Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Судағы қауіпсіздік бойынша атқарылған жұмыстар

Автор: admin от 10-07-2018, 11:36, посмотрело: 87

3

 

                             Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде                              

      «Су айдындарындағы қауіпсіздік» тақырыбында өткізілген ата-аналар мен

қызметкерлер арасындағы жиналыс туралы

 

А Н Ы Қ Т А М А  

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде 2018 жылдың 13 маусым күні сағат 16-30-да Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2018 жылғы 8 маусымдағы №03-2963 хатына сәйкес, «Су айдындарындағы қауіпсіздік»  тақырыбында ата-аналар мен қызметкерлер арасында жиналыс өткізілді.Жиналыстың мақсаты-балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Жиналыс барысында ата-аналарға суда шомылу туралы бейнероликтер көрсетіліп,жадынамалар таратылды.Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сауранбаев Л.Р. ата-аналарға судағы қауіпсіздік туралы ережелерді түсіндіріп,тақырыптық бейнероликтер көрсетті.Ата-аналардан балалардың жазғы каникул кезіндегі денсаулықтары мен өмір қаіпсіздіктеріне тікелей ата-аналар жауапты екендігі тағы да бір ескертіліп,ата-аналардан қолхат алынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебіндегі судағы төтенше жағдайлардың алдын-алу бойынша ата-аналарға түсіндіру бойынша

 

 

А Н Ы Қ Т А М А

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебіндегі судағы төтенше жағдайлардың алдын-алу бойынша 15-мамырда өткізілген жалпы ата-аналар жиналысында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмау,судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қолхаттар алынды.Жалпы жиналысқа 376 ата-ана қатысты.

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:           Багимбекова А.А. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суда жүзу ережелері мен қауіпсіздік шаралары

 

Жаз айларында ыстық кезеңдерде күнге және ыстық құмға «пісу» салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. «Су сенің досың және қасың» Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауынан орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқйғаларды болдырмау ушін, төмендегілерді орындаған жөн:

 

1). Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары

 

Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.

Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.

Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.

Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршағанға және қалтырауға дейін жеткізбеңіз.

Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.

Қоршау белгілерінен, буилардан тыскары жүзбеңіз.

Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.

2). Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда

шомылудың қауіптері

Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дезентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.

 

3). Тырысу (судорога) болғанда сіздің іс-әрекетіңіз

 

Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады.

егер тырысу болғанда жүзуді тоқтатып суға арқаңызбен шалқалай жатыңыз, сабырлық сақтаңыз.

Қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда жұдырығыңызды түйіңіз, қолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз.

Балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз, немесе аяғыңызды судың астына созып, аяғыңызды бармақтарын алға иіңіз. Содан соң балтырыңызды сылаңыз.

Тырысу қойысымен тынығып алып, жүзудің басқа әдісімен жағаға шығыңыз

 

4). Су иірімінен шығудың тәсілдері.

Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере дем алып, иірімнің астына сүңгіңіз.

Судың астына иірімен алысырақ кетуге тырысыңыз.

Иірімен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып жағаға қарай жүзіңіз.

5). Суда қатты шаршаған кездегі іс-әрекет.

Суда ұзақ шомылу шаршап – шалдығуға әкеліп соғады.

Егер суда шарашасаңыз немесе тоңсаңыз тез арада жағаға қайтыңыз. Сабыр сақтаңыз.

Әлсін - әлсін шалқалай жатып дем алыңыз, күшіңізді үнемдеңіз, өзіңізді және уақытты бақылау үшін, жаймен дауыстап санаңыз.

Егер өз күшіңізбен жағаға жете алмайтыныңызды сезінсеңіз шалқалай жатып қолыңызды бұлғап көмекке шақырыңыз.

6). Суық судың қауіптілігі.

Суық суға түсіп кеткен адам 10-30 минутта көбіне суық өтіп қайтыс болады (5-7С 2-ші дәрежелі гипотерамия). 5-15 минут қимылсыздық

суықтан талуға (шок) және өлімге әкеліп соғады. Суық судан шығарылып, аман қалғанның өзінде жиі-жиі есінен танады. Организімнің жалпы салқындауы қатты шаршағанда , ашыққанда , мас күйінде тезірек болады. Физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әйелдер суық суға төзімдірек болады, ерлер 4-5 минуттан сон-ақ жүректері тоқтап қалуы мүмкін. Суық суда клиникалық өлім 30-60 минутқа, жылы суда 5-6 минутқа созылады. Тұщы суға батқан адам 1-3 минутта, ал теңіз суында 7-8 минутта қайтыс болады. Сондықтан суық- суда әрібір секунд қымбат.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің жазғы демалыс кезіндегі балалардың су тоғандарындағы шомылу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауға алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы

А Н Ы Қ Т А М А

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің жазғы демалыс кезіндегі балалардың су тоғандарындағы шомылу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауға алу және қауіптің алдын-алу бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды.Мектеп оқушыларына белгісіз су айдындарында ересектердің қадағалауынсыз шомылмауы жөнінде,ата-аналары немесе қамқоршыларының қарауы бойынша су айдындарына шомылған жағдайда судағы қауіпсіздікті сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Бастауыш сынып 1- 4 сынып оқушыларынан «Суда жүзу білеміз бе?» тақырыбында сауалнама алынып суда жүзу кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.5-9 сынып оқушыларына «Су айдындарындағы қауіпсіздік» тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп,су қауіпсіздігі,судағы қауіптің алдын-алу бойынша атқарылатын іс-шаралар жөнінде бейнероликтер көрсетілді.Мектепішілік ата-аналар жиналысында судағы қауіпсіздік шаралары туралы айтылып,бейнероліктер көрсетіліп,ата-аналардан ересектердің қадағалауынсыз балалардың шомылмауы жөнінде қолхат алынды,Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаментінен келіп жеткен 2017 жылғы облыс өңіріндегі төтенше жағдайлар туралы хабарлар етілді.

 

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:         Багимбекова А.А.

 

 

 

Категория: Судағы қауіпсіздік бойынша атқарылған жұмыстар