» » Страница 3

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ

Автор: admin от 18-03-2021, 23:37, посмотрело: 137

0 1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ EGOV.KZ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 264 бұйрығы және Жамбыл облысы әкімінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №2 қаулысына сәйкес 2021-2022 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы жүзеге асырылады.
Ата-аналарға порталдың «Білім» бөлімінен «Орта білім» бөліміне өту қажет. Ары қарай «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» қызметін таңдап, қажетті құжаттарды қоса жолдай отырып өтініш беру жеткілікті.
Бірінші сыныпқа өтініштер ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін қабылданады.
Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:
• Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан);
• Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
• Денсаулығы туралы анықтамасы (медициналық паспорт);
• 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
• 3*4 2 фотосурет.

Категория: Рухани Жанғыру

 

"Көгалдандыру және көгеріштендіру"

Автор: admin от 18-03-2021, 23:35, посмотрело: 233

0 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде "Көгалдандыру және көгеріштендіру" айлығының жоспарына сәйкес мектеп ауласын тазарттық. Мектеп территориясының көгалдандыру мәселесінің маңызы зор. Себебі балалар 6-жасынан мектепке келіп, 11-жыл өмірін осы жерде күнделікті өткізеді. Осы жерде білім алып, күніне 5-6 сағат осы мектеп территориясында болады. Демек, мектеп территориясында көгалдандыру жұмыстарын дұрыс жүргізу арқылы, қолайлы экологиялық жағдай жасаудың маңызы арта түспек.
Көгалдандыру жұмыстарын жүргізгенде төмендегі мәселелерді ескеру керек.
1. Жергілікті жердің табиғи климат жағдайы .
2. Жердің географиялық орны .
3. Топырақ құнарлығы.
4. Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері.
5. Өсімдіктердің экологиялық ерекшеліктері.6. Өсімдіктердің үйлесімділігі.
7. Жергілікті жердің экологиялық жағдайы.
8. Көгалдандырудың эстетикалық жағдайы. (аспектісі)

Категория: Рухани Жанғыру

 

Жасыл ел жобасы

Автор: admin от 18-03-2021, 23:33, посмотрело: 158

0 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде биология пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 5-7 сыныптар аралығында онлайн форматта Жасыл ел жобасы аясында жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы мағлұмат беру. Балалардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, ой-өрісін дамыту. Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу. Балаларды адамгершілікке, табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор бола білуге тәрбиелеу мақсатында "Құстар - біздің досымыз" атты фотокөрме өткізілді.

Категория: Рухани Жанғыру

 

«30 жыл – 30 игі іс»

Автор: admin от 18-03-2021, 23:25, посмотрело: 162

0 Елдің елдігі оның тарихы мен болашағы бүгінгі ұрпақ қолында .Осы ұрпаққа қазақ тарихының бірегейлігін, қазақ даласының жеті қыры мен қасиетін таныта отырып, Отанға деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімі тәрбиелеу мектептің тәрбие бағытының басты мақсаты. Осы жерде ұлы даланың жеті қырына арналған көрме және Назарбаев Зияткерлік Мектебі іс тәжірибесін тарату бойынша мектептегі шаңырақ жобасы аясында әр түрлі бағыт бойынша атқарған жұмыстары орналасқан. Бұл жердегі мақсат: Әрбір ұрпақ жастайынан қазақ тарихының бірегейлігін танып, біліп өсу.
Тәуелсіздігіміздің мәңгі тұғырлы болуы ынтымақ пен бірлікте. Ал осы ынтымақ пен бірлікті сақтайтын ізгілік пен адамгершілік дәнін себу ұстаз қолында. Осы ізгілікті дарыту мақсатында Бірлік ауылында тұратын ұлттар мен ұлыстардың тарихын, дәстүрін, мәдениетін танытуға бағытталған «Менің кіші - Отаным» бағытындағы « Бір шаңырақ астында» жобасы 2 жыл көлемінде 16 шаңырақ жоба ретінде талдап, кезең кезеңмен қорғап жоба толықтай іске асты. Оның көрінісі мектептің екінші қабатындағы орналасқан үлкен көрме. Ел тарихындағы елеулі оқиға Тәуелсіздігімізге 30 жыл.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын ұлықтау, оқушы бойында патриоттық тәрбие беру бағыты бойынша «30 жыл – 30 игі іс» аясында оқушыларды рухани жағынан сусындатып өсіруді мақсат еткен мектептің тарихи этнографиялық мұражайын ашуды мақсат етіп отырмыз. Бүгінгі игі істің лентасын кесу Шу ауданы білім бөлімінің басшысы М.К.Жинақбаева және қамқоршылық кеңес төрайымы Т.Грибенюкке берілді.
#дулатиортамектебі
#мұражай
#музей
Шу ауданының білім бөлімі

Категория: Рухани Жанғыру

 

8 наурыз

Автор: admin от 18-03-2021, 23:23, посмотрело: 97

0 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің оқушылары барша аналарды, ұстаздарды, аруларды шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтау бейнероликтарын қабыл алыңыздар.
Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.
Деніңізге саулық, отбасыңызға береке - бірлік, мол табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймын:
Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!

Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын.
Әрқашан шаңырақтарыңызда береке болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке - бірлік тілейміз!

Категория: Рухани Жанғыру

 

"Білім сапасының кепілі-критериалды бағалау"

Автор: admin от 18-03-2021, 23:20, посмотрело: 180

0 Қашықтықтан оқыту жағдайында мұғалімдердің кәсіби өсуі мен кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде "Білім сапасының кепілі-критериалды бағалау" тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Ішкі кәсіби қоғамдастық аясында шебер ұстаздар Л.Абуева, В.Коротуненко, Н.Кайракбаева, С.Шевченко критериалды бағалаудың тиімді әдістерімен бөлісті. Критериалды бағалау білім алудағы қызығушылық пен білім сапасын арттырып, әсерін таныта отырып, ішкі қоғамдастықта кәсіби дамуға ықпал етті. Ішкі қоғамдастықта мұғалімдердің бір бағытта іс-әрекет етуі, білім сапасының кепілі. Әр тәлімгер шебер ұстаз өз тобында үздіксіз білім алуды қамтамасыз ете отырып, мектептің дамуын ықпал етіп отыр. Шебер ұстаздарға мың алғыс!!! Ішкі қоғамдастықта өз кәсіби дамуына мүдделі болып отырған ұстаздар қауымына мың алғыс!!!

Категория: Рухани Жанғыру

 

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектептің ұстаздарының 1-ші Наурыз алғыс айту күніне арналған құттықтаулар

Автор: admin от 18-03-2021, 23:17, посмотрело: 123

0 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектептің ұстаздарының 1-ші Наурыз алғыс айту күніне арналған құттықтауларын қабыл алыңыздар!

Категория: Рухани Жанғыру

 

Алғыс айту күні

Автор: admin от 18-03-2021, 23:14, посмотрело: 127

0 Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.осыған орай мектебіміздің 11 "Б" сынып оқушылары, мектептің ұланбасы Олпанбай Асылжан және мектептің білім министрі Яморжина Фатиманың ұстаздарға, ата-аналарға және де мектебіміздің директоры Жандабаева Акмарал Тұрсынбайқызына алғыс айтқан бейнеролигін қабыл алыңыздар!


Категория: Рухани Жанғыру

 

"Оқуға құштар мектеп"

Автор: admin от 18-03-2021, 23:04, посмотрело: 153

0 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектеп кітапханасында "Оқуға құштар мектеп жобасы өз жұмысын бастады! "Оқуға құштар мектеп" жобасын жүзеге асыру, еліміздегі кітапханалар ахуалы мен көркем әдебиеттерге деген оқушылар мен жастардың қызығушылығын арттыру және сол арқылы тіл байлығын дамытып, азаматтық қызығушылығын арттыру және сол арқылы тіл байлығын дамытып, азаматтық және рухани - адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру жағдайлары туралы айтылды.Кітапханада 4 сынып оқушылармен "Оқуға құштар " жобасы бойынша білімнің адам өміріндегі қажеттілігі, маңыздылығы туралы әңгімелесу жүргізілді! Әр оқушы өз пікірлерін айта келе әр оқушы келешекте мектеп жасынан бастап көркем әдебиетті оқуға ұмтылуы қажет екендігін айтып өтті!
#дулатиортамектебі

Категория: Рухани Жанғыру

 

Тәуелсіздіктің 30-жылдығы

Автор: admin от 17-03-2021, 01:55, посмотрело: 278

0 Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздіктің 30-жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – ұлттың рухын көтеретін, ұрпақтың мерейін өсіретін мәртебелі мейрам.
Тәуелсіздік – мемлекеттігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі.
Тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ.
Оны ең қымбат қазынаға, ең асыл аманатқа балаймыз.
Сондықтан бабалар аңсаған Тәуелсіздіктің қадірін жан-жүрегімізбен сезінеміз.
Егемендік – әр халыққа бұйыра бермейтін баға жетпес бақыт.
Тәуелсіздік шежіресі Тұңғыш Президентіміз – Елбасының тарихи тұлғасымен тығыз байланысты.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – жаңа дәуірдегі Қазақстанның негізін қалаған ұлы қайраткер.
Оның есімі жасампаздық жылнамасына Қазақ мемлекетінің авторы ретінде жазылды.
Міне, егемен еліміздің өміріндегі тағы бір мерейлі белес жақындап келеді.
Біз қастерлі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам басамыз.
#тәуелсіздікке30жыл
#дулатиортамектебі
Шу ауданының білім бөлімі

Категория: Рухани Жанғыру

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine