» » Елімнің бақытын тербеткен –Тәуелсіздік!

 
 
 

Елімнің бақытын тербеткен –Тәуелсіздік!

Автор: admin от 22-01-2017, 23:14, посмотрело: 155

0

Елімнің  бақытын  тербеткен –Тәуелсіздік! 

 Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік! Яғни егеменді, дербес мемлекет. Бүгінгі күні осы тәуелсіздігімізді алғанымызға 25 жыл уақытта зымырап келіп қалды. Ал осы уақыт тарих үшін қас-қағым-ақ. Қаншама ғасырларды алып құшақтаған тарих қойнау талай үлкен мемлекеттердін тәуелсіздігін көрген. Солай бола тұрса да, біз үшін өзіміздің тәуелсіздігіміз қымбат.

    Кей кезде маған осыдан 25 жыл бұрын біздің қазақ елі қандай еді деген сұрақ ойыма орала береді? Әрине, бұдан 25 жыл бұрын алға қойған мақсатымыз даңғыл жол болды, яғни тәуелсіздік даңғылы. Осы тәуелсіздікті алғаннан кейін халықтың басын біріктіріп, өз алдына ел қылуға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ елінің тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен қазақ халқы әлемге танылды. Елім ерлігін көрсетті, елдігін танытты. Қазақ халқы тәуелсіздігін алып, егемендігіне қол жеткізгенде өз алдына ел бола алатынына күмәндана қараған жандарда болған екен. Бірақ ар-намысты алға қойған Елбасымыз бен үкімет басында отырған елі үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

   Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да өміріндегі ең ұмытылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатыны рас. Мектеп білім айдынындағы үлкен кеме. Ал, мұғалімдер осы қоғамдық орында баламен ата-анамен ынтымақтаса байланыста жұмыс жасайтын негізгі адам.

   Мұхаммед Хайдар Дулати орта мектебі  жаңа ғимарат болып бой көтергелі заман талабына сай жаңашыл ұстаздар білім мен тәрбиені қатар ұстап, өз оқушыларының ортасында қарым-қатынас қуанышына кенелтуде. «Оқу мен тәрбиені дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы өмірімен қоғамның мақсат-міндеттері мен байланысты болу керек» , - деп А.С.Макаренко айтқандай бала жанын түсінетін бірден-бір тұлға ол –ол мұғалім.

Тәуелсіздіктің 25-жылдық мерейлі мерекесіне орай мектебімізде «Елімнің  бақытын тербеткен Тәуелсіздік»тақырыбында  әдеби- сазды концерттік  іс-шара  өткізілді.Аталған  іс-шараға  аудандық  жастар  орталығынан  және «Ұлағат » отауы  қоғамдық  бірлестік  мүшесі  ардагер  ұстаз  Тұрсынбала

Қызырәліқызы  Бірлік  ауылының  ақсақал  төрағасы  Шымболатов  Байжан  агай  арнайы  шақырылды.Сөз  кезегін  алған  мектеп  директоры  Жандабаева  Ақмарал  Тұрсынбайқызы  оқушыларға  Қазақстандық  патриотизмге,ел бірлігі  мен  этносаралық  келісімге  айтарлықтай  үлестерін  қосып  жүргендері  үшін  ризашылыгын  білдіріп  Тәуелсіздігіміздің  25 жылдық  мерейтойымен  құттықтады.

Оқушылар  өз өнерлерін  ортаға  салды,бірі  ән айтып  құлақ  құрышын  қандырса,енді  бірі  би  билеп  көрермендерге  көтеріңкі көңіл-күй  сыйлады.1986 –жылғы   желтоқсан көтерілісі  құрбаны  Қайрат  Рысқұлбековтың  өлеңдерін  8-сынып  оқушылары  нақышына  келтіріп  орындады.Барша  халық  желтоқсан  оқиғасын  еске  түсіріп,біраз  мұңайып  қалды.Осы  тәуелсіздікке  жету  үшін  қазақ  халқының  басынан  небір  қиыншылықтар  өткенін, ұлт-азаттық  көтеріліс,желтоқсан  сынды  қанды  оқиғалар  тәуелсіздік  үшін  күреске  бағытталғандығы  туралы  Қайрат  Рысқұлбековтың  ұстазы  Тұрсынбала Қызырәліқызы   Ер намысы-ел  намысы  Қайраттың  тірі  болғанда  50-жаста  болатындығын  айтып  өтті.Ақиқат  жолы  ауыр,шындықтың  соқпағы  шырғалаң  екенін  1986-жылғы  желтоқсан  көтерілісі  айқын  дәлел  екендігін,сол  бір  ызғарлы  уақыттан  бері  30-жыл  өткендігін,тарихи  терең  ел  екендігімізді  айтып  өтті.

Арайлап  атқан   таңы  бар,асу  бермес  асқары  бар  сайын  дала,жазиралы  жерді  мекендеген  мейірбан  халқы  бар  ел-Тәуелсіз  Қазақстан  екенін  әсте  естен  шығармау  әр  азаматтың  парызы   екенін  ақсақалдар  төрағасы  Байжан  ата  өз  құттықтау  сөзінде  айтты.

    25-жылда  Қазақстанның   көптеген  жетістіктерге  жеткен,еліміздің  болашағы  айқын  келешегі  нұрлы  болмақ,  кең -байтақ  өлкеде  өмір  сүріп  жатқанымызга  Тәуелсіз  елдің  патриоты  екенімізді  Бірлік  ауылының  тұрғындары  анық  сезінуде .Ел  Тәуелсіздігінің   мерейлі  тойын  лайықты  атап  өтуге  де  барынша  күш  салуда.

 

 

                                 

    Қазақ тілі мен әдебиет  пәнінің  мұғалімі  Рахметова Д.Р.

                                        

 

Категория: Традиция школы

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *