған қатысушыларымыз түрлі номинацияларды иеленді.



Сәуір айында мақсатқа сай «Қыз жібек» қыздар клубының қыздарымен тренинг ұйымдастырылды. Тренингке 8-10 сыныптан 32 қыз қатысты. Сонымен қатар тренингке қатысуға жастар орталығының инспекторы А.Аралбек қатысып, қыздарға арналған кеңестерімен бөлісті.
Тренинг барысында: «Амандасу» , «Автопортрет», «Сенімділік» жаттығулары өткізіліп, «Жасырын хат» ойыны ойнатылды. Тренинг қорытындысы ретінде «Сенімділік» жаттығуы орындатылып, қыздардың пікірі тыңдалды. Сонымен қатар қыздардың бет күтіміне арналған видео роликтер көрсетілді. Тренингтен алған әсерлерін кері байланысқа қалдырды.





































Категория: Психолог кеңесі

 

Шомылуға тиым салынады

Автор: admin от 29-05-2019, 10:25, посмотрело: 196

19
М.Х.Дулати атындағы орта мектебінің жазғы шомылу маусымында
барлық су айдындарында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында
"Шомылуға тиым салынады!" атты ескерту тақтайшалар орнатылды.

Шомылуға тиым салынады

 

Шомылуға тиым салынады

 

Шомылуға тиым салынады

 

Шомылуға тиым салынады

 


 

Категория: Судағы қауіпсіздік бойынша атқарылған жұмыстар

 

Су қауіпсіздігі

Автор: admin от 21-05-2019, 07:22, посмотрело: 149

14

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде 20.04.2019жылы жазғы шомылу маусымында

балалардың су тоғандарындағы шомылу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауға алу және

қауіптің алдын-алу бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды.

 

Су қауіпсіздігі

 

Су қауіпсіздігі

 

Су қауіпсіздігі

 

Су қауіпсіздігі

 

Су қауіпсіздігі

 


Мектеп оқушыларына белгісіз су айдындарында ересектердің қадағалауынсыз шомылмауы жөнінде,ата-аналары немесе қамқоршыларының қарауы бойынша су айдындарына шомылған жағдайда судағы қауіпсіздікті сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Бастауыш сынып1-4 сынып оқушыларынан «Суда жүзу білеміз бе?» тақырыбында сауалнама алыныпсуда жүзу кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.5-9 сынып оқушыларына «Су айдындарындағы қауіпсіздік» тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп,су қауіпсіздігі,судағы қауіптің алдын-алу бойынша атқарылатын іс-шаралар жөнінде бейнероликтер көрсетілді.Мектепішілік ата-аналар жиналысында судағы қауіпсіздік шаралары туралы айтылып,бейнероліктер көрсетіліп,ата-аналардан ересектердің қадағалауынсыз балалардың шомылмауы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Категория: Судағы қауіпсіздік бойынша атқарылған жұмыстар

 

"Тыйым салынған заттар" баяндама

Автор: admin от 19-04-2019, 00:24, посмотрело: 127

15
Мектеп медбикесі асханадағы "Тыйым салынған заттар" туралы баяндама оқыды.

"Тыйым салынған заттар" баяндама

 

"Тыйым салынған заттар" баяндама

 

"Тыйым салынған заттар" баяндама

 

"Тыйым салынған заттар" баяндама

 

"Тыйым салынған заттар" баяндама

 


Категория: Ыстық тамақпен қамту

 

Дұрыс тамақтану

Автор: admin от 19-04-2019, 00:18, посмотрело: 108

12
Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде оқушылар арасында "дөңгелек үстел" өткізілді. Мектеп оқушылары, бокс шебері Тимахан Мадияр мен жеңіл атлетика жеңімпазы Балаляев Исмаил "Дұрыс тамақтанудың" адам денсаулығына, жетістікке жетуге ықпалы жайлы кеңес берді.

Дұрыс тамақтану

 

Дұрыс тамақтану

 

Дұрыс тамақтану

 

Дұрыс тамақтану

 


Категория: Ыстық тамақпен қамту

 

Адал бұрышы

Автор: admin от 19-04-2019, 00:06, посмотрело: 156

14
Балалар мен жасөспірімдердің оңтайлы моральдық қасиеттерін нығайтуға,
сонымен қатар ішкі парасаттылыққа және адалдыққа тәрбиелеу мақсатында
18 сәуірде мектебімізде "Адалдық" дүкені ұйымдастырылды.

Адал бұрышы

 

Адал бұрышы

 

Адал бұрышы

 

Адал бұрышы

 

Адал бұрышы

 



Категория: Ыстық тамақпен қамту

 

Адал бұрышы

Автор: admin от 12-04-2019, 01:09, посмотрело: 158

30
11 күні мектепте оқушыларды парасаттылыққа, адалдыққа тәрбиелеу мақсатында "Адал бұрышы" дүкені өткізілді. 

Адал бұрышы

 

Адал бұрышы

 


Категория: Ыстық тамақпен қамту

 
 
Назад Вперед