» » Психологиялық кеңес беру айлығы

 
 
 

Психологиялық кеңес беру айлығы

Автор: admin от 7-06-2019, 00:58, посмотрело: 69

5 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектеп психологтарының
2018-2019 оқу жылындағы «Қыз Жібек» қыздар клубының атқарылған жұмыстарының есебі
Тәрбие берудің негізгі бағыттарымен ұстанымдарын ескере отырып, қыз баланы тәрбиелеудің басты мазмұнына сай «Қыз Жібек» қыздар клубы құрылып, мектепішілік бұйрық шығарылып, бағдарламасы жасалынып бекітілді. Мақсаты: мектептегі әрбір қыз баланы ибалылық сақтауға баулу, адамгершілік, имандылық, эстетикалық тәбие беру және балаларды ерте жүктіліәктен сақтандыру. Мектеп бойынша 8-11 сыныптарда «Қыз Жібек» қыздар клубына 71 қыз бала тартылған.
Қыркүйек айында жоспарға сәйкес ДТІЖО А.Багимбековамен бірге қыздармен жиналыс ұйымдастырылып, қыздар арасында төрайымы сайланып, жоспармен таныстырылды.
Аудандық «Болашақ» жастар денсаулық сақтау орталығымен бірлесіп «Репродуктивті денсаулықтың маңызы мен өзектілігі» тақырыбында қыздармен ашық түрде дөңгелек үстел ұйымдастырылып қыздарға кеңес берілді.

Қазан айында Халықаралық қыздар күніне орай мектептегі қыз балалардың аналарымен кездесу өткізілді. Кездесу барасында ана-аналарға балаларымен қарым- қатынас жасаудың ерекшеліктері мен қиындықтары туралы кеңес беріліп, жаднама таратылды.

Қараша айында қыздармен «Тазалық, тәртіп –басты міндет» тақырыбында қыздардың гигиеналық тазалық туралы әңгіме жүргізілді.

Желтоқсан айында «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыста мектеп психологтары қыздарға жеке кеңес жүргізіліп, видеороликтер көрсетілді.
6 желтоқсан күні аудандық білім бөлімінің хатына сәйкес ерте жүктіліктің алдын алу бойынша қыздармен жоспрадан тыс жиналыс ұйымдастырылды. Жиналысқа аналар кеңесінің төрайымы Сагындыкова Гүлбаршын Ашимбековна, Джамангараева Назира, мүшесі-Грибенюк Татьяна Ивановна,ауылымыздың акушер- медбикесі- Сатылганова Айгуль, «Жастар» орталығының қызметкері: Аралбек Асем Досымхановна қатысып өз ойларымен бөлісті.Сондай- ақ мектеп психологтары баяндама оқып, ерте жүктілік тақырыбында слайд көрсетті, қыздарға арналған жаднамалар таратылды. Тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, қыздармен сұхбат жүргізілді. Кездесу соңы «Түймедақ» әдісімен қорытындыланды.






25.01.2019 жылы «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбында 5-6-7 сынып қыздар арасында байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: Қыз балалар тәрбиесін, қыз баланың әдептіліктің, әдеміліктің, сұлулықтың жаршысы екенін түсіндіру. Қыз балалардың бойындағы әдемілік пен әсемдікті көрсету, сұлулықтың жаршысы екенін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған сайысқа әр сыныптан бес қыздан қатыстырылды. Барлығы 11 сынып қамтылды. Сайыс 4 шарт бойынша өткізілді. Олар:
1 – шарт. «Сәлем – сөздің атасы» - таныстыру презентация түрінде (3 мин.)
2 – шарт. «Шаш- сән үлгісі»- еркін тақырыпта
3 – шарт. «Ойлан тап» (суретке мақал – мәтел құрап айту).
4 – шарт. «Қыздарға әсемдік жарасады» сән үлгісін көрсету
Жоғарыда көрсетілген шарт бойынша әр сынып өз өнерлерін көрсетіп, әділ жарысқа түсті. Қазылар алқасында:
1. Жандабаева А.Т- мектеп директоры
2. Аралбек Әсем- жастар орталығының инспекторы
3. Гүлбаршын апа- қамқоршылық кеңес мүшесі
4. Перепелицина Е.А-технология пәні мұғалімі
5. Рехметова Д.Р- қазақ тілі пән мұғалімі
Ерекше таланттарымен және дайындықтарымен байқалған сынып: 6 А, 5А,5Ә. Қазылар алқасының шешімі бойынша:
I – 5 «А»,6«А»,7 «А»
II- 5 «Ә»,6 «В»,7 «Б»
III-5 «Б»,6 «Ә»,7 «В» орындарды иеленді. Сонымен қатар 6 «Б» және 5 «В» сыныптары «Белсенділігі үшін» номинациясымен марапатталды.




Ақпан айында 8-11 сынып қыздарымен «Қазақ отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналысқа аналар кеңесінің мүшелері Сагындықова гулбаршын аанамыз, Грибенюк Т.И жәнеде ауылымыздың акушер медбикесі А.Сатылганова , Жастар орталығының меңгерушісі А.Аралбек қатысып тақырып бойынша ой қозғап әңгіме жүргізілді. Мектеп психологтары баяндама оқып,слайд, видео роликтер көрсетілді.




Ақпан айында жоспардан тыс аудандық білім бөлімінің әдіскері Ш.Тоққожаеваның ұйымдастыруымен және де «Болашақ» жастар денсаулық сақтау орталығының меңгерушісі Е.Оспанова, Шу ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі маманы Д.Кеңестің қатысуымен қыздар, ұлдар арасында «Құқық бұзушылықтың алдын алу», «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбы бойынша әңгіме жүргізіліп, кеңес берілді.


Наурыз айында жоспарға сәйкес 8-11 сынып қыздардың ата-аналарымен «Ананың алақаны айдынды қоныс» тақырыбында аналармен тренинг ұйымдастырылды. Мақсаты: отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Баламен қарым –қатынасты жақсарту, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.
Тренинг барысында негізгі бөлім бойынша 1. Ой қозғау «Мен үшін қымбат» 2. «бала деген кім?» 3 . «Жүректен шыққан жылы сөз» 4. «Жағымсыз қылықтар» , «Жақсы қасиеттер» 5. Ата –аналарға арналған ситуациялық сұрақтар 6. «Кеш калмаңыз...» 7. Ой толғаныс «Тілек шамы» жаттығулар жүргіхілді. Тренингті қорытындылай келе «Отбасылық құндылық ағашы» жаттығулары орындатылып, ата- аналардың пікірлері де тыңдатылды. Сонымен қатар тақырыпқа сай бейнероликтер де көрсетілді. Тренинг соңы ата- аналардың жылы лебізімен қорытындыланды.


Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Мектеп психологтарының ұйымдастыруымен наурыз айының 14 жұлдызында 8-10 сынып қыздары арасында «Көктем аруы- 2019» байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Байқауға әр сыныптан сезіз қыз қатысып, бақ сынасты. Олар:
8а Орынхан Арай, 8б Темірқұл Назерке, 8в Каляшова Гулбахар, 9а Қойшығұл Дарға
9б Омаржан Гулзат, 9в Балоева Фарида , 10а Қуанышқызы Ұлдана, 10б Калашева Диана
Байқау төрт кезең бойынша өткізілді.
1 - кезең. «Сәлем- сөздің атасы» әр ару өзін- өзі таныстырады (5 мин)
2 – кезең. Үй тапсырмасы «Аспаздық өнері»
3- кезең. Тапсырмалар: Түйме қадау,Қамыр жаю
4- кезең. «Өнерлі өрге жүзер» қатысушының кез келген өнері көрсетіледі
Әр кезең бойынша қатысушыларды бағалып, төрелік еткен әділқазылар алқасы:
Қамқоршылық кеңес төрайымы: Гребенюк Т.И, Жастар орталығының инспекторы: Аралбек Ә.Д
Технология пән мұғалімі: Токтарбаева С.И., Математика пән мұғалімі: Ерубаева А.Г.
Әділқазылар алқасының бағалауы нәтижесінде 8а сыныбының оқушысы Орынхан Арай «Көктем аруы» атанды. Қалған қатысушыларымыз түрлі номинацияларды иеленді.



Сәуір айында мақсатқа сай «Қыз жібек» қыздар клубының қыздарымен тренинг ұйымдастырылды. Тренингке 8-10 сыныптан 32 қыз қатысты. Сонымен қатар тренингке қатысуға жастар орталығының инспекторы А.Аралбек қатысып, қыздарға арналған кеңестерімен бөлісті.
Тренинг барысында: «Амандасу» , «Автопортрет», «Сенімділік» жаттығулары өткізіліп, «Жасырын хат» ойыны ойнатылды. Тренинг қорытындысы ретінде «Сенімділік» жаттығуы орындатылып, қыздардың пікірі тыңдалды. Сонымен қатар қыздардың бет күтіміне арналған видео роликтер көрсетілді. Тренингтен алған әсерлерін кері байланысқа қалдырды.




































Категория: Психолог кеңесі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
<
  • 0 комментариев
  • 0 публикаций
  • ICQ:
12 июня 2019 16:11

Barb

Цитата
  • Группа: Гости
  • Регистрация: --
  • Статус:
 
На нашем сайте вы можете найти все про игры от Xatab скачать торрент

<
  • 0 комментариев
  • 0 публикаций
  • ICQ:
15 июня 2019 18:45

Jensen

Цитата
  • Группа: Гости
  • Регистрация: --
  • Статус:
 
На нашем сайте вы можете найти все про apomusic

<
  • 0 комментариев
  • 0 публикаций
  • ICQ:
24 июня 2019 14:48

Diana

Цитата
  • Группа: Гости
  • Регистрация: --
  • Статус:
 
На нашем сайте вы можете найти все про Срочно аттестат в Каменске-Уральском

<
  • 0 комментариев
  • 0 публикаций
  • ICQ:
13 июля 2019 08:49

Chris

Цитата
  • Группа: Гости
  • Регистрация: --
  • Статус:
 
На нашем сайте вы можете найти все про подробнее


Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *