» » психологиялық ағартушылық

 
 
 

психологиялық ағартушылық

Автор: admin от 6-04-2021, 03:43, посмотрело: 319

0 ТҮЗЕТЕ-ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ХАТТАМАСЫ (топтық)
Мерзімі: 17 наурыз 2021жыл
Тақырыбы: «Жетістікке жету өз қолында»
Мақсаты: қарым-қатынас үдерісінің маңыздылығын түсіндіру, кері байланысқа түсуде ақпараттардың түрленуін түсіндіру, тыңдай білу дағдыларын қалыптастыру айналадағы ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру, мәдени сөйлей білуді үйрету, өзара жағымды қарым-қатынас шеңберін арттыру, парасатты, ұйымшыл тұлға тәрбиелеу.
Сыныбы (тобы)-10 сыныптар қатысқаны: 12 оқушы
Түзету-дамыту жұмысының кезеңі Түзету жұмысының барысы Тренинг көрінісі
Жүру барысы:
Тренинг жоспары:
1. «Сәлемдесу» жаттығуы

2. «Менің жетістіктерім» жаттығуы

3. «Мен және менің жетістіктерім» релаксация

4. «Жетістікке жетудің жолдары»

5. Сергіту сәті


Қорытынды 1 Жүру барысы: Оқушылар оффлайн форматта өзінің атын айтады да, оны кім қойды және өзінің атының қандай мағына беретінін айтады. Атының бас әрпіне байланысты қандай жақсы қасиеттерді жатқызуға болады, соны айтылды. Келесі жаттығуда оқушыларға ұсынылған белсенділіктерімен зейіндерін арттыра отырып өзінің жетістікке жету әдісін айтты. «Жетістіке жетудің жолдары» жаттығуында қуаттандыру сөздері айтылды.
Тренинг ережесі бойынша 1.Өз ойын ашық ату
2. Өзгелердің пікірін құрметтеу
3. Белсенді әрекет ету
4. Шынайылық
5. Топтасып жұмыс жасау арқылы оқушылардың бір-біріне деген сенімдігін арттыру
Қарым-қатынас тренингіне 12 бала қатысты. Оқушылар тренингке қызығушылықпен ынта-ықыластарымен қатысты. Біз оқушылардың сыныптағы қарым-қатынасын одан әрі күшейтуге үлес қостық.. Тренинг оқушылар мен сынып жетекші арасында сеніміділік орналастыру арқылы тренинг өз мақсатына жетті
Сынып жетекшіге нұсқау: Балалармен көп жұмыс жасау керек.
Сынып жетекшіге нұсқау: Балалармен көп жұмыс жасау керек.Ата-анаға нұсқау: Балаларына көп көңіл бөлуі керек.





Қорытынды: барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 10 сынып оқушылары тренингке белсенді қатысты. Психологиялық тренинг оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру мен табысқа жетелеу және ортада дұрыс қарым-қатынас жасауға бағытталған. Сынып жетекшісі , мектеп директорының қатысуымен бұл тренинг сыныптағы психологиялық ахуалдың дұрыс қалыптасуына бағытталды. Тренинг барысында оқушылармен агрессияны жеңу, зейінді дамытуға арналған жаттығулар жүргізіліп, өз ойларын еркін жеткізуімен тренингтің мақсатына жеткендігін көрсетті.
Тренинг соңында жетістікке жету жолында мотивациялық видеоролик ұсынылып, оқушылар өз алдарына қойған мақсаттарымен бөлісіп, соған жету жолында еңбектену керек екендігін түсінді.

Мектеп психологтары: Р. Сейсеналиева
Ж.Дошжуманова

Категория: Психолог кеңесі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.