» Материалы за 21.10.2020

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ұстаз — осы білімге, мәдениет пен әдебиетке жетелейтін бірден бір тұлға

Автор: admin от 21-10-2020, 01:34, посмотрело: 159

0 Ұстаз — осы білімге, мәдениет пен әдебиетке жетелейтін бірден бір тұлға. Ұрпақ тәрбиесінде мұғалімнің таланты, біліктілігі және жауапкершілігі, адами қасиеттері өте маңызды рөл ойнайды, өйткені ол — шәкірт үшін айна сияқты. Ұстазы жақсының шәкірті үздік. Бұл — айнымас аксиома. Бала білімді өз бетінше кітаптан оқып та үйрене алады, ал бірақ тәрбиені өз бетінше ала алмайды, өнеге мен үлгі, құрмет сияқты ізгі қасиеттер — ата-анадан қан арқылы дарыса, ұстаздан тәлім арқылы жұғады.
Мереке құтты болсын!!!
Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебі оқушыларының құттықтауын қабыл алыңыздар!

Категория: Информация

 

ұстаздар мерекесі

Автор: admin от 21-10-2020, 01:32, посмотрело: 233

0 Құрметті ұстаздар, қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз! Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.100 жасаңыздар!!! МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН!!!
Ізгі тілекпен Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің 2020-2021 оқу жылының түлектері, 11 сынып оқушыларынан!❤️❤️❤️
*****

Категория: ---

 

"Мектебің алтын уяң жарқыраған, Ұстазың - бұлақ көзі сарқыраған"

Автор: admin от 21-10-2020, 01:29, посмотрело: 282

0 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің аясында онлайн форматта, яғни Whatsapp желісі арқылы 8-11 сынып қыздары арасында Қыздармен жұмыс жоспарына сәйкес қашықтықтан "Ерте жүктіліктің қауіпі" тақырыбында жиналыс өткізілді.Жиналыс барысында ерте жүктілік бойынша бейнероликтер ұсындық және де мектептің психологтары Ж.Дошжуманова мен С.Болатбек қыздарға психопрофилактикалык түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Қыздардың тарапынан да өз пікірлерін айтып отырды.
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі

Категория: ---

 

"Мектебің алтын уяң жарқыраған, Ұстазың - бұлақ көзі сарқыраған"

Автор: admin от 21-10-2020, 01:27, посмотрело: 742

0 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің қазақ тілі пәні бірлестігі Ұстаздар мерекесіне орай "Мектебің алтын уяң жарқыраған, Ұстазың - бұлақ көзі сарқыраған" тақырыбында 8-10 сынып оқушылары арасында онлайн эссе жазу байқауын өткізді.

Категория: ---

 

"Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі"

Автор: admin от 21-10-2020, 01:26, посмотрело: 163

0 11-қазан қыздар мерекесіне орай "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" тақырыбында жасалған онкүндіктің жоспарына сәйкес "Мен қандай ана боламын" атты көрме жұмыстарын технология пәні мұғалімі С.Тоқтарбаева ұйымдастырып өткізді.Оқушылардың онлайн форматта жасалған жұмыстарынан бейнекөрме жасап, сіздерге ұсынамыз.Қабыл алыңыздар.

Категория: ---

 

"Ұстаз—мектептің жүрегі"

Автор: admin от 21-10-2020, 01:24, посмотрело: 236

0 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Ахметова Маликаның сынып жетекшілігімен 6 "Ә" сынып оқушыларының қатысуымен ұстаздар күніне орай "Ұстаз—мектептің жүрегі" атты сынып сағаты, қазіргі болып жатқан жағдайға байланысты қашықтықтан өткізілді.
Сынып сағатымыздың мақсаты: ұстаздар күні-бұл дәстүрлі әрі бүкілхалықтың мерекесі. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған. Сондықтан да осы ұлы мамандық иелеріне сынып сағатын арнап, төл мерекелерімен құттықтау, ұлы мамандыққа бас ию, құрмет көрсету болды. А. Байтұрсынұлы "Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігін болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді"-деген."Мұғалім мамандығы-барлық мамандықтың анасы" демекші,ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Құрметті ұстаздар сіздерді шын жүректен төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз!!!

Категория: ---