» Страница 5

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"Алтын күз"

Автор: admin от 15-03-2022, 00:19, посмотрело: 78

0 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде Тәуелсіздіктің 30жылдығына орай, "Ерте жастан экологиялық мәдениет" жобасы аясында 1-4 сыныптар арасында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, "Алтын күз" мерекесі өткізілді.

Категория: ---

 

"Тәуелсіздіктің 30 жылдығына - 30 қарағай"

Автор: admin от 15-03-2022, 00:18, посмотрело: 69

0 Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына байланысты, "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына - 30 қарағай" атты күзгі көгалдандыру акциясына Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің биылғы түлектеріміз, 11сыныптар Аналар бағына 30 ағаш екті. Болашақтарыңнан зор үміт күтеміз Түлектер!

Категория: Рухани Жанғыру

 

«Тәуелсіздік—мәңгілік елдің тұғыры»

Автор: admin от 15-03-2022, 00:16, посмотрело: 63

0 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің "Жас Ұлан" ұйымының Ұланбасы және де 10 "А" сынып оқушысы Аширова Аида аудандық «Тәуелсіздік—мәңгілік елдің тұғыры» атты аудандық мәнерлеп оқу байқауына қатысып, жүлделі
орынға ие болып, облысқа жолдама алды.

Категория: Информация

 

жазғы спорт ойындары

Автор: admin от 15-03-2022, 00:13, посмотрело: 61

0 Меркі ауданы, Меркі ауылында өткен Облыстық Ауыл жасөспірімдерінің жазғы спорт ойындарынан 2005 -2007 жылғы оқушы - спортшыларымыздың кіші футболдан орын алған жеңістеріңіз құтты болсын!
Аталып өткен спортшыларымыздың арасында Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің білім алушысы Аралбек Санжар да бар.
Бұл тамаша жеңісті зор қуанышпен қабылдадық.
Санжар алда әлі жеңістеріңіз көп болсын!!! Тек биіктен көріне беріңіз!

Категория: Информация.

 

«Қазақстан халқы тілдері күні»

Автор: admin от 15-03-2022, 00:10, посмотрело: 75

0 Ұлт мақтанышы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасы халқының «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне іс-шара жоспары бекітілді.Бекітілген жоспарда мектеп кітапханашысы Алкибаева А.А. мен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Букенова Д.М. «Ахмет Байтұрсынов-қазақ тілтану ғылымының атасы» атты дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шарада оның өмірі мен шығармалары насихатталды. Дөңгелек үстелге 10 сынып оқушылары қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты: қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу. Ахмет Байтұрсыновтың өмірі жайында біраз мағлұмат беріп, өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, Байтұрсынұлының саяси қызмет жолы мен қазақ тіліне қосқан үлесі жайында сөз қозғалды.

Категория: Рухани Жанғыру

 

"Мектепке барар жол"

Автор: admin от 15-03-2022, 00:08, посмотрело: 76

0 "Мектепке барар жол" акциясы аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балалардың сабақтан қалмауын қадағалап, мейірімді, жомарт жандармыз қол ұшын созып, көмектерін тигізуде... Бірлік ауылының Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің ұжымы аз қамтылған көп балалы отбасынан шыққан 10оқушыға 80.000 теңге көлемінде мектеп формасы, спорттық киімдер, оқуға қажетті оқу құралдарына қайырымдылық көмек көрсетті. Бұл іс-шараға Бірлік ауылдық округінің әкімі Е.Қосаховта 8 оқушыға мектепке керекті киім-кешек, мектеп құралдарын әр балаға 12.000 теңге көлемінде көмек көрсетті.
Балаларға қуаныш сыйлап, қайырымдылық жасағандары үшін мектеп ұжымы мен ата-аналар алғыс білдіруде!

Категория: Рухани Жанғыру

 

«Денсаулық күні»

Автор: admin от 15-03-2022, 00:05, посмотрело: 65

0 7 қыркүйек Денсаулық күніне орай спорттық іс-шаралардың жоспары жасалынып, бекітілді. Екі ауысымда қамтылып, спорттық іс-шаралар барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, өткізілді. «Денсаулық күні» оқушылардың спорттық жаттығуларымен басталды.

Категория: Рухани Жанғыру

 

"Жомарт түлек"

Автор: admin от 15-03-2022, 00:02, посмотрело: 59

0 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде 3-ші қыркүйек күні сағат 12:00-де "Жомарт түлек" жобасы аясында Қазақстан халықтарының тілдер күні мерекесіне орай тіл жанашыры Асанғазы Оразкүл Асанғазықызымен ZOOM-платформасында өткізілген онлайн кездесуге мектебіміздің 11-ші сынып оқушылары қатысты.

Категория: Информация

 

«Тәуелсіздік жетістіктері!»

Автор: admin от 15-03-2022, 00:00, посмотрело: 75

0 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде, санитарлық талаптарды сақтай отырып,
1-қыркүйек Білім күні мерекесіне орай
1,11- сынып оқушыларына «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілсе, ал 2-10 сынып оқушыларына «Тәуелсіздік жетістіктері!» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

Категория: Рухани Жанғыру

 

Жолдау

Автор: admin от 14-03-2022, 23:59, посмотрело: 74

0 2021 жылдың 1 қыркүйек күні сағат 11:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Жолдауды мектебіміздің директоры Жандабаева Акмарал Тұрсынбайқызы бастаған ұжымымыз бірауыздан карантиндік талаптарды сақтай отырып, тікелей эфирден тыңдады.

Категория: Рухани Жанғыру

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine