» Последние публикации на сайте » Страница 5

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

всем

Автор: admin от 22-02-2017, 01:04, посмотрело: 334

0

Мұхаммед Хайдар Дулати  атындағы орта мектебінде «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы  бірінші сынып  оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек көрсету

мектепішілік ата-аналар жиналысының хаттамасы №1

                                  

21.09.2016ж                                                                  Қатысқаны : 72

Күн тәртібінде:

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің директоры А.Жандабаева  өткізілетін іс шарамен таныстырды.

 «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары: С.Иманбекова сөз алды

  Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебіде «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында мектеп психологтары Ж.Дошжұманова мен Р.Сейсеналиева баяндама жасады

<!- Бастауыш сынып  мұғалімдері: Ж.Дауренкулова Ж, Даниярова Г, Алиева А, Хрисохоиди Л  «Мектептерде  пәндерді 3 тілде оқытудың артықшылығы (үш тілділік)» тақырыбында баяндама көрсетті

   Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры А.Жандабаева  құттықтау сөзімен таныстырды.

  Екінші мәселе бойынша  «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары: С.Иманбекова  құттықтау сөзімен басталды

Үшінші мәселе бойынша  «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында мектеп психологтары Ж.Дошжұманова мен Р.Сейсеналиева баяндама жасады

Олар өз  баяндамасында неліктен бірінші сынып оқушыда қиындықтар туындауы мүмкін?

-Мектепте жаңа талаптар қойылады: мұқият тыңдау, алаңдамау, белгіленген ережелер мен тәртіпке бағыну.

-Ата-аналар тарапынан жаңа талаптар пайда болады: күн тәртібін өзгерту, бала тәртібіндегі өз бетінше әрекеттердің пайда болуы, бұйрықты өз-өзіне қызмет көрсету арқылы орындау

-Бала өз құрдастарымен жаңа қарым-қатынасқа түседі: бала басқалар сияқты оқи аламын ба, менімен балалар дос болады ма, мені түрлі сөздермен не істерімен ренжітпейді ме деп уайымдай бастайды.

Төртінші мәселе бойынша  бастауыш сынып мұғалімдері Мектептерде  пәндерді 3 тілде оқытудың артықшылығы (үш тілділік)

 Қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесін енгізу мен қазақ тілінің мәртебесін нығайту, елімізді мекендеген барлық ұлттары мен ұлыстары өкілдерінің рухани ауызбіршілігінің, өзара түсіністігі мен өзара сыйластығының  бірыңғай аясын жасауға мүмкіндік береді.

 Орыс тілін білу – Қазақстан халқын шоғырландыратын негізгі маңызды фактор. Орыс тілі – екінші орында: бұл – Қазақстанды мекендеген орыс халқы (шамамен елдің барлық тұрғынының  24%) үшін, сондай-ақ Қазақстандағы  көптеген еуропа халықтары үшін де туған тілдері болып саналады.

3. Ағылшын тілін білу мамандықта да, өмірде де жолыңды ашады, өзің үшін түрлі мәдени жаңалықтарды ашып, ой-өрісіңді кеңейте отырып, жағымды және ұмытылмас әсерлі саяхаттар жасауға болатындығын айтып өтті.

 

Күн  тәртібіндегі қаралған мәселелерді тыңдай келе ата-аналар жиналысында шешім шығарылды:

 

1.Ата-аналар тарапынан балаларына психологиялық қолдау көрсетілсін

2. 1 сынып оқушыларына мұғалімдер және психологтар тарапынан жыл бойы  көмек  берілсін

 

 

 

Ата-аналар жиналысының  төрайымы:            К.Хакимова    

 

 

                                                    Хатшы:          Р.Сейсеналиева   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұхаммед Хайдар Дулати  атындағы орта мектебіндегі кезектен  тыс жалпы ата-аналар  жиналысының  хаттамасы №3

 

6.02.2017ж                                                                                         Қатысқаны : 154

Күн тәртібінде:

   «Өз  балаларыңызды  әлеуметтік  желілерден  қорғай біліңіздер» тақырыбындағы  «Тихий дом», «Синий кит» әлеуметтік желілер  арқылы жасөспірімдердің өміріне  қауіп төну   туралы   ақпараттық    түсіндірмелі  жұмысы

Баяндама: «Өз  балаларыңызды әлеуметтік желілерден  қорғай біліңіздер»

                               баяндамашы мектеп психологы Ж.Дошжұманова

 

   Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры А.Жандабаева  Республикалық теле арналардан  көрсетілген «Тихий дом», «Синий кит» әлеуметтік желілерде   балалардың   қызығушылықтарының  саны артқан тіпті соларға беріліп  өз тамырын кескен балаларда анықталынды. Балаларының өміріне  қауіп төніп тұрғандығы туралы   ата-аналарға түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді. Бала өмірін қорғау үшін балаларыңызды желілердегі апаттан қорғауға шақырды.

   Осы тақырыпта  директордың  құқықтық ісі жөнінідегі орынбасары Е.Абдикеримов  слайд, видео ролик ұсынды.

 

Екін ші мәселе бойынша  «Өз балаларыңызды  әлеуметтік желілерден қорғай біліңіздер» тақырыбында мектеп психологы Ж.Дошжұманова  баяндама жасады.  Ол  өз  баяндамасында   неліктен бүгінгі таңда әлеуметтік желілерде   балаларды  суицидтке итермелеу,   жасөспірімдерді  50 күннің ішінде өз-өзіне қол жұмсауға  9-14 жас аралықтарындағы балаларды  психологиялық тұрғыда  әлсіз жерінен тартады. Осы шақта балалардың өзіне деген сенімсіздігі, қорқынышы билейтін кез,сондықтан осындай жастағы балаларға ата-аналары тарапынан ерекше қадағалау жасау керектігін айтып өтті. Ата-аналар балаларыңыздың жеке парақшаларына кіріп қадағалаңыздар, осындай ессіздікке баруына жол бермеңіздер, қиын жағдайға ұшыраса, жылы  сөз айтып, жанына демеу болыңыздар деп кеңес берді.

Күн  тәртібіндегі қаралған мәселелерді тыңдай келе ата-аналар жиналысында шешім шығарылды:

 

1.Ата-аналарға  балаларының өмірімен қауіпсіздігіне   әлеуметтік желілерден  қорғау  жауапкершілігі  жүктелінсін

2.Ата-аналар тарапынан балаларына  ерекше психологиялық қолдау көрсетілсін

3. 9-14 жас аралықтарғы сынып оқушыларына  сынып жетекшілер  және психологтар тарапынан   ерекше   көмек  берілсін

 

 

                                                    Хатшы:                 Р.Сейсеналиева

 

 

 

 

Мұхаммед Хайдар Дулати  атындағы орта мектебінде 

 оқушылармен психопрофилактикалық   жұмыстардың   жүргізілуінің   анықтамасы

4 ақпан 2017 жылы мектепішілік оқушылармен жиын өткіздік. Оқушыларға «Синий кит», «Тихий дом»  және әлеуметтік желілер арқылы жасөспірімдердің бейтаныс адамдармен байланысқа түсіп, олардың психикалық мінез-құлықтарына әсер ететін жаттығулардан кейін  өздеріне-өзі қол жұмсауға (тамырларын кесу арқылы) ұмтылатындығы туралы  ақпарат айтылып, түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді.  «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі 11 в сынып оқушысы С.Клименко  оқушыларға  өзінің  дайындаған  презентациясын көрсетіп, жас жеткіншектерді осындай сайттарға кірмеуге ақыл кеңесімен бөлісті.

 

     

 

6 ақпан 2017 жылы   мектепте   сағат 16.30 –да жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.

Мектеп психологы Ж.Дошжұманова    өз  баяндамасында   неліктен бүгінгі таңда әлеуметтік желілерде   балаларды  суицидтке итермелеу,   жасөспірімдерді  50 күннің ішінде өз-өзіне қол жұмсауға  9-14 жас аралықтарындағы балаларды  психологиялық тұрғыда  әлсіз жерінен тартады. Осы шақта балалардың өзіне деген сенімсіздігі, қорқынышы билейтін кез,сондықтан осындай жастағы балаларға ата-аналары тарапынан ерекше қадағалау жасау керектігін айтып өтті. Ата-аналарға профилактикалық   жаднама  таратылды.

Осы тақырыпта  директордың  құқықтық ісі жөнінідегі орынбасары Е.Абдикеримов  слайд, (видео)   түрінде  ақпараттық түсіндірмелі жұмыстар   жүргізді.

Мектеп директоры А.Жандабаева  ата-аналар балаларыңыздың жеке парақшаларына кіріп қадағалаңыздар, осындай ессіздікке баруына жол бермеңіздер, қиын жағдайға ұшыраса, жылы  сөз айтып, жанына демеу болыңыздар деп кеңес берді.

          

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Орындаған:мектеп психологы  Ж.Дошжуманова

 

Скачать:hattama-ata-analar-zhinalysy-21.09.2016.doc [270,5 Kb] (cкачиваний: 2)

Категория: Психологи советуют

 

Для родителей

Автор: admin от 22-02-2017, 00:50, посмотрело: 136

0

Родителям надо быть готовыми к тому, что период адаптации может затянуться на несколько месяцев. Ребенку нужна помощь и, в первую очередь, он нуждается в поддержке самых близких ему людей – родителей. И взрослым нужно стремиться, всеми силами, поддерживать своего ребенка.

Почему у ребенка могут возникнуть трудности?

    В школе предъявляются новые требования (внимательно слушать, не отвлекаться, подчиняться установленным правилам и порядку);

      Появляются новые требования со стороны родителей (изменение режима дня, появление самостоятельности в поведении, выполнение поручений по самообслуживанию);     

 Ребенок входит в новые отношения со сверстниками (ребенок начинает волноваться, сможет ли он учиться как все, будут ли дружить с ним ребята, не будут ли обижать его словами или действиями).

При всех изменениях, произошедших в жизни ребёнка, родителям не стоит забывать:

       Первоклассники остаются очень эмоциональными;

         Обладают повышенной возбудимостью;

    Быстро утомляются;

         Их внимание неустойчиво;

         Поведение зависит от внешней ситуации.

Совет первый:самое главное, что вам необходимо  дать своему ребенку — это ваше внимание.

     Будьте терпеливы: внимательно выслушивайте его рассказы о школе, задавайте уточняющие вопросы.

          Помните: то, что кажется вам не очень важным, для вашего сына или дочери может оказаться самым волнующим событием за весь день!

        Слушая своего ребенка внимательно, вы сможете понять, в чем малышу нужна ваша помощь, о чем следует поговорить с учительницей, что реально происходит с ребенком после того, как вы прощаетесь с ним у дверей школы.

       Школьнику нужно внимание и мамы, и папы. Не забывайте выделять для него время, не обремененное домашними делами и просмотром телевизора.

           Помните, что ребёнок больше всего нуждается в нашей любви тогда, когда он её меньше всего её заслуживает.

Если ребенок увидит ваш интерес к его делам и заботам, он обязательно почувствует вашу поддержку.

Совет второй: поддержите в ребенке его стремление стать школьником, развивайте и поощряйте желание учиться.

      Выражайте свою искреннюю заинтересованность в школьных делах и заботах вашего ребенка.

          Отмечайте его успехи и не скупитесь на похвалу. В каждой его работе обязательно найдите, за что можно было бы его похвалить.

        Помните: похвала и эмоциональная поддержка («Молодец!», «Ты так хорошо справился!») способны заметно повысить интеллектуальные достижения ребенка.

 

Совет третий:  помогите ребенку войти в новый режим жизни.

         Обсудите с ребенком те правила и нормы, с которыми он встретился в школе. Объясните их необходимость и целесообразность.

         Составьте вместе с ребенком распорядок дня, следите за его соблюдением.

Распорядок дня в жизни первоклассника имеет важное значение.                    У ребенка появились новые обязанности, которые требуют от него большей собранности, дисциплинированности – распорядок дня помогает правильно сочетать труд и отдых, привыкать к новым условиям жизни.

        В распорядке дня необходимо чередовать малоподвижные виды деятельности с двигательной активностью, интеллектуальные и физические виды деятельности.

       Необходимо уменьшить количество (и отследить качество) просматриваемых телепрограмм и время игры на компьютере.

      Контролировать продолжительность выполнения ребенком домашних заданий (в первом классе - 1-1,5 часа, включая чтение), а также время сна (сон должен составлять не менее 9-10 часов в сутки для полноценного отдыха).

         Ребенок пришел из школы - не торопитесь приставать к нему с вопросами, дайте ему расслабиться. Если видите, что он огорчен, лучше позже в спокойной беседе попытайтесь узнать о причинах его беспокойства. 

       Помните: для ребёнка чего-то не уметь, что-то не знает – это нормальное положение вещей. На то он и ребёнок – этим нельзя попрекать. Упреки понижают самооценку ребенка, лишают его уверенности в себе.

    Ваш ребенок пришел в школу, чтобы учиться. Когда человек учится, у него может что-то не сразу получаться, это естественно. Ребенок имеет право на ошибку.

        Школьная отметка — показатель знаний ребенка по данной теме данного предмета на данный момент. Она не характеризует личность ребенка!

          Не сравнивайте своего ребенка с другими учениками.

          Хвалите ребенка за его школьные успехи. И помните, никакое количество «пятерок» не может быть важнее счастья вашего ребенка.

       Не относитесь к первым неудачам ребенка, как к краху всех ваших надежд. Помните: ему очень нужны- ваша вера в него, умная помощь и поддержка.

 

 Неліктен балада қиындықтар туындауы мүмкін?

Мектепте жаңа талаптар қойылады: мұқият тыңдау, алаңдамау, белгіленген ережелер мен тәртіпке бағыну.

Ата-аналар тарапынан жаңа талаптар пайда болады: күн тәртібін өзгерту, бала тәртібіндегі өз бетінше әрекеттердің пайда болуы, бұйрықты өз-өзіне қызмет көрсету арқылы орындау

Бала өз құрдастарымен жаңа қарым-қатынасқа түседі: бала басқалар сияқты оқи аламын ба, менімен балалар дос болады ма, мені түрлі сөздермен не істерімен ренжітпейді ме деп уайымдай бастайды.

Бала өміріндегі  орын алып жатқан өзгерістер кезінде  ата-аналар төмендегілерді естен шығармауы тиіс:

Бірінші сынып оқушылары өте әсершіл болып қала береді;

Тез ашуланғыш келеді

Тез шаршайды;

Олардың зейіні құбылмалы болады;  

Тәртібі сыртқы жағдайға байланысты

. Егер Сіз бен Біз баланың жаңа жағдайын, олардың жас ерекшелігін ескеріп тапқырлық танытсақ біздің балаларымыз бейімделу кезеңін оңай еңсереді.       Ата-анаға кеңес

Бірінші кеңес: ең бастысы, сізге қажетті  – өз балаңызға көбірек  көңіл бөлуіңіз.

Сабырлы болыңыз: оның мектеп жайында әңгімесін тыңдап, нақтылаушы сұрақтар қойыңыз.

    Есте сақтаңыз: сіз үшін маңызды емес жайттар  қызыңыз немесе ұлыңыз үшін күн бойына қатты ойландыратын оқиға болуы мүмкін!

  Балаңызды мұқият тыңдаңыз: сонда   балаға қандай көмегіңіз қажет екенін, мұғаліммен не жайында сөйлесу керектігін, баланы  мектеп жанында қалдырғаннан кейінгі оның шынайы жағдайы қандай болатынын  түсінесіз.

 Оқушыға анасы мен әкесінің назары керек: Үй шаруасымен  яки теледидар көрумен немесе компьютермен сөйлесу сәттеріне араластырмай  балаға  бөлек уақыт бөліңіз.

Есте сақтаңыз:   бала сіздің махаббатыңызға   өзі мүлде лайық емес кезде мұқтаж болады 

Егер балаңыз  оның барлық іс-әрекетіне, оны ойландыратын жәйттарға сіздің қызығушылығыңызды байқаса,  ол міндетті түрде сіздің қолдауыңызды сезінеді

Екінші кеңес: баланың бойындағы оқушы боламын деген талпынысын қолдаңыз, оқуға деген ықыласын мадақтап, дамытыңыз.

Мектептегі жағдайға және балаңыздың қамына шынайы қызығушылығыңызды білдіріңіз.

Оның жетістіктерін атап, оны мақтап қоюды да ұмытпаңыз.   Оның әрбір жұмысынан  мақтауға тұрарлық нәрсе таба біліңіз.

Есте сақтаңыз: «Жарайсың!», «Сен сондай керемет орындадың!» сияқты мақтау мен рухани қолдаулар баланың зияткерлік жетістігін айтарлықтай арттырады.

Үшінші кеңес: балаға жаңа өмір тәртібіне енуге көмек беріңіз.

  Балаңызбен мектептегі тәртіп пен қағидаларды талқылаңыз. Олардың қажеттілігі мен пайдалылығын түсіндіріңіз.

Балаңызбен бірге күн тәртібін жасаңыз және оның орындалуын қадағалаңыз.

Бірініші сынып оқушысы үшін күн тәртібі аса маңызды. Бала өмірінде одан жинақылықты, тәртіптілікті талап ететін міндеттер пайда болды. Күн тәртібі – еңбек пен демалысты дұрыс үйлестіруге, жаңа өмір жағдайына үйренуге көмек береді. 

Есте сақтаңыз:  күн тәртібінде қозғалысы аз әрекет түрлерін белсенді әрекеттермен, зияткерлік және әрекеттің физикалық түрлерін алмастырып отыру қажет.

  Бала мектептен келді – оны бірден сұрақ астына алуға асықпаңыз, бойын еркін ұстауға мүмкіндік беріңіз. Егер оның  ренжіген күйін байқасаңыз, біраз уақыттан соң  сабырлы әңгіме барысында оның ренішіне не себеп болғанын ақырын білуге тырысыңыз. 

Есте сақтаңыз: бала үшін бір нәрсені білмеу және жасай алмау қалыпты жағдай. Ол сол үшін де – бала, мұнымен оны жазғыруға болмайды.   Кінәлау баланың  өзін-өзі бағалауын төмендетеді, өзіне сенімділігінен айырады.

Сіздің балаңыз мектепке оқу үшін келді. Адам   оқуды бастағанда кейбір нәрселер ойдағыдай бола бермейтіні анық. Баланың қателесуге құқы бар.

 

 

 

.       Ата-анаға кеңес

Бірінші кеңес: ең бастысы, сізге қажетті  – өз балаңызға көбірек  көңіл бөлуіңіз.Сабырлы болыңыз: оның мектеп жайында әңгімесін тыңдап, нақтылаушы сұрақтар қойыңыз.

Есте сақтаңыз: сіз үшін маңызды емес жайттар  қызыңыз немесе ұлыңыз үшін күн бойына қатты ойландыратын оқиға болуы мүмкін!

  Оқушыға анасы мен әкесінің назары керек: Үй шаруасымен  яки теледидар көрумен немесе компьютермен сөйлесу сәттеріне араластырмай  балаға  бөлек уақыт бөліңіз.

Есте сақтаңыз:   бала сіздің махаббатыңызға   өзі мүлде лайық емес кезде мұқтаж болады 

 

 

 

 

.       Ата-анаға кеңес

Бірінші кеңес: ең бастысы, сізге қажетті  – өз балаңызға көбірек  көңіл бөлуіңіз.Сабырлы болыңыз: оның мектеп жайында әңгімесін тыңдап, нақтылаушы сұрақтар қойыңыз.

   Есте сақтаңыз: сіз үшін маңызды емес жайттар  қызыңыз немесе ұлыңыз үшін күн бойына қатты ойландыратын оқиға болуы мүмкін!

Категория: Психологи советуют

 

Всем надо знать

Автор: admin от 22-02-2017, 00:43, посмотрело: 158

0
скачать:9-11-synyp-ksptk.pdf [1,6 Mb] (cкачиваний: 0)

«Мамандық таңдауда қателесуге бола ма?»  тренинг сәттері

«Бәріміз біріміз үшін,  біріміз бәріміз үшін» ұранымен

 

 

 

«Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» ұранымен

Категория: Психологи советуют

 

«Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Автор: admin от 21-02-2017, 23:36, посмотрело: 170

0

Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 cәуірдегі 
№ 198 бұйрығына 4–қосымша

«Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен
жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе
қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың
анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижені беру:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттарды тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап – бес жұмыс күні.
ХҚО-ға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
2) көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО-да көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут, ХҚО-да – 20 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша беретін анықтамасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі үшін қағаз жеткізгіште өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен және мөрімен расталады
Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) ХҚО-да: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, қызмет алушының тіркеу орны бойынша «электронды» кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті «брондауға» болады;
2) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
нотариалдық кеңседен анықтама алу үшін:
ХҚО-да:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) көрсетілетін қызметті алушыдан кепілді тұрғын үй беру туралы нотариалды расталған өтініш не кепілді тұрғын үй беру туралы жақын туыстарының нотариалды расталған өтініші;
4) бала (балалар) оқитын білім беру ұйымының әкімшілігімен расталған жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға жылжымайтын мүліктің меншік иесі болып табылатын баланың (балалардың) келісімі (бала 10 жасқа толған жағдайда);
5) мәмілелерді ресімдеуге келмеген жұбайының (зайыбының) атынан нотариус растаған сенімхат, егер жұбайы (зайыбы) қайтыс болған жағдайда қайтыс болуы туралы куәлік;
6) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
7) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;
8) «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 112бұйрығымен (бұдан әрі – № 112 бұйрық) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 тіркелген) бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтама (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда).
порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұранысы;
2) көрсетілетін қызметті алушыдан кепілді тұрғын үй беру туралы нотариалды расталған өтініштің не кепілді тұрғын үй беру туралы жақын туыстарының нотариалды расталған өтінішінің электрондық көшірмесі;
3) бала (балалар) оқитын білім беру ұйымының әкімшілігімен расталған жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға жылжымайтын мүліктің меншік иесі болып табылатын баланың (балалардың) келісімінің электрондық көшірмесі (бала 10 жасқа толған жағдайда);
4) мәмілелерді ресімдеуге келмеген жұбайының (зайыбының) атынан нотариус растаған сенімхаттың, егер жұбайы (зайыбы) қайтыс болған жағдайда қайтыс болуы туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
5) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
6) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
7) № 112 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтаманың электрондық көшірмесі (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда).
кәмелетке толмаған балаға тиесілі тұрғын үй кепілдігімен несие ресімдеу үшін банктерге анықтама алу кезінде:
ХҚО-да:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) заңды өкілдерінен кепілді тұрғын үй беру туралы нотариалды расталған өтініш не банк алдында міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда кепілді тұрғын үй беру туралы жақын туыстарынан нотариалды расталған өтініш;
4) бала (балалар) оқитын білім беру ұйымының әкімшілігімен расталған тұрғын үйді иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға тұрғын үйдың меншік иесі болып табылатын баланың (балалардың) келісімі (бала 10 жасқа толған жағдайда);
5) мәмілелерді ресімдеуге келмеген жұбайының (зайыбының) атынан нотариус растаған сенімхат, егер жұбайы (зайбы) қайтыс болған жағдайда қайтыс болуы туралы куәлік;
6) банктен кәмелетке толмағанға тиесілі тұрғын үйді кепілге қоюға рұқсатқа анықтама беру туралы хат (кәмелетке толмағанға тиесілі тұрғын үйді кепілге қойып несие берген жағдайда);
7) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
8) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
9) № 112 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтама (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда).
порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұранысы;
2) заңды өкілдерінен кепілді тұрғын үй беру туралы нотариалды расталған өтініштің не банк алдында міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда кепілді тұрғын үй беру туралы жақын туыстарынан нотариалды расталған өтінішінің электрондық көшірмесі;
3) кәмелетке толмаған (балалар) оқитын білім беру ұйымының әкімшілігімен расталған жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға жылжымайтын мүліктің меншік иесі болып табылатын кәмелетке толмағанның (балалардың) келісімінің электрондық көшірмесі;
4) мәмілелерді ресімдеуге келмеген жұбайының (зайыбының) атынан нотариус растаған сенімхаттың, егер жұбайы (зайыбы) қайтыс болған жағдайда қайтыс болуы туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
5) банктен кәмелетке толмағанға тиесілі тұрғын үйді кепілге қоюға рұқсатқа анықтама беру туралы хаттың электрондық көшірмесі (кәмелетке толмағанға тиесілі тұрғын үйді кепілге қойып несие берген жағдайда);
6) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
7) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
8) № 112 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтаманың электрондық көшірмесі (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттарының, баланың туу туралы куәлігінің (бала 2007 жылғы 13 тамыздан кейін туылған жағдайда), некеге тұру немесе бұзу туралы куәлігінің (2008 жылдан кейін некеге тұрған немесе бұзған жағдайда), туу туралы анықтама (бала 2008 жылдан кейін некесіз туылса) не Қазақстан Республикасынан тыс, жылжымайтын мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттардың мәліметтерін ХҚО қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілген қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйедегі мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
ХҚО арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға мынадай мәліметтерді көрсетіп, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді:
сұраныстың нөмірі мен қабылданған күні;
сұралатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
құжаттар берілетін күні (уақыты) және орны;
ХҚО қызметкері құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда);
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) және байланыс телефондары.
ХҚО-да дайын құжаттарды беру жеке куәлігін (немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсыну кезінде құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
ХҚО бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда ХҚО-ның сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін ХҚО-ға жібереді.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сұранысын қабылдау туралы, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні және уақыты көрсетілген хабарлама мәртебесі жіберіледі.
Порталда электрондық сұранысты қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тартуға негіздемелер он төрт жасқа толмаған жетім баланың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың тұрғын үйін иеліктен шығару, оның ішінде айырбастау немесе сыйға тарту бойынша мәмілелер жасау немесе олардың атынан кепілгерлік шартын, тұрғын үйді өтеусіз пайдалануға тапсыру немесе кепілге қою бойынша мәмілелер, заң жүзінде, өсиет бойынша оларға тиесілі мұрагерлік құқықтардан бас тартуына, олардың тұрғын үйін бөлуге немесе одан үлес бөліп алуға әкеп соқтыратын мәмілелер жасау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың,
облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы
органдарының, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету
орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 19-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – әкімдік) басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Жеке тұлғаның арызында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), пошталық мекен-жайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Шағымның қабылдануын растау оның шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) тіркелуі болып табылады.
ХҚО-ға қолма-қол, сонымен бірге пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымның ілеспе хатына қойылады) болып табылады.
Портал арқылы өтініш білдіргенде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланысорталығының «1414» телефоны бойынша алуға болады.
Портал арқылы өтініштерді жолдау кезінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші тарапынан шығымдарды өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу туралы белгілер, қарастыру немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтініш жөніндегі ақпарат қолжетімді.
Көрсетілетін қызметті берушінің, әкімдіктің немесе ХҚО-ның мекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады. Шағымды қарастыру нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, әкімдіктің немесе ХҚО-ның кеңесесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық
нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы
көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де
талаптар

13. Заңнамада белгіленген тәртіпте адамның өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп-тұруын бағдарлай алу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды ХҚО қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының «1414» нөмеріне жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне шығумен жүзеге асырады.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
Министрлік www.edu.gov.kz;
ХҚО www.con.gov.kz;
порталда.
15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда көрсетілетін мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен жағдайы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының «1414» арқылы алу мүмкіндігіне ие.
17. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің: www.bala-kkk.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

«Кәмелетке толмаған балаларға меншік
құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын
мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық
немесе қамқоршылық бойынша 
функцияларды жүзеге асыратын 
органдардың анықтамаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 
1-қосымша

Нысан

Астана және Алматы қалаларының,
аудандардың және облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы
органдарының қағаз түрде берген
құжаттың шығу нысаны

Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша беретін анықтама

Кәмелетке толмаған(-дар) ____________________________________________
(кәмелетке толмаған (-дар) Т.Ә.А. (бар болғанда)
_____________________________________________________________________
мүдделеріне әрекет ететін Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары
_____________________________________________________________________
мекенжайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүлікті ____________________ рұқсат береді.

Анықтама берілген күнінен бастап 1 (бір) ай жарамды.

Астана және Алматы қалаларының,
аудандардың және облыстық маңызы
бар қалалардың жергілікті атқарушы
органдарының басшысы ___________ ______________________
(қолы) (Т.А.Ә. (бар болғанда)

Мөрдің орны

Астана және Алматы қалаларының,
аудандардың және облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы 
органдарының электронды түрде берген
құжаттың шығу нысаны

Құжат электрондық үкімет жүйесінде құрылған
Документ сформирован системой электронного правительства

ЭҮП/ПЭП

ХҚКО/ЦОН

АЖО/АРМ



Берілген күні
Дата выдачи



Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша беретін
анықтама

Кәмелетке толмаған(-дар) ____________________________________________
(кәмелетке толмаған (-дар) Т.Ә.А. (бар болғанда)
_____________________________________________________________________
мүдделеріне әрекет ететін Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдар
_____________________________________________________________________
мекенжайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүлікті ____________________ рұқсат береді.

Астана және Алматы қалаларының,
аудандардың және облыстық маңызы
бар қалалардың жергілікті атқарушы
органдарының басшысы _____________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда)

Анықтама берілген күнінен бастап 1 (бір) ай жарамды.

Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-II Қазақстан Республикасының Заңының7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз тасығыштағы құжатқа тең. Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронный цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.

*Штрих-код «Электрондық әкімдік» ақпараттық жүйесі ұсынған және электрондық-цифрлық қолтаңба мен қол қойылған деректерді қамтиды
Штрих-код содержит данные, предоставленные информационной системой «Электронный акимат» и подписанные электронно-цифровой подписью

«Кәмелетке толмаған балаларға меншік
құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын
мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық
немесе қамқоршылық бойынша 
функцияларды жүзеге асыратын 
органдардың анықтамаларын беру» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
стандартына 
2-қосымша

Нысан

Астана және Алматы қалаларының, 
аудандардың және облыстық маңызы
бар қалалардың жергілікті атқарушы
органдарының басшысына 
____________________________________
мекенжайы бойынша тұратын, 
телефоны: 
ерлі-зайыптылардан _________________
____________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болғанда)
жеке сәйкестендіру нөмері)

Өтініш

Сіздерден _____________________________________________________
мекенжайында орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен алуға рұқсат беруді сұраймыз.
Балаларымыз:
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
(балалардың Т.А.Ә. (бар болғанда) және жеке сәйкестендіру нөмері, туған жылы, туу туралы куәліктің № көрсету, 10 жастан асқан балалар қолдарын қойып, «келісемін» деген сөзді жазады)
Әкесі туралы мәліметтер (Т.А.Ә. (бар болғанда) және жеке сәйкестендіру нөмері, жеке куәліктің №, кім және қашан берді) _____________________________________________________________________
Шешесі туралы мәліметтер (Т.А.Ә. (бар болғанда) және жеке сәйкестендіру нөмері, жеке куәліктің №, кім және қашан берді)
_____________________________________________________________________
Бұдан әрі тұратындар мекенжайы ________________________________
«Келешекте балалар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі» деген сөйлемді (өз қолымен жазу) __________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды құпиямен қорғалатын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Жеке сәйкестендіру нөмері ___________________________
(көрсетілетін қызметті алушы)

«___» _____________ 20__ жыл Ерлі-зайыптылардың қолдары

 

Скачать:Kmeletke-tolmaan-balalara-menshk-yynda-tiesl-mlkpen.doc [200 Kb] (cкачиваний: 1)


Категория: «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тие

 

«Шаш сән үлгісі-2017»

Автор: admin от 11-02-2017, 04:49, посмотрело: 489

0

Мұхаммед Хайдар Дулати  орта мектебі

«Қыз  Жібек» қыздар клубымен өткізілген «Әсемдік әркімге жарасады» атты «Шаш  сән үлгісі-2017»  байқауы

 

Өткізілген күні: 28.01.2017 жылы 

Тақырыбы: Әсемдік әркімге жарасады  атты «Шаш  сән үлгісі-2017»  байқау.

Байқаудың  мақсаты:қыздардың  шаштарының саулығы мен сымбатталығын сақтап қалу. Шаш күтіміне арналған кеңестер айтылды.

Байқау барысында  8-10 сыныптан   71 оқушы қатысты. Қатысқан оқушылар    3 кезең бойынша  шаш сән үлгілерін  жасап көрсетті. Әр оқушы  шаш күтіміне байланысты   әртүрлі шаш үлгісін көрсетті. Осы атаған іс шараға ауылымыздың шаштаразшылары  Байқұлова Эльвира мен Сейтова Баян шақырылып, әділқазы мүшелері болды.

1 кезең мектеп  оқушысының үлгісіндегі шаш

2 кезең кешкі сән

3 кезең өз ойынан шығарылған сән үлгісі 

     Мектеп оқушысы үлгісінде 8 в сынып оқушысы Королева Даша , ретро стиль түрінде 8 б сынып оқушысы Биназар Гүлнұр, кешкі сән үлгісі кезеңінде 5 а сынып оқушысы Сағатбек Айдана  өте жақсы деңгейде шаш сән үлгісін  жасай біліп, жеңімпаздар  танылды.  Байқау соңында  мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

 

     

 

 

 

              

Категория: Открытый конкурс

 

новый год

Автор: admin от 25-01-2017, 21:55, посмотрело: 190

0

Категория: Галерея

 

новый год

Автор: admin от 25-01-2017, 21:45, посмотрело: 229

21

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Галерея

 

Новый год 5 класс

Автор: admin от 25-01-2017, 21:39, посмотрело: 162

0

Сценарий тақырыбы: «ЭКСПО-ның шырша алаңы!»

Сценарий мақсаты: балаларда мерекелік көңіл-күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың: Аязатаның, Ақшақардың карнавалдық киіміне назар аударту; көңілді ойындар ойнату; достық қарым-қатынас ойнату; бірлескен ойындар ойнату; аудиторияға мерекелік көңіл –күй  жасау.

Қатысушылар: жүргізушілер, Аязата, Ақшақар, 5 сынып оқушылары.

Сценарий түрі: карнавал

Сценарий барысы:

Карнавал «Жаңа Жыл» атты мерекелік ән шашумен басталады. Орындайтындар: Аширова Аида, Ербаева Гүлназ (4 минут)

Сахнаға 2 жүргізуші шығады.

Жүргізуші 1:  Тарихтағы түріктің, киелі көк бөрінің, асыл текті Алаштың ұрпағы, қайырлы күн!

Жүргізуші 2: Армысыздар, бармысыздар, достар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер!

Жүргізуші 1:

Аппақ бүгін қыр, далам,

Ақ мақтаны жапқандай!

Бүкіл әлем – бір ғалам,

Қонақ күтіп жатқандай.  

Жүргізуші 2:

Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде - әр қылық.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық.

Жүргізуші 1: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан Тауық жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешімізді ашу үшін мектеп директоры Ақмарал Тұрсынбайқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бағымбекова Айгүл Алимханқызын ортаға шақырамыз! (7 минут)

Жүргізуші 2:

Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар,

Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар.

Әнші ұлың ән салғанда беу шіркін,

Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар! – деп кезекті әсем әнге берсек. Мұсатай Диананың орындауындағы ... (Жаңа жыл тақырыбында) әні. Қарсы алыңыздар! Ән орындалады (4 минут)

Жүргізуші 1: Уа, халайық жараңдар,

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдың бұл тойын,

Салтанатқа санаңдар

 Қызық көріп, шат болып,

 Шаттық күліп тараңдар,

Уа, халайық құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті.

Уа, халайық той бүгін,

Бақыт, шаттық мол бүгін.

Қарсы алайық Тауық жылын Ұзатып сап Мешінді! (ортаға мешін персонажы келеді)

Жүргізуші 2: Мешін жылының айтулы оқиғаға толы жылдарыда қазақ тарихында аз емес. Соларға тоқтала кетсек. Алдымен, әлем тарихын алсақ, мешін жылғы елеулі тарихи оқиғалардың бірі 1896 жылы Афинада өткен алғашқы жазғы Олимпиада ойындары болатын. Қазақ қауымы халықаралық спорт додасында ұландарына жанкүйер болған алғашқы олимпиаданың бірі - 1980 жылы Мәскеуде өткен Жазғы Олимпиада болатын. Оған Қазақ КСР-нан 20 спортшы қатысып, 16-сы жүлдемен оралды. 2004 жылы Олимпиада Афинада қайтадан өтті. Әлемнің жұмбақтарының бірі әлі күнге шейін құпиясын толық ашпаған Тунгус метеориті 1908 жылы - мешін жылы жерге құлаған екен.  Қазақтың ең қасіретті тарихының бірі, жоңғар шапқыншылығы тұсындағы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан» кейін орын алатын мешін жылы басталған 1932-33 жылдардағы ашаршылық еді. 1956 жылы әлемге «Тың игеру» науқаны жария етілді.

Жүргізуші 1: Бізге етене таныс әрі көбіміздің басымыздан өткен Тәуелсіздіктің тарихи оқиғаларының  бір парасы мешін жылына  тиесілі. Өйткені, 1992 жылы Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасып жатты. Айтар болсақ, тұңғыш қазақстандық алтын мешін жылы 1992 жылы 27 қаңтарда Өскеменде шығарылған. Оның сынамасы ең жоғары, салмағы 10 келіден асатын болған. Сол жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы БҰҰ-ға мүше болып қабылданды. Сөйтіп еліміз әлем тарапынан құқықтық тұрғыдан мойындалды. Сол жылы Қазақстан полициясы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылды. Елдегі ең танымал ғимараттардың қатарына кіретін Ақорда да мешін жылы пайдалануға берілген. 2004 жылы 24 желтоқсанда Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы ресми түрде ашылды. Жаңа ғимаратты «Ақ Орда» деп атады. Мешін жылғы жетістіктердің бірі әлеуметтік желі екен. Айталық, 2004 жылы 4 ақпанда Марк Цукерберг үш досымен бірге әлемге белгілі Фейсбук әлеуметтік желісін құрды. (Мешін персонажы балаларға жылы тілек лебізін білдіреді)

(мешіннен кейін ортаға тауық персонажы келеді)

Жүргізуші 2: Ал, Тауық жылына келетін болсақ. Тауық жылы – мүшел есебінің оныншы жылы. Мешін жылынан соң, ит жылынан бұрын келеді, 12 жылда бір рет қайталанып отырады. Тауық жылы Азия халықтарының (қазақ, өзбек, қырғыз, түрікмен, Әзірбайжан, т.б.) көпшілігінің күнтізбелерінде қолданылады. 2005 2006 жылдар аралығы Тауық жылы болды. Тауық жылы енді 2018 жылдары қайталанады екен. Тауық жылы туылғандар үй-үйелменіне қамқор болып, кез-келген адаммен тез тіл табысады, отбасында адал. Ақыл-ойы бір басына жетерлік. Биылғы Тауық жылында біздің елімізде болатын жаңалықтарда жетерлік. Соның ішінде ЭКСПО-ның орны ерекше. EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысына тиесілі. 2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде Қазақстан Республикасының өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін сайлау қарсаңы науқанына ресми түрде кірісті. 2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына кепілдік берді. Біздің Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған. 2012 жылғы 22 қарашада Халықаралық көрмелер бюросына  мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.

Жүргізуші 1: Олай болса, Тауық жылының жылы лебізін тыңдап, әсем әнге кезек берсек . ( тауық персонажы аудиторияға тілегін айтады)

Ән: "Жаңа Жыл" . орындайтын Нұрғазы Арнат.

Жүргізуші 1: Біздің биылғы жаңа жылымыз жылдағыдан ерекше, себебі Мешін жылы еліміз талай белестерді бағындырды. Сонымен қатар алтын ұя мектебіміз де өз тарихындағы үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

Жүргізуші 2: Әр сыныптан екі оқушыдан ортаға шақырып, Жаңа жылымыздың сәнін келтіретін Аяз ата мен Ақшақарды іздеп, тауып алып келуге жұмасасақ қалай қарайсыздар? Аяз ата мен Ақшақар қайда мерекелеп жүргенін білмейміз, сіздер осы хатты оларға апарып беріп, кешіміздің басты қонақтарын бірге алып келесіздер деген үміттемін. Уақытымыз шектеулі, сіздерге аз ғана уақыт беріледі. (Оқушыларды шығарып жібереміз). Ал жолдарыңыз болсын, іске сәт, достар. 

Жүргізуші 1: Ендеше, достарымыздың жағымды хабармен келеді деген үміттеміз.  Барлықтарыңызды мерекелік кештің керемет биін тамашалауға шақырамыз! Ортада  5 «а» сынып оқушыларының биі (10 минут)

Жүргізуші 1: Рақмет, достар. Орындарыңызға жайғасыңыздар. Біздің достарымыздың межелеген уақыты да таяп қалды, ал біздің барлаушыларымыз қайда екен? (Іздеп кеткен оқушылар келеді. Біреуі айқайлап айтады.Тапқан баланың сөзі: Мен таптым! Мен таптым! Біздің кешіміздің құрметті қонақтарын алып келе жатырмын!

Жүргізуші 2: Міне, міне, мен жақсы хабар естіген сияқтымын. Сіздер ше? 

Жүргізуші 1: Мінекей, біздің көптен күткен қонақтарымыз да келеді. Олай болса, орнымыздан тұрып, қонақтарымызды қошеметпен қарсы алайық.

Жүргізуші 2: Бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар» деп оларды ортамызға шақырайық. (Аяз Ата мен Ақшақар кіреді)

Аяз ата: Амансыңдар ма, балаларым! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4-пен 5-ке оқыңыздар! Біз сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.

Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар.

Аяз ата: Біз жалғыз емес, сендерге достарымызды да алып келдік.Біз сіздерге жеткенше біраз шаршап та қалдық.

Жүргізуші 1: Қош келдіңіз Аяз Ата, Қарсы аламыз орын беріп. Ән салыңыз бізбен бірге, Би билеңіз бізге еріп.

Жүргізуші 2: Ортамыз нұрға толып,  Төрт құбыламыз түгел болды.

Жүргізуші 1: Аяз ата, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашаламаз бұрын, әдемі шыршамызды « В лесу родилас ёлочка» әнімен айналып шықсақ қалай қарайсыз? (балалар қол ұстатасып, шыршаны әндете айналады)

Жүргізуші 2: Олай болса, кешіміз одан әрі жалғасын табады. Ортаға Аралбек Санжарды "Қазақ қызға үйленем" әнімен шақырамыз.

Жүргізуші 1:

Биіктерге құлаш сермейді,

Шарықтап көкке өрлейді.

Өтсе де қанша ғасырлар,

Халық мұрасы өлмейді.

Жүргізуші 1:Құлақтан кіріп, бойды алар Әсем ән мен тәтті күй, Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең менше сүй, - деп Алаш жұртына есімі мәшһүр болған ғасырлар тоғысындағы ұлы тұлға Абай атамыз айтқандай, әнді Абайша сүйіп бүгінде үлкен сахналарда өз өнерін халқына паш етіп жүрген5 сынып оқушысы Аружанға  микрофон ұсынамыз!

 Аружанның орындауында "Жаңа Жыл" әні.

Жүргізуші 2:

Ақынбыз асау - біз деген,

Өмірден сәуле іздеген.

Қызыл көйлек кигенім,

Қызылға құмар қыз деген, - деп ақындықтың биігіне ұмтылып қара өлеңнің қадірін жастайынан біліп өскен кешегі өткен ұлылардың ұрпағы, асылдың сынықтарының қаламынан туған жырын жалғастырар өз арнау жыр-шумақтарына кезек берейік! ( 8-10 тақпақтар оқылады )

Жүргізуші 1:

Сыр қалмасын көңілде ақтарылмай,

Бақытын өз елінде тапқан ұдай.

Тай құлындай жарысып бірге өскен,

Балауса балалықтың шақтарындай, - демекші мектеп оқушыларын әсем биін тамашалаңыздар!

 Жүргізуші 2: Келесі тамашалайтындарыңыз 5 "б" сыныбының орындауында " Жаңа Жыл" әні  .

Жүргізуші 1: Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық. Аязата, біздің балаларға құр келмей өзіңізбен бірге қызықты ойындар әкелген боларсыз?

Аязата: Әрине. Ақшақар, қанекей балам, шақырағой ортаға балаларды.

Ақшақар: құрметті, балалар. Бұл ойынға бізге 6 оқушы керек. (оқушылар ортаға шыққаннан кейін) Сізге салфеткадан қар суреттерін қию керек, кім бірінші сол жеңімпаз. (Ойыншыларымызды ортаға жайғастырып, 1 минут уақыт беріледі. Тез және әдемі қар суретін қиған ойыншыға сыйлық беріледі.) (Аяз Ата өз сыйлығын береді)

Жүргізуші 1:

Ал, халайық, тұрмайық  Әндетейік, жырлайық 

Ортамызды ашайық 

Ырыс тілеп бұл жылға 

Жырдан шашу шашайық! Ән орындалады (Тұтқабай Жансәуле, Қасым Аружан)

Аязата: Ал енді кезекті келесі тағы бір ойынға берсек. Ойынға қатысатын сайыскерлерді анықтау үшін, алдымен мен сендерге жұмбақтар жасырамын. Дұрыс жауабын тапқан оқушылар өздеріне жұп таңдап ортаға шығады. Ал ендеше бастайық.

1)  Бес жігіт сапар шегіп шықты жолға,  Мінгені бесеуінің жалғыз жорға (қолғап) 2) Тоғыз белбеу, қос жібек, екі мұрын, бір шүмек (домбыра) 3) бір үйде тұрады елу батыр, шыққаны үйге сүйкеніп өліп жатыр (сіріңке) 4) Бір құтыда екі түрлі су жатады, қайнатсаң мұз боп қптпды (жұмыртқа)

Ақшақар: Бәрекелді, балалар.Бұл ойын «Тосын сый» деп аталады. Мына тұрған шарлардың ішінде құпия тапсырма жатыр. Сіздер құраған жұп бұл шарлардың біреуін таңдап, қолдың көмегінсіз шарды жаруыңыз керек, және де аяқ киіммен де басуға болмайды. Айланы өздеріңіз ойлап табасыз. Шарды жарып болған соң, қағаздағы тапсырманы орындайсыз. Егер орындамасаңыз сыйлықтан құр қалдыңыз деп есептей беріңіз.солай ғой, Ата?

Аязата: Әрине, балам!  Ал енді ойынды бастайық. Сұрақтарды оқиық.( Ойын тапсырмалары: 1. Лимонның жартысын қантсыз жеу керек.  2. Осы отырған оқушылардың арасынан қыз/жігіттің біреуін таңдап, жылы сөздер айту керек. 3. 7,8,9 санының көбейту кестесін айтыңыз. 4. Қоянның қимылын келтіріңіз.)  (Ойын біткен соң)

Жүргізуші 2: Кешегі сайын дала төсінде қырандай самғап, еркіндікте өмір сүрген бабалар мирасы - халық биі "Қара жорға". Қарсы алыңыздар! "Қара жорға" биі (Барлық сыныптар қосыла)

Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Ал енді біз жолға шығайьқ. Бізді басқа да сендер сияқты балалар күтіп отыр. Тағы да Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,  Тек жақсылық көріңдер. Жылау, ауру, жамандық Қастарыңда болмасын Сау болыңдар, балалар!

Аяз-Ата: Қош, сау болыңдар, балалар!

Жүргізуші 2: Жаңа жыл, жаңа жыл. Қалауын тап, қар үстіне қада гүл, 

Жүргізуші 1: Жаңа жыл, жаңа жыл. Сан тілектің бастамасы ғана бұл.

Жүргізуші 2: Кел жаңа жыл, игілік боп, иба боп Жер бетіне кереметті жина көп.

Жүргізуші 1: Ақ қауырсын қанатына қайғы емес Түтін емес, рауан нұры жинап от. Жаңа жылдарың құтты болсын! 

Жүргізуші 2: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын. 

Жүргізуші 1: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!
Жүргізуші 2: Аяз ата мен Ақшақарды суретке түсуге шақырайық!

 

Категория: 5 класс

 

новый год 1 класс

Автор: admin от 22-01-2017, 23:33, посмотрело: 179

0

 

 

 

 

 

 

 

Категория: 1 класс

 

Новый год 2 класс

Автор: admin от 22-01-2017, 23:27, посмотрело: 127

0

Тақырыбы : «ЭКСПО-ның  жаңа жылдық алауы»

Мақсаты:      Балаларды   «Жаңа жыл» мерекесімен таныстыру. Орман аңдарының  және  дүние жүзінің адамдары шырша тойын  қалай түсінетіні және  оны  қалай тойлайтыны  жайында  түсінік беру;

     Балардың көңіл күйін көтеру, балаларды ұғымды әңгімелерге  қатыстыру , әдеби  шығармалардың   кейіпкерлерін танып білу,

     Өлеңдерді , тақпақтарды еске сақтауға үйрету, балаларды достыққа тәрбиелеу.

 
Мерекеге қатысушылар:     Сайқымазақ ,  Сыйқыршы,   Аяз ата,  Ақшақар,  Миики Маус,  Минни Маус,   Аю, Маша, Губкабоб,   Мыстан кемпір

 

Ертеңгілік барысы:

Мұғалім : Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Біз сіздерді Жаңа«ЭКСПО-2017 »жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз.
Балалар енді Жаңа жыл ертеңгілігімізді бастайық.


«Экспо- 2017» — Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 шілде мен 10 қыркүйек дейін аралығында өтеді. Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады.

 

1 жүргізуші:
Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар.
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,

2 - жүргізуші:
Айнала қоршап шыршаны,
Шашылар шашу – жыр әні.
Мынау әсем шыршаға,
Қош келдіңіз, балалар.

1 - жүргізуші: Жаңа жылдық шырша мерекесіне қош келдіңіздер, балалар.

2 - жүргізуші:
Төрлетіңдер, төрлетіңдер.
Шырша сәнің көріңдер.
Әсем әнмен би билеп,
Күй жырларды төгіңдер.

1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Біз сіздерді Жаңа 2017 тауық  жылымен   құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз.

. Олай болса, кешімізді ашып беру үшін, мерекелік тойымыздың алғашқы сөзін мектеп директоры  Жандабаева Ақмарал  Турсунбаевнаға   сөз кезегін береміз.
Балалар, енді Жаңа жыл мейрамын бастайық



<!-- [if !supportLineBreakNewLine] -->
<!-- [endif] -->

. Маған Жаңа жылды білдіретін сандарды кім айтады екен сол арқылы телефон соғып қонақтарды шақырайын.

Микрофоннан дыбыс шығады. Телефоннан нөмір тере бастайды. Нөмірді дауыстап: 31 12 12 20 13 телефонның дауысы шығады(алдын ала жазып қою!)

Сайқымазақпен сөйлеседі:
сыйқыршы :- Алло, бұл кім екен?
Сайқымазақ:- Кімге қоңырау шалдыңыз!
Сыйқыршы :- Балалар жаңа жылдық сандар айтқан. Соны тергенде Сіздің нөміріңіз шықты.
Сайқымазақ:- Жақсы! Мен Сайқымазақпын. Өзім де сендердің мерекелеріңе бармақшы болып дайындалып жатқанмын. Қазір жетем!

Көңілді әуен қосылады. Сайқымазақ шығады.
Сайқымазақ:
Қане біздің қонақтар!
Басқаға мойын бұрмаңдар!
Бізге қарай жақындап
Қызық күлкі тыңдаңыздар!

Сайқымазақ:  Сен қайдан келдің? Аспаннан түстің бе?

Сыйқыршы: Мен бір нәрсені шатастырып тұрған секілдімін. Маған екеуміздің
біреуіміз шатасып, басқа жерге келіп тұрған секілдіміз.

Сайқымазақ: Біз мерекеге келдік, халық бізбен көңіл көтереді. Сен кімсің өзің?
Сыйқыршы : Мен Ұқыпсыз адаммын. Жаңа жылға асығып келдім. Енді міне, қайда келгенімді білмей тұрмын.
<!-- [if !supportLineBreakNewLine] -->
<!-- [endif] -->

Би:     «Жаңа жыл»

 

Жана жылдық тақпақтар

Азамат

Елнұр

Дильназ

Айшолпан

 

 Көрініс   Хор:«Балдырғандар»ұлдар тобы

Миики Маус, Минни Маус

Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын!

Ән: «Туған жер »

Тақпақтар

Нұрсая

Бекасыл

Аружан

Олжас

Аю, Маша

Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын

Ән: «Қазақ   қыздары»


Сайқымазақ: Қайда асықсаң, сонда келдің. Қарашы айналаңа, адамдарда мереке, барлығы көңілді, бақытты Жаңа жылды қарсы алуда! Қараңыздаршы, қандай тамаша шырша халық сол мерекені қанекей бізбен бірге қалып көңіл көтеріп бәріміз билейік.

 

 Ал барлық халық Аяз ата мен Ақшақарды көргісі келіп тұрған секілді. Олардың да келетін уақыты болған секілді. Біз жеделхатты алғанымызға көп болды ғой. Ал енді біздер осы жерге бір би билеп сосын аяз атаны шақырайық.
(Би биленеді.)
Аяз атамен Ақшақарды шақырайық:
Аяз ата, Ақшақар. Аяз ата, Ақшақар

Аяз ата: Уа, жұртым, жиналған.
Көңілдерің дүр маржан
Айналайын ұлдардан
Айналайын қыздардан
Аяз ата, Ақшақар
Жетті жолдан қиналған
Ештеңе емес барлығы,
Алдымыздан күлді арман
Мықтылығым мәлім ғой.
Өтіп кеткен жылдардан
Ақшақар: Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын! 


Шыршаны айналып  «Шырша жыры» орындалады әні орындалады.
«Үнді »биі
1 - жүргізуші: О, халайық, жараңдар.
Қилы - қилы заман бар.
Мешін  жылы  жылыстап,
Кетіп барады қараңдар.
О, халайық, халайық.
Қош айтысып қалайық!

2 - жүргізуші: Құрметті достар! Бізге жақсылықтарымен толы болған.Мешін  жылын шығарып салайық.

Төрде Мешін отырады.

Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2017 жыл қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.!
Келесі жыл бастауын  тауыққа  беремін.(Сахнаға тауық  шығады.)

 

Ақшақар: Қош келдің Жаңа жыл.
Аяз ата: - Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат. Он екі ай бойы бағып - қақ. Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!


2 - жүргізуші:

 Жаңа жыл!
Бар бол, Жаңа жыл.
Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.
Құт - береке жылы бол, Жаңа жыл.

Хор: «Алақай»қыздар тобы

Тақпақтар

Аяжан

Амина

Азамат

Жасұлан

 

Хор:  « Кішкентай   шыршалар»

 

 

 

 

 

 

 

Дархан

Нұрсұлтан

Құралай

Алмат

 

 

 

 

Ән: «Қазақстан»


- Жаңа жылдарыңмен достар! Шанамызға мінейік Ақшақар. Алда барар ауыл бар, Жыл қуантсын баршаны.
Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.
Барлығы: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!
(Хормен шыршаны айнала «Жаңа жыл » әні орындалады )
<!-- [if !supportLineBreakNewLine] -->
<!-- [endif] -->

 

Қорытынды:

 

Аяз атаның  сыйлығы

Ата –аналарға сөз кезегін  берейік

<!-- [if !supportLineBreakNewLine] -->
<!-- [endif] -->

 

 

 

Категория: 2 класс

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine