» Материалы за 17.03.2021

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Тәуелсіздіктің 30-жылдығы

Автор: admin от 17-03-2021, 01:55, посмотрело: 282

0 Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздіктің 30-жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – ұлттың рухын көтеретін, ұрпақтың мерейін өсіретін мәртебелі мейрам.
Тәуелсіздік – мемлекеттігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі.
Тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ.
Оны ең қымбат қазынаға, ең асыл аманатқа балаймыз.
Сондықтан бабалар аңсаған Тәуелсіздіктің қадірін жан-жүрегімізбен сезінеміз.
Егемендік – әр халыққа бұйыра бермейтін баға жетпес бақыт.
Тәуелсіздік шежіресі Тұңғыш Президентіміз – Елбасының тарихи тұлғасымен тығыз байланысты.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – жаңа дәуірдегі Қазақстанның негізін қалаған ұлы қайраткер.
Оның есімі жасампаздық жылнамасына Қазақ мемлекетінің авторы ретінде жазылды.
Міне, егемен еліміздің өміріндегі тағы бір мерейлі белес жақындап келеді.
Біз қастерлі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам басамыз.
#тәуелсіздікке30жыл
#дулатиортамектебі
Шу ауданының білім бөлімі

Категория: Рухани Жанғыру

 

"Жырлайды жүрек"

Автор: admin от 17-03-2021, 01:53, посмотрело: 106

0 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының жетекшісі Сейдуалиева Жанат тәтидің Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығына орай өткізіліп жатқан "Жырлайды жүрек" атты мұғалімдер мен оқушылар арасындағы мәнерлеп өлең оқу челлендж-ін мектепалды даярлық тобының оқушылары, өздерінің тәтті тілдерімен жалғастырып жатыр.
Сәттілік

Категория: Рухани Жанғыру

 

"Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап "

Автор: admin от 17-03-2021, 01:44, посмотрело: 178

0 2021 жылы Туелсіздігімізді алып, Егемен ел атанғанымызға 30жыл толды. Тарихи тұрғыдан бағамдасақ , отыз жыл - аса көп уақыт емес.Бұл жолы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап " рухани - мәдени акциясы ұсынылып отыр. Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде мектеп кітапханасында көрме жасалынып, 4 сынып оқушыларымен "Тәуелсіз шежіресі" атты іс- шара ұйымдастырылды .
Кітапхана меңгерушісі:Алкибаева Ж.

Категория: Рухани Жанғыру

 

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»

Автор: admin от 17-03-2021, 01:41, посмотрело: 136

0 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің барысында
«Анама сыйлық» атты балалар қолөнерінің конкурсы онлайн форматта өткізілді.

Категория: Рухани Жанғыру