» » Табысты мектепке жету жолдары.

 
 
 

Табысты мектепке жету жолдары.

Автор: admin от 25-06-2020, 06:28, посмотрело: 647

0

                                           Табысты мектепке жету жолдары.

    Жамбыл облысы  Шу ауданы, Бірлік ауылы Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебі  директоры Ақмарал Турсынбайқызы 2014 жылы Қазақстан Республикасының жалпы білім  беру ұйымдарының біліктілігін   арттыру бағдарламасын  аяқтаған кейін, мектепті табысты мектеп деңгейіне көтеруді мақсат еттім. Осы бағыттағы жұмысты мектеп әлеуетін зерттеуден бастап, мектептің өзекті проблемасы: балалардың өз болашағына, жетістікке жететіндігіне сенімсіздігі және осы балаларды жетелейтін мұғалімдердің жұмысындағы жүйесіздік екендігін таныдым. Сондықтан ауыл баласының бойында жетістікке жетуге, табысты болатындығына көз жеткізуге бағытталған жұмыс жүйесін құрдым. Мектепті дамытуға арналған  даму жоспары, баланы жетістікке жетелейтін орта құруға, бала бойында өзінің жетістікке жетуіне сенім орнатуға және мұғалімдерден кәсіби құзіреттілігі мықты  команда құруға бағытталды.
     Мектептегі «Өзгеріс тобы» «Дарынды баланы тану және дамыту»бағытындағы жоспары бойынша: 1жылы мектеп мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған ішкі қоғамдастықта үздіксіз білім алуға арналған мектепішілік  курстар ұйымдастырып, тәлімгерлік жүргізілді. «Өзгеріс тобы» барлық  мұғалімдерге кәсіби дамыта келе, мұғалімдердің арасында тұрақты және жағымды өзара қарым қатынас орната келе мектептің кәсіби дамуына ықпал етті. Бұл ішкі қоғамдастықта үздіксіз білім беруде  І,ІІ деңгейлі курс бітірген  мұғалімдердің әлеуеттін пайдаланып, бөлінген көшбасшы идеясы іске асыра келе, мұғалімдердің кәсіби өсуіне қол жеткіздік. Бұл жұмыс әлі де болса өз жалғасын табуда және жаңа деңгейге яғни ,сыртқы қоғамдастықта ықпал ету деңгейіне көтерілді.
      Талантты баланы тану және дамытуға арналған жұмыс жүйесін  І деңгейлі курс бітірген  В.Коротуненко өз  зерттеу сұрағы ретінде белгілеп, «Өзгеріс тобы» мүшелері ІІ деңгейлі курс бітірген әріптестері ТІЖО В.Губайдуллина мен ДҒӘІЖО Ә.Байкуловамен бірлесе отырып, бүкіл мектепті қамтыған жоспарларын іске асыруға жұмылдырылды. Мақсат:баланың бойындағы дарындылықты аша отырып, білім алуға деген талпынысын ашу, өзінің жетістікке жетуге деген сенімін орнату. Осы сенімнің орнауына және баланың дамуына қолдау көрсетуге бағытталған ІІ деңгей курс иегері  ТІЖО В.Губайдуллина  сынып жетекшілерімен ата-аналармен әлеуметтік серіктестік орнатуға бағытталған жұмыс жүйесін жүргізе отырып, дарынды баланың дамуында ата-ананың ықпалын арттырып, ата-анамен мектеп арасындағы ықпалдастықты күшейтті. Баланың ата-анамен  ғылыми жоба  жүргізуде бірлесе зерттеу жүргізуге, өз жобасын іске асыруда қолдау көрсетуге, әртүрлі деңгейдегі  байқауларға қатысуына қолдау жасауына ықпал етті. Бұл бағыттағы жұмыс ата-анамен мектеп арасындағы ықпалдастықты артттыра келе, ынтымақтастықты өзара сыйластықтың орнауына алып келді. Бұл жүйе дарынды оқушылармен  әріптестерінің  жұмыс жүргізуіне  сынып жетекшілерінің көрсеткен үлкен қолдау жұмысы болды.
   ДҒІЖО  Ә.Байкулова екінші бағытта әдістемелік бірлестік жетекшілерімен  бірлескен жұмыс жоспарын жоспарлай келе, мектепте дарынды баланы дамыту ортасын құруға  бағытталған жұмысты атқарды. Бұл жүйеде мектепте әртүрлі тақырыптық интеллектуалды ойындар, шығармашылық байқаулар мен конкурстар, мектепішілік олимпиадалар, «РISA», «ТIMSS», «PIRLS» байқаулар негізіндегі сынамалар, спорттық жарыстар өткізе отырып, мектепті дамыту жоспарын іске асырды. Оқушылар арасында тұрақты  және жағымды өзара қарым қатынасқа әсер ететін факторларды басшылыққа ала отырып, жұмыс істеу нәтижесінде  мектепте дарынды оқушылар саны артты, бала бойында өзінің жетістікке жетемін деген сенім мен  бәсекелестік орнады. Бұның дәлелі мектептің 2015- 2019 жылдар  аралығындағы дарынды оқушылардың  жеткен жетістіктерінің өсу динамикасынан көруге болады.
Аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жарыстарының жүлдегер оқушыларының үлесі
Табысты мектепке жету жолдары.
 
Мектеп ұжымының бірлесе іс қимыл жасауы, даму жоспарындағы жоспардың іске асуы мектепті 2018-2019 оқу жылының қорытындысымен аудан мектептерінің рейтінгісі бойынша  «Ең үздік мектеп» номинациясы бойынша  4 орынды иеленуі болды. Мектеп өзінің даму жоспарын іске асыруға дейін рейтинг бойынша 37 орынды иеленген еді.
Көшбасшы ретінде мектептің проблемасына ұжымды жұмылдыра отырып, бір бағытта жұмыс жасауға, мектепте кәсіби дамуға  жағымды орта құра отырып,  мектепті табысты мектеп қатарына жеткізуге бағытталған жұмыс жүйесін іске асыра алғаныма дән ризамын. Сондықтан әрбір көшбасшы -мектептің даму жоспарын жасауда, бөлінген көшбасшы идеясын басшылыққа алып, мұғалімдердің кәсіби өсуіне қолдау көрсетіп, бірлесе жұмыс жүргізуге бағыттай отырып, мектепте бала үшін де, мұғалімдер үшін де жағымды орта құруға көңіл бөлуі керек. Бұл іс тәжірбиемізбен облыс көлемінде және аудан көлемінде де іс тәжірбие бөлісу семинарлары өткізілген. Қазіргі күндері республикадағы №27 тірек мектебі ретінде сыртқы қоғамдастықтағы мектептерде ықпалдастық жүргізіп, іс тәжірбие алмасу жүріп отыр.
 


Категория: О школе

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.