» » ТарМПУ-ға оқуға кел!

 
 
 

ТарМПУ-ға оқуға кел!

Автор: admin от 3-03-2020, 00:36, посмотрело: 358

0
Өтініштерді қабылдау мерзімі:
 
Ұлттық бірыңғай тестілеуге:
Ø 1-ші ҰБТ: 1-15 желтоқсан аралығында (ақылы бөлімге түсетін ағымдағы жылғы мектеп түлектері, 1 академиялық кезең аяқталғанға дейін қабылданған білім алушылар);
Ø 2-ші ҰБТ:1-15 ақпан аралығында (ақылы бөлімге түсетін ағымдағы жылғы мектеп түлектері);
Ø 3-ші ҰБТ:1сәуір 10 мамыр аралығында (ағымдағы және өткен жылдардағы мектептер мен колледждердің түлектері);
Ø 4-ші ҰБТ: 25 шілде 3 тамыз аралығында (ҰБТ-дан шекті балды алмаған талапкерлер, Қайта ҰБТ тапсыру арқылы ақылы бөлімге);
Ø 10 мамыр 5 маусым аралығында (шетелдік білім беру ұйымдарының түлектері үшін);
Ø шығармашылық емтихандарға 20 маусым 7 шілде аралығында;
Ø арнаулы емтихандарға 20 маусым 14 тамыз аралығында;
Ø конкурсқа 13-20 шілдеге дейін;
Ø студенттер қатарына 25 тамызға дейін.
 
 
Емтихандарды тапсыру мерзімі:
 
Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру:
Ø 1-ші ҰБТ: 15-20 қаңтар аралығында;
Ø 2-ші ҰБТ: 24-29 наурыз аралығында;
Ø 3-ші ҰБТ: 20 маусым 5 шілде аралығында;
Ø 4-ші ҰБТ: 17-20 тамыз аралығында:
Ø шығармашылық емтихандарға 8 шілде 13 шілде аралығында;
Ø арнаулы  емтихандар 20 маусым 14 тамыз аралығында;
 
Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар:
 
Ø білімі туралы құжат (диплом қосымшасымен түпнұсқа);
Ø сертификат (ҰБТ немесе қайта ҰБТ);
Ø жеке куәлік көшірмесі;
Ø 3х4 өлшеміндегі алты фотосурет;
Ø 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
Ø Арнаулы емтихан өткендігі туралы анықтама;
Ø мекенжай анықтамасы (ер балаларға, күндізгі бөлімдерге);
Ø әскери комиссариатқа тіркеу куәлігінің көшірмесі (ер балаларға, күндізгі бөлімдерге) (приписной);
Ø мемлекеттік білім грантын алуға жеңілдік беретін құжат (I-II топтағы бала кезінен мүгедектер, әке-шешесі жоқтар үшін).
 
Төлемақы бойынша жеңілдік беріледі:
 
Ø ата-анасы жоқ немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге;
Ø халықаралық, республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалардың, өнер байқаулары мен
Ø спорттық жарыстардың жеңімпаздарына;
Ø I-II топтағы және бала кезінен мүгедектерге;
Ø ата-анасының біреуі қайтыс болған студенттерге.
 
Ескеретін жағдай
 
Биылдан бастап ҰБТ 4 рет өткізіледі:
Жоғары балл: 140
Шекті деңгей: педагогикалық ғылымдарға - 60 балл
Ø Педагогикалық ғылымдарын таңдаған талапкерлер қосымша АРНАУЛЫ ЕМТИХАН тапсырады.
Ø М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Әскери» кафедрасымен келісімшартқа отырды. Университеттің барлық білім беру бағдарламаларына оқуға қабылданған студенттер «Әскери» кафедрада білім ала алады.
Ø ҰБТ-дан шекті балды алмаған талапкерлер Қайта ұлттық бірыңғай тестілеу арқылы ақылы негізде жоғары оқу орнына түсе алады.
Ø Қайта ұлттық бірыңғай тестілеуден шекті балды алмаған талапкерлер күндізгі оқу нысанына 1-ші академиялық кезеңге Шартты түрде оқуға қабылданады. Олар үшін қайта Ұлттық бірыңғай тестілеу 15-20 қаңтар аралығында өткізіледі.
Ø «Орта буын маманы» немесе «қолданбалы бакалавр» біліктілігін алған, техникалық жəне кəсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдарды ЖОО-ға қысқартылған оқыту мерзімдеріне ақылы негізде оқуға қабылдауды ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары жазбаша емтихан нысанында жүзеге асырады.
 
 
Жыл сайын университеттің білім беру бағдарламаларына мемлекеттік білім гранты бөлінеді.
Жоғары дәрежелі педагог болғың келсе,
ТарМПУ-ға оқуға кел!
Мекен жайымыз: Тараз қ. Төле би даңғылы  62,
тел. 8 /7262/ 43-24-17, 54-10-15
 www.tarmpu.kz,
 tarspu.kz, tarspu_news

Категория: Түлектер

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.