» Материалы за 05.04.2021

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 

Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бар

Автор: admin от 5-04-2021, 10:00, посмотрело: 97

0 Мектебімізде биылғы оқу жылында да оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылып, оқушыларды ыстық тамақпен қамту жоспары жасалынды. Жоспар бойынша жыл басында жағдайы төмен, көп балалы, толық емес отбасы оқушылардың тізімі жасалды. Оқу жылының басында жағдайы төмен, аз қамтылған, көп балалы толық емес отбасынан материалдық тұрмыстық жағдайын зерделеу барысында 36 оқушы анықталып наурыз айынан бастап бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды.

Категория: Ыстық тамақпен қамту

 

психологиялық кеңес

Автор: admin от 5-04-2021, 06:07, посмотрело: 227

0 Жадынама (жасөспірімге).
Егер сен зорлық құрбаны болсаң, бірнеше ережелерді сақта:
1.Бейтаныс топпен сауық кешіне жиналатын болсаң, оған сенімді досыңды ертіп ал.
2. Сауық басталған уақытта барлығына қоштаспай кетпейтініңді ескерт.
Егер біреумен кететін болсаң кіммен кететініңді достарыңа айтып кет.
3. Өзіңнің ішкі түйсігіңе сен. Егер психологиялық жайсыздықты сезінсең, бұл сенің қауіпті жағдайда тұрғаныңды түсінгенің.
4. Өзің үшін нақты шек қой: неменеге жол беріп, неменеге тыйым салатыныңды анықта.
5. Кез-келген жағдайда дұрыс шешім қабылдайтын қабілетіңді сақта.
6. Сізді сауық кешінен күтіп алып немесе алып кететін мүмкіндік болса, оны пайдаланыңыз (бұл сізге сенімділік беріп, өз әрекетіңе бақылау жасай аласыз). Жалғыз өзіңіз жеке меншік көлік қызметін пайдаланбаңыз. Бұл жағдайда шығарып салушыдан көліктің нөмірін жазып алуды немесе есте сақтауды өтініңіз.
7. Егер біреу сізге қадалып қараса және аш көздікпен барлап қараса; сіздің сөзіңізге мән бермесе, сіздің сезіміңізді елемесе; сізбен таныс болмаса да, өзін бұрынғы досыңыздай ұстаса ,САҚ БОЛЫҢЫЗ. Осы сияқты белгілерге назар аударсаңыз, сіз сауық кешінде ғана емес, басқа орындарда да өзіңізді зорлықтан аман сақтап қаласыз.
8. Абай болыңыз, егер кімде кім: сізге тіптен жақын тұрып және осыған байланысты сезінетін қолайсыздықтан қанағат алады; Сізге көзін алмай және қыр көрсетіп қарайды; Сіздің айтып жатқаныңызды тыңдамайды және Сіздің сезіміңізге мән бермейді; Сізбен олай болмасада өзін өте жақын таныстар сияқты ұстайды. Осындай белгілерге мән бере отырып, Сіз кештерде ғана емес, басқа да жерлерде зорлық-зомбылыққа ұшырау тәуекелін азайта аласыз
9. Егер сізді жайсыз сезімге қалдыратын, сезіміңізді елемейтін, дөрекі сөзбен немесе басқа да бір қылықтармен тұрпайылық танытқан адамға кез болсаңыз, онымен қатынасыңызды жедел ҥзіңіз.
Жасөспірімдерге арналған кеңес
1.Үйден қашып кетпе!
2.Егер үйдегі жағдай өте күрделі болса, мұғаліміңмен немесе өзің сыйлайтын адаммен сөйлес.
3.Үйден қашқан жағдайда сен есірткі саудасына, жезөкшелікке, порнографияға пайдаланатын адамдарға тап боласың, бөгде адамдардың сені суретке түсіруіне ешқашанда жол берме, тіпті сені атақты етеміз және барлық атақты адамдар осылай бастаған
Зорлық – зомбылықтың алдын алуға болады, тек ол үшін балаға

«Жеті болмайды ережесін» қалыптастыруға тырыс
1.Көшеде бейтаныс адаммен сөйлесуге және үйге кіргізуге болмайды;
2. Подъезд және лифтке бейтаныс адаммен кіруге болмайды. Басқа ересек адамды не әйел адамды күткен дұрыс;
3. Үлкендерсіз (ата – ана, мұғалім, ересек туысқандар) бөтен автокөлікке отыруға болмайды;
4. Бейтаныс адамдардан сыйлық алуға және олардың үйіне шақыруын немесе басқа бір жерге барайық деген ұсынысын қабылдауға болмайды;
5. Далада жалғыз жүруге болмайды, әсіресе кешкілік уақытта;
6. Үйде ересек адамдар болмағанда үйдің есігін ашуға болмайды (бейтаныс адамның су сұрауы, телефонмен сөйлесуге рұқсат сұрауы, ата – анаға хат жазамын немесе құжат қалдырамын деуі мүмкін)
7. «Қатерлі топпен» байланыс жасауға болмайды (маскүнемдер, нашақорлар, сотталғандар және т.б.), олар көршілер не алыс туыстар болған жағдайдың өзінде де.





































Жадынама
(жасөспірімге).

Жасөспірімдергеарналған кеңес












































Категория: Психолог кеңесі