» » Информация

 
 
 

Информация

Автор: admin от 3-11-2016, 03:48, посмотрело: 239

0

 

Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев

 

Қазіргі күннің басты талабы – білімді ұрпақ тәрбиелеу.

            Қазіргі  таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа  стратегиялық бағыты, қарқындылығы,  қоғамның ашықтығы,  жедел ақпараттануы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Осы орайда білім беруді  жаңартудың табысты болуы педагогтардың жауапкершілікті түсінуі мен  олардың кәсіби деңгейіне, білім  беру үрдісіндегі көптеген мәселелерді шешуге қосқан  үлесіне байланысты.  Ой-өрісі жаңарған, шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын,  дүниетанымы жоғары, біліміділік  бәсекеге қабілетті жан-жақты қалыптасқан жеке тулға тәрбиелеу мақсатында ұстаздар қауымы шығармашылықпен жұмыс жасады.

            2015 – 2016 оқу жылында мектептің педагогикалық ұжымы «Оқу үрдісіндегі жаңа технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру» тақырыбы  бойынша жұмыс жасады. Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін мектептегі оқушылар ғылыми қоғамының жұмысын бір жүйеге енгізу, оқушылардың дарындылығын дамыту, пәндік олимпиада, ғылыми жоба жарыстары жеңімпаздарын дайындау арқылы олардың әлеуметтенуін, әлемдік  стандарттық деңгейдегі білім  алуларына жағдай жасау мақсатында жұмыс жүргізілді.

 Мұхаммед Хайдар Дулати  атындағы орта мектебінің  әдістемелік орталығы «Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту – білім сапасын арттырудың негізі»  тақырыбымен жұмыс  істеді.

            Мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс жасайтын, жаңашыл, ізденімпаз талантты мұғалімдер мен оқушыларды анықтау.

      Міндеті: Әдістемелік бірлестік орталықтың жұмыстарын ұйымдастыру

  •  Оқу үрдісін әдістемелік жұмыспен қамтамасыз ету;
  •  Педагог кадрлардың біліктілігін жоғарылату барысындағы жұмыстарды өткізу;
  •  Бірлестіктің жұмыс жүйесіне бағыт – бағдар беру;
  •  Бағдаралды, бағдарлы дайындық сыныптарының жұмысын ұйымдастыру

            Күтілетін нәтиже: Ғылыми, шығармашылықпен жұмыс жасайтын оқушылар мен мұғалімдердің жұмыстарының мазмұнды болуы және оны аудандық, облыстық, республикалық көлемде нәтижесін  көрсету.

            2015 – 2016  оқу жылында мектептегі әдістемелік жұмыстар мектептің жылдық жоспарын басшылыққа ала отырып жүргізілді. Әдістемелік жұмыс жүргізу барысында төмендегі міндеттер басшылыққа алынды.

1. Мұғалімдер  тәжірибесіне жаңа білім   мазмұны мен жаңа технология әдістерін енгізіп, педагогикалық инновациялар негізінде іске асыру;

2. Өзін-өзі  дамыта алатын және өз білімін бағалайтын, өз бағыт – бағдарын айқындап, өзін-өзі үнемі жетілдіре алатын  қоғамның белсенді азаматын тәрбиелеу жолында мұғалімдердің шығармашылық ізденістерін қалыптастыру.

 

Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру шаралары төмендегідей бағыттардан құрылды:

 

Әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестіктер жұмысы, инновациялық жұмыс, Жаңа технологияны меңгеру, дарынды оқушылармен жұмыс, жас мұғалімдермен жұмыс, пәндік онкүндіктер, ашық сабақтар, әдістемелік және психологиялық – педагогикалық семинарлар, байқаулар, көрмелер, мұғалімдерді аттестациялау, мұғалімдердің кәсіптік білімдерін көтеру.

 

Әдістемелік жұмыстардың іс-шараларын жүзеге асыруда төмендегі жұмыстар жүргізілді:

 

            Қыркүйек айының 2 жұлдызында №25 бұйрықпен әдістемелік кеңестің жоспары бекітіліп, кеңестің құрамы, төрағасы, бірлестік жетекшілері тағайындалды.

1. Бастауыш (қазақ) сыныптар бойынша                                        - Хайруллина Райса

2. Бастауыш (орыс) сыныптар бойынша                                        - Грибова Светлана

3. Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі жетекшісі                          - Еркебекова Шарипа

4.Ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті пән бірлестігі жетекшісі  - Адильбекова Жанар

5. Тарих пән бірлестігі  жетекшісі                                                       - Шевченко Светлана

6. Информатика, математика, физика пәндер бірлестігі  жетекшісі     - Байкулова Асель

7. Химия, биология, география пәндер бірлестігі  жетекшісі         - Ибрагимова Гульжан

8. Денешынықтыру пән бірлестігі  жетекшісі                                      - Тоқтарбаев Марат

9. Бейнелеу өнері, сызу, технология пәндер бірлестігі жетекшісі        - Ниязалиев Ануар

10. Ғылыми орталық  жетекшісі                                                             - Байкулова Асель

11. Бейіналды даярлық және бағдарлы оқыту   жетекшісі                - Хасенова Кулимхан

12. Шығармашылық топ  жетекшілері                                                - Несипбаева Индира

                                                                                                              - Айдарова Несипкуль

13. «Мирас»  ұйымы жетекшісі                                                            -  Құлманова Лаззат

14. Қолданбалы, таңдау курстары, үйірме жетекшісі                       - Хасенова Кулимхан

15. Ата – аналар комитетінің жетекшісі                                          -  Хакимова Куләш

16. Сынып жетекшілер кеңесі жетекшісі                                        -  Губайдуллина Венера

          Әдістемелік кеңес 2015-2016 оқу жылында «Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу арқылы шығармашылық әрекетке баулу, білім беру саласындағы жаңалықтарды, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату, кәсіби біліктілігін арттыру ісінде ғылыми әдістемелік көмек көрсету» мақсатында жүргізіліп, белгіленген міндеттер іске асырылып, төмендегі әдістемелік бағыттармен жұмыс атқарды:

 Педагогикалық ұйымдастыру жұмыстары;

 Оқушылардың  білім, білік, дағдысын, білім сапасын зерттеу мен арттырудағы мұғалім жұмысын қадағалау;

  • Озық  педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау мен мұғалімдер арасында тарату;
  •  Мұғалімдердің әдістемелік шеберлігі, кәсіптік  деңгейі, жалпы мәдениетін көтеру;
  •  Тәлімгерлік жұмысты ұйымдастыру. Жас мұғалімдермен жұмыс;
  •  Пән  апталықтарын өткізу;
  •  Мұғалімдердің білімін жетілдіру жұмысы;

а) аттестация;

ә) өздігінен білім  көтеру жұмысы;

б) зерттеу мәдениетін  қалыптастыру;

  •  Жаңа педагогикалық технологияларды оқу  үрдісіне ендіру;
  •  Кабинетпен жұмыс. Пән кабинетін сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда пайдалану әдістемесі;
  •  Мектеп кітапханасымен байланыс.

Жоғарыда көрсетілген негізгі стратегиялық бағыттарды іске асыру жолында мектеп ұжымы   2015-2016 оқу жылында  бірнеше жұмыстар жүргізіліп, жетістіктерге жетті.

Мектептегі жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде негізгі мектеп оқушылары қалалық, облыстық, Республикалық әртүрлі пәндік олимпиадаларда, өнер және спорттық жарыстарда үлкен табыстарға жетті.

Сондай-ақ жұмыстың нәтижелерін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдер мен технологияларды игеруге ұмтылыс білдірген ұстаздар еңбегінен көруге болады.

Мақсатқа жету жолында мектептің жалпы  жұмыс жоспары, әдістемелік жұмыс жоспары  жасалынып бекітілді. Білім сапасын арттыру жолында мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында әдістемелік кеңес жүйелі түрде жұмыс атқарады. Атап айтар болсам 12.11.2015 жылы деңгейлік курс мұғалімдерінің ұйымдастыруымен облыстық «Дарынды және талантты балаларды оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу» тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтілді деп танылды.

Мұғалімдеріміз «Бастауыш сынып оқушыларын ғылыми ізденушілікке бейімдеу жолдары», «Ақпараттық технологиялар арқылы психологиялық қызметті дамыту жолдары», «Өзін-өзі тану Махаббат пен Шығармашылық», «Ағылшын тілі сабағында оқушыларды сыни ойлауға үйретудің тиімді жолдары», «Мектептегі ғылыми әдістемелік қызметті ұйымдастыру формалары», «Инновациялық технологияларды кіріктірілген оқу-іс әрекетінде пайдаланудың тиімді жолдары», «Химия пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдары»  тақырыбындағы аудандық семинар-практикумдарға белсене қатысты.

Категория: О школе

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *