» Материалы за Март 2022 года » Страница 2

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«Тәуелсіздік—мәңгілік елдің тұғыры»

Автор: admin от 15-03-2022, 00:16, посмотрело: 65

0 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің "Жас Ұлан" ұйымының Ұланбасы және де 10 "А" сынып оқушысы Аширова Аида аудандық «Тәуелсіздік—мәңгілік елдің тұғыры» атты аудандық мәнерлеп оқу байқауына қатысып, жүлделі
орынға ие болып, облысқа жолдама алды.

Категория: Информация

 

жазғы спорт ойындары

Автор: admin от 15-03-2022, 00:13, посмотрело: 63

0 Меркі ауданы, Меркі ауылында өткен Облыстық Ауыл жасөспірімдерінің жазғы спорт ойындарынан 2005 -2007 жылғы оқушы - спортшыларымыздың кіші футболдан орын алған жеңістеріңіз құтты болсын!
Аталып өткен спортшыларымыздың арасында Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің білім алушысы Аралбек Санжар да бар.
Бұл тамаша жеңісті зор қуанышпен қабылдадық.
Санжар алда әлі жеңістеріңіз көп болсын!!! Тек биіктен көріне беріңіз!

Категория: Информация.

 

«Қазақстан халқы тілдері күні»

Автор: admin от 15-03-2022, 00:10, посмотрело: 76

0 Ұлт мақтанышы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасы халқының «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне іс-шара жоспары бекітілді.Бекітілген жоспарда мектеп кітапханашысы Алкибаева А.А. мен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Букенова Д.М. «Ахмет Байтұрсынов-қазақ тілтану ғылымының атасы» атты дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шарада оның өмірі мен шығармалары насихатталды. Дөңгелек үстелге 10 сынып оқушылары қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты: қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу. Ахмет Байтұрсыновтың өмірі жайында біраз мағлұмат беріп, өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, Байтұрсынұлының саяси қызмет жолы мен қазақ тіліне қосқан үлесі жайында сөз қозғалды.

Категория: Рухани Жанғыру

 

"Мектепке барар жол"

Автор: admin от 15-03-2022, 00:08, посмотрело: 80

0 "Мектепке барар жол" акциясы аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балалардың сабақтан қалмауын қадағалап, мейірімді, жомарт жандармыз қол ұшын созып, көмектерін тигізуде... Бірлік ауылының Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің ұжымы аз қамтылған көп балалы отбасынан шыққан 10оқушыға 80.000 теңге көлемінде мектеп формасы, спорттық киімдер, оқуға қажетті оқу құралдарына қайырымдылық көмек көрсетті. Бұл іс-шараға Бірлік ауылдық округінің әкімі Е.Қосаховта 8 оқушыға мектепке керекті киім-кешек, мектеп құралдарын әр балаға 12.000 теңге көлемінде көмек көрсетті.
Балаларға қуаныш сыйлап, қайырымдылық жасағандары үшін мектеп ұжымы мен ата-аналар алғыс білдіруде!

Категория: Рухани Жанғыру

 

«Денсаулық күні»

Автор: admin от 15-03-2022, 00:05, посмотрело: 67

0 7 қыркүйек Денсаулық күніне орай спорттық іс-шаралардың жоспары жасалынып, бекітілді. Екі ауысымда қамтылып, спорттық іс-шаралар барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, өткізілді. «Денсаулық күні» оқушылардың спорттық жаттығуларымен басталды.

Категория: Рухани Жанғыру

 

"Жомарт түлек"

Автор: admin от 15-03-2022, 00:02, посмотрело: 62

0 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде 3-ші қыркүйек күні сағат 12:00-де "Жомарт түлек" жобасы аясында Қазақстан халықтарының тілдер күні мерекесіне орай тіл жанашыры Асанғазы Оразкүл Асанғазықызымен ZOOM-платформасында өткізілген онлайн кездесуге мектебіміздің 11-ші сынып оқушылары қатысты.

Категория: Информация

 

«Тәуелсіздік жетістіктері!»

Автор: admin от 15-03-2022, 00:00, посмотрело: 78

0 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде, санитарлық талаптарды сақтай отырып,
1-қыркүйек Білім күні мерекесіне орай
1,11- сынып оқушыларына «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілсе, ал 2-10 сынып оқушыларына «Тәуелсіздік жетістіктері!» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

Категория: Рухани Жанғыру

 

Жолдау

Автор: admin от 14-03-2022, 23:59, посмотрело: 76

0 2021 жылдың 1 қыркүйек күні сағат 11:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Жолдауды мектебіміздің директоры Жандабаева Акмарал Тұрсынбайқызы бастаған ұжымымыз бірауыздан карантиндік талаптарды сақтай отырып, тікелей эфирден тыңдады.

Категория: Рухани Жанғыру

 

“Кел, балалар, оқылық!”

Автор: admin от 14-03-2022, 23:56, посмотрело: 65

0 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде 1-қыркүйек "Білім күніне” орай "Кел, балалар, оқылық!” атты салтанатты жиын 1,11 сыныптар үшін, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды. 2021-2022 оқы жылы дәстүрлі форматта басталды.
Биыл Қазақстан Ресупбликасы Тәуелсіздігінің 30жылдығы, Ыбырай Алтынсарин атамыздың 180жылдығы, жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдығы аталып өтілуде. Осындай атаулы жылы мектеп табалдырығын аттап отырған 1-сынып оқушылары үшін тарихи сәт. Себебі, қазақ халқының ұлы ағартушы-ұстазының бірі А.Байтұрсынұлының "Тіл құрал” ретінде шыққан "Әліппе” мен "Букварь” пәндері араға жылдар салып қайта оралды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерімізге қайта оралған Әліппе табыс етілді. Ал енді мектеп ұжымымызға биылғы жылға сәттілік тілейміз!

Категория: Информация.

 

"Жамбыл-адалдық алаңы"

Автор: admin от 14-03-2022, 23:50, посмотрело: 74

0 Жамбыл облысы бойынша "Жамбыл-адалдық алаңы"жобалық офисі ағымдағы жылы қоғамда парасаттылық құндылықтарын кеңінен насихаттау және өңірдегі үлгілі ,үздік отбасыларын анықтау мақсатында "Парасатты отбасы" байқауының жаңа маусымы өтетінін хабарлайды. Оыған орай,байқаудың аудандық кезеңі 2021 жылдың қыркүйек айының 15 күні өткізіледі. Мектепішілік кезеңі 13 қыркүйек күні өткізіледі. Байқауға қатысуға шақырамыз!

БЕКІТЕМІН
Мұхаммед Хайдар Дулати
орта мектебінің директоры
_____________А.Т.Жандабаева
«_____»___________ 2021 жыл

«Парасатты отбасы» онлайн байқауының
Ережесі

1. Жалпы ереже
1.1 Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық офисі және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, озат-ойлы, парасатты, қайырымды оқушыны анықтау мақсатында «Парасатты отбасы» онлайн байқауын (бұдан әрі – байқау) өткізеді.
1.2 Облыстық байқауға парасатты, қоғамда белсенді, ой-өрісі кең, ізденімпаз оқушылар мен білімгерлер өз жанұясымен қатыса алады.

2.Байқауға қатысу шарттары
2.1. Байқауға Жамбыл облысының әртүрлі қызмет саласында жұмыс атқаратын отбасылар қатыса алады.
2.2. Байқауға қатысушы отбасылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен азаматтық ұстанымдарына назар аударылады.
2.3. Облыстық байқауға абыройлы, парасатты және қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан, креативті, жаңашыл, қайырымды әрекетімен көзге түскен отбасылар қатыса алады.
2.4. Қатысушылар әлеуметтік желілерде парасаттылық туралы ойлары және адалдықты насихаттайтын материалдарды орналастыруы қажет. Оған қоса, парасаттылық, адамгершілік үлгілерін көрсететін 4-5 минуттық сапасы жоғары ролик дайындайды. Аталған роликті әлеуметтік желілерде «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық офисіне Жамбыл адалдық алаңы хэштегімен тегтеп орналастырады.
2.5. Балалары қоғамдық іс-шараларға белсене қатысатын, парасатты, отбасы құндылықтарын қадірлейтін, спорт немесе өнермен шұғылданатын, ата-ана тәрбиесін қоғамдық өмірде көрсете алатын, көптеген әдеби-публицистикалық әдебиеттер оқыған болуы керек .

3. Байқаудың кезеңдері
3.1. Байқаудың облыстық кезеңі 2021 жылдың 7 қазанында облыстық-оқу әдістемелік кабинетінің базасында (Тараз қаласы, Бектұрғанов к-сі, 6) өткізіледі.
3.2. Байқаудың облыстық кезеңіне аудандық (қалалық) білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған байқауға қатысу туралы өтінім (Қосымша 1) 2021 жылдың 13 қыркүйекке дейін қабылданады.
Өтінімге мыналар қоса тіркеледі:
• Байқаудың аудандық/қалалық кезеңдері жеңімпаздарының облыстық байқауға қатысуға жіберу туралы білім бөлімі басшысы бұйрығының көшірмесі;
• қатысушылар туралы мәлімет (Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру ұйымының мекен-жайы, тұрғылықты мекен-жайы, телефоны);

4. Байқауды өткізу тәртібі
4.1. Байқаудың ережесі өңірлік бұқаралық ақпарат беттерінде жарияланады.
4.2. Байқауға қатысушылардың түйіндемелері мен ұсынылған роликтері төмендегі критерийлерге сәйкес болуы керек:
1) ұсынылатын роликтердің номинацияларға сәйкестігі;
2) роликтің ішкі мазмұнының тақырыпқа сәйкес болуы
3) роликтің негізгі идеясы мен мазмұнының ерекшелігі;
4) такырыптың негізгі идеясын аша білуі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы орны.
4.3. Қорытындылау кезеңінде байқаудың қазылар алқасы үздік деп танылған отбасын анықтайды. Жұмыстарды қарау қорытындысы бойынша жүлделі «Парасатты отбасы», «Үздік оқырман отбасы», «Интеллектуалды отбасы», «Шығармашыл отбасы», «Көптілді отбасы», «Шеберлер отбасы», «Өнерлі отбасы», «Жомарт отбасы», «Саяхатшы отбасы», «Өндірістегі үздік отбасы», «Ең салауатты отбасы» номинациялары беріледі.
4.4. Облыстық байқаудың жеңімпаздары дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталады.


Қосымша 1
«Парасатты отбасы»
облыстық онлайн байқауына қатысуға өтінім
1
Ауданы (қаласы)

2
Білім беру ұйымының атауы

3
Оқушының Т.А.Ә.

4
Ата-ананың Т.А.Ә.

5
Байланыс телефондары

6
Қатысушылар саны

Категория: Информация

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine