» Последние публикации на сайте » Страница 9

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"Мен ұлттық киіміммен мақтанамын"

Автор: admin от 29-03-2021, 23:31, посмотрело: 158

0 Мұхаммед Хайдар Дулати
атындағы орта мектебінің ұстаздары ұрпақтар бойында ұлттық руханиятты сіңіруге бағытталған Шу ауданының білім бөлімінен бастау алған "Мен ұлттық киіміммен мақтанамын" атты челенджін жалғастыруда...
Наурыз мерекесі құтты болсын!!!!
Шу ауданының білім бөлімі
#наурыз
#менұлттықкиімімменмақтанамын
#дулатиортамектебі

Категория: Рухани Жанғыру

 

"Әулие-Ата өңіріндегі ашаршылық"

Автор: admin от 18-03-2021, 23:40, посмотрело: 161

0 Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері Байқұлов Тұңғышбек Сейсенұлының "Әулие-Ата өңіріндегі ашаршылық"атты кітабының ll-томы жарыққа шықты.

Категория: Рухани Жанғыру

 

ЗАЧИСЛЕНИЕ В 1 КЛАСС

Автор: admin от 18-03-2021, 23:39, посмотрело: 150

0 ЗАЧИСЛЕНИЕ В 1 КЛАСС ЧЕРЕЗ ПОРТАЛ EGOV.KZ

В соответствии с Приказом министра образования и науки Республики Казахстан № 264 от 24 июня 2020 года и Постановлением акима Жамбылской области №2 от 6 января 2021 года прием документов в 1 класс на 2021-2022 учебный год стартует 1 апреля 2021 года через портал EGOV.KZ электронного правительства.
Родителям необходимо зайти в личный кабинет раздела «Образование» и перейти в раздел «Среднее образование». Далее достаточно выбрать услугу « Прием документов и зачисление в организации образования» и подать заявление с приложением необходимых документов.
Заявки в первый класс принимаются с 1 апреля по 1 августа текущего года.
Организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального образования, обеспечивают прием в первый класс детей шести лет и детей, которым в текущем календарном году исполняется шесть лет, с обеспечением доступа всех детей, проживающих на территории обслуживания организации образования, независимо от уровня подготовки.
Документы, необходимые для зачисления детей в первый класс:
* Заявление от родителей (или лиц, их заменяющих);
* Копия свидетельства о рождении ребенка;
* Справка о состоянии здоровья (медицинский паспорт);
* Документ о состоянии здоровья по форме 063 / у;
• 3*4 2 фото.











11












Категория: ---

 

1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ

Автор: admin от 18-03-2021, 23:37, посмотрело: 140

0 1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ EGOV.KZ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 264 бұйрығы және Жамбыл облысы әкімінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №2 қаулысына сәйкес 2021-2022 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы жүзеге асырылады.
Ата-аналарға порталдың «Білім» бөлімінен «Орта білім» бөліміне өту қажет. Ары қарай «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» қызметін таңдап, қажетті құжаттарды қоса жолдай отырып өтініш беру жеткілікті.
Бірінші сыныпқа өтініштер ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін қабылданады.
Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:
• Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан);
• Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
• Денсаулығы туралы анықтамасы (медициналық паспорт);
• 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
• 3*4 2 фотосурет.

Категория: Рухани Жанғыру

 

"Көгалдандыру және көгеріштендіру"

Автор: admin от 18-03-2021, 23:35, посмотрело: 235

0 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде "Көгалдандыру және көгеріштендіру" айлығының жоспарына сәйкес мектеп ауласын тазарттық. Мектеп территориясының көгалдандыру мәселесінің маңызы зор. Себебі балалар 6-жасынан мектепке келіп, 11-жыл өмірін осы жерде күнделікті өткізеді. Осы жерде білім алып, күніне 5-6 сағат осы мектеп территориясында болады. Демек, мектеп территориясында көгалдандыру жұмыстарын дұрыс жүргізу арқылы, қолайлы экологиялық жағдай жасаудың маңызы арта түспек.
Көгалдандыру жұмыстарын жүргізгенде төмендегі мәселелерді ескеру керек.
1. Жергілікті жердің табиғи климат жағдайы .
2. Жердің географиялық орны .
3. Топырақ құнарлығы.
4. Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері.
5. Өсімдіктердің экологиялық ерекшеліктері.6. Өсімдіктердің үйлесімділігі.
7. Жергілікті жердің экологиялық жағдайы.
8. Көгалдандырудың эстетикалық жағдайы. (аспектісі)

Категория: Рухани Жанғыру

 

Жасыл ел жобасы

Автор: admin от 18-03-2021, 23:33, посмотрело: 160

0 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде биология пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 5-7 сыныптар аралығында онлайн форматта Жасыл ел жобасы аясында жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы мағлұмат беру. Балалардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, ой-өрісін дамыту. Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу. Балаларды адамгершілікке, табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор бола білуге тәрбиелеу мақсатында "Құстар - біздің досымыз" атты фотокөрме өткізілді.

Категория: Рухани Жанғыру

 

«Білім бөлімінен б«Орта білім»

Автор: admin от 18-03-2021, 23:28, посмотрело: 197

0 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! Шу аудандық білім бөлімінің
Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде 2021-2022 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау 2021 жылдың 1 сәуірінен басталады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 264 бұйрығы және Жамбыл облысы әкімінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №2 қаулысына сәйкес 2021-2022 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы жүзеге асырылады.
Ата-аналарға порталдың»  «Білім бөлімінен б«Орта білім» бөліміне өту қажет. Ары қарай «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» қызметін таңдап, қажетті құжаттарды қоса жолдай отырып өтініш беру жеткілікті.
Бірінші сыныпқа өтініштер ағымдағы жылдың 1-ші сәуірінен 1-ші тамызына дейін қабылданады.
Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:
• Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан);
• Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
• Денсаулығы туралы анықтамасы (медициналық паспорт);
• 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
• 3*4 форматындағы 2 фотосурет. Мектепте өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасайды. Мектептің мекен жайы: Шу ауданы,Бірлік ауылы Жайлау көшесі 8
тел: 8 (72638) 3-35-94
8 (72643) 3-35-93
#дулати_орта_мектебі

Категория: ---

 

«30 жыл – 30 игі іс»

Автор: admin от 18-03-2021, 23:25, посмотрело: 165

0 Елдің елдігі оның тарихы мен болашағы бүгінгі ұрпақ қолында .Осы ұрпаққа қазақ тарихының бірегейлігін, қазақ даласының жеті қыры мен қасиетін таныта отырып, Отанға деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімі тәрбиелеу мектептің тәрбие бағытының басты мақсаты. Осы жерде ұлы даланың жеті қырына арналған көрме және Назарбаев Зияткерлік Мектебі іс тәжірибесін тарату бойынша мектептегі шаңырақ жобасы аясында әр түрлі бағыт бойынша атқарған жұмыстары орналасқан. Бұл жердегі мақсат: Әрбір ұрпақ жастайынан қазақ тарихының бірегейлігін танып, біліп өсу.
Тәуелсіздігіміздің мәңгі тұғырлы болуы ынтымақ пен бірлікте. Ал осы ынтымақ пен бірлікті сақтайтын ізгілік пен адамгершілік дәнін себу ұстаз қолында. Осы ізгілікті дарыту мақсатында Бірлік ауылында тұратын ұлттар мен ұлыстардың тарихын, дәстүрін, мәдениетін танытуға бағытталған «Менің кіші - Отаным» бағытындағы « Бір шаңырақ астында» жобасы 2 жыл көлемінде 16 шаңырақ жоба ретінде талдап, кезең кезеңмен қорғап жоба толықтай іске асты. Оның көрінісі мектептің екінші қабатындағы орналасқан үлкен көрме. Ел тарихындағы елеулі оқиға Тәуелсіздігімізге 30 жыл.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын ұлықтау, оқушы бойында патриоттық тәрбие беру бағыты бойынша «30 жыл – 30 игі іс» аясында оқушыларды рухани жағынан сусындатып өсіруді мақсат еткен мектептің тарихи этнографиялық мұражайын ашуды мақсат етіп отырмыз. Бүгінгі игі істің лентасын кесу Шу ауданы білім бөлімінің басшысы М.К.Жинақбаева және қамқоршылық кеңес төрайымы Т.Грибенюкке берілді.
#дулатиортамектебі
#мұражай
#музей
Шу ауданының білім бөлімі

Категория: Рухани Жанғыру

 

8 наурыз

Автор: admin от 18-03-2021, 23:23, посмотрело: 100

0 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің оқушылары барша аналарды, ұстаздарды, аруларды шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтау бейнероликтарын қабыл алыңыздар.
Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.
Деніңізге саулық, отбасыңызға береке - бірлік, мол табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймын:
Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!

Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын.
Әрқашан шаңырақтарыңызда береке болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке - бірлік тілейміз!

Категория: Рухани Жанғыру

 

Алғыс айту күні

Автор: admin от 18-03-2021, 23:21, посмотрело: 130

0 Көктемнің алғашқы күнімен таласа келген "Алғыс айту "күнімен барлықтарыңызды құттықтаймыз
Құрметті Акмарал Тұрсынбайқызы сіздей жанашыр, мейірімді, адал, тілекші, тірекші, ақылшы басшымыздың бары үшін алғысымызды білдіреміз Ауызбіршілігіміз кетпесін, бүгінгі жаңа еңбек аптасы жағымды жаңалықтар мен жақсылықтарға толы болсын!
"Ағаштан жеміс күтсең бұтағын сындырма, Адамнан үміт күтсең көңілін қалдырма" - дегендей Жақсылықтан үмітіміз үзілмей, бір-бірімізді бағалап, құрметтеп жүрейік!
Берекелі ісіңізден, мереке кетпесін!
Алла амандығын берсін!!!!!
Ізгі тілекпен: Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің ұжымы
#дулати_орта_мектебі
#акмаралтұрсынбайқызы
#алғысбілдіреміз

Категория: ---

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine