» » Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

 
 
 

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

Автор: admin от 16-06-2017, 05:59, посмотрело: 170

0

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

 

Баяндамашы:Шу аудандық мәслихат депутаты А.Жандабаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірлік ауылы 2017 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті Ұжым қызметкерлері!

Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жа­һан­дық бәсекеге қабі­лет­тілік» атты Жолдауы ел дамуының жаңа сатысын бағдарлайтын маңызды құжат.

Қазақстанды Үшінші жаңғырту аясында мемлекет басшысы ұзақ мерзімді мақ­сат­тармен қатар, жедел шешілуі тиіс мін­дет­терді нақтылап берді.

Жолдау­да бүгінгі күн тәрті­бін­де тұрған өзекті мәсе­лелер түгел қамтыл­ған. Соның ішінде, эконо­ми­каның жеделдетілген технологиялық жаңғыр­тылуы, жаңа индустриялар құру, еуразиялық логисти­калық инфрақұрылымды дамыту, елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономикалық өсімнің жаңа моделін құру.

Бірінші басымдық үш кешенді міндет арқылы экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуына бағытталған.

Бірінші кешенді міндет цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуді қарастырады.

Бұл міндеттің ерекшлігі елдегі 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды жоғары оқу орындары, Назарбаев Университеті және «Алатау» иннновациялық технологиялар паркі базасында дамыту болып табылады.

Президент Үкіметке берген тапсырмаларға сәйкес, бүгінгі күні «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасы әзірленуде және «ЭКСПО-2017» нысандарының бірінің базасында IT-стартаптар халықаралық технопаркін құру жұмыстары басталды.

Екінші кешенді міндет бірнеше бағыттағы жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беруді көздейді.

Бірінші бағыт:Еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыру. Үкіметке бизнес өкілдерімен бірге 2025 жылға дейін базалық салаларды технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандырудың кешенді шараларын әзірлеуді тапсырылды.

Қалада базалық салаларды технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандыруды талап ететін өнеркәсіп мекемелердің тізімдерді дайындау жұмыстары басталып, осы кәсіпорындарды қайта жарақтандыруға бағытталған нақты қадамдар әзірленуде.

Екінші бағыт: Басымдығы бар салалардағы бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамытуды көздейтін индустрияландыруды жалғастыру.

Бұл мақсатта Үкіметке қазірдің өзінде 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есе ұлғайту және Үкімет жанынан бизнес қоғамдастығының өкілдері енгізілген экспорт саясаты жөніндегі кеңес құру тапсырылды.

Биылғы 1 қыркүйекке дейін Үкімет әкімдермен және бизнес өкілдерімен бірлесіп, Бірыңғай экспорт стретегиясын әзірлеуге тиіс.

Индустиалды-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Тараз қаласында 2015 жылы 381 млн. теңгеге бір жоба іске асырылған, 2016 жылы – 12,4 млрд. теңгеге 5 жоба, ал 2017 жылы 3 жобаны іске асыру қарастырылған.Бұл мәселе бойынша қалада іске асырылған жобаларды талдау және бірыңғай инвестициялық-экспорттық стратегиялық жоспарды әзірлеу жұмыстары басталды.

Жолдауда ауыл шаруашылығы саласынаерекше мән берілген. Президент: «Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек. Қа­зақстанның агроөнеркәсіп кешенінің бола­шағы зор. Көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экс­порттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз. Бұл, әсіресе, экологиялық таза тағамдарға қатысты. «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнімдердің эта­лоны болуға тиіс», деді. Бұл ретте, аграрлық экспорттық өнім көлемін, әсіресе, ұлттық бренд болатын экологиялық таза тағамдар өнімін арттыру міндеті жүктеліп отыр.

Келесі бағыт: құрылыс секторын дамыту.

«Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасының аясында алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету қарастырылған.

Бағдарламада тұрғын үй нарығын дамытудың кешенді шаралары көрініс тапқан.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету 2050 жылға дейінгі Стратегияның басым бағыттарының бірі және жалпыұлттық міндет болып қалуда. Осы мәселені іске асырудағы маңызды жодарының бірі жеке меншік сектормен инвестицияландыру және мемлекет-жекеменшік серіктестігін ынталандыру болып тұр.

2016 жылы қаладағы көпқабатты үйлердің құрылысын жүргізуде жеке меншік құрылыс компанияларының белсенділігі зор. Мысалы, «Бином» ЖШС «Арай» массивінде 80 пәтерлік, «Бәйтерек» мөлтек ауданында 80 пәтерлік, Төле би даңғылында 28 пәтерлік екі үй, «ПИКО» ЖШС Ниетқалиев көшесінде 25 пәтерлік үй, «Восход» ӨК Қойгелді көшесінде 25 пәтерлік үй, «Жамбыл Тас-Құм» ЖШС Қарахан көшесінде 25 пәтерлік үй және «Дәмдес сауда» ЖШС Әйтеке би көшесінде 54 пәтерлік үйқұрылыстарын жүргізді. «Арайстроймаркет» ЖШС «Бәйтерек» мөлтек ауданында екі 75 пәтерлік үй құрылысын бастап, 2017 жылы бітіреді.

Экономиканы тұрақтандыру шараларының аясында Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2016 жылы тұрғын үй құрылысын ынталандыру жүйесі енгізілген болатын. 2016 жылы  облыстық атқарушы органнның есебінен шығарылған облигация есебінен «Арай» алқабында 80 пәтерлік 6 үйдің құрылысы басталған. Бұдан басқа, «Бәйтерек-Девелопмент» АҚ  жеке құрылысшыларды ынталандыру механизмінегізінде 2016 жылы «Арай» алқабында барлығы 315 пәтерлі 4 үйдің құрылысын бастады, ал 2017 жылы «Арай» алқабында, осы механизм негізінде барлығы 155 пәтерлі екі үйдің құрылысын бастайды. Бюджет қаражаты есебінен 2017 жылы «Арай» алқабында 80 пәтерлі екі үйдің құрылысы басталады.

Осы бағытта 2017 жылдың аяғына дейін:

-«Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ және «Тұрғын үй жинақ банкі» арқылы салушыларға ипотекалық кредиттерді субсидия бөлуді талдау жұмыстырды аяқтау:

— халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз санатына жекеменшікке сатып алу құқысыз жалдамалы тұрғын үй құрылысын жүргізуді жалғастыру;

— инженерлік коммуникацияларды жүргізу мақсатында жерді уақытылы бөлу және сатып алу жұмыстарын жалғастыру қарастырылған.

Үшінші кешенді міндет: еңбек нарығын жаңғырту.

Жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты дәстүрлі салаларда еңбек ресурстары босап қалуына байланысты, жаңа индустрия құрып, дамыту жұмыспен қамтудың және азаматтардың нақты табысын өсірудің қосымша мүмкіндігі болады.

Осыған байланысты Елбасы Үкімет пен әкімдерге еңбеккерлердің басқа салаларға басқару аясында ауысуы үшін жағдай жасауды тапсырды.

Қалада жаңа технология енгізу бағдарламасы әзірленіп, жұмыстан босатылатын және керекті жұмыс ресурстардың саны, қайта даярлайтын жұмысшылар саны анықталып,еңбек ресурстары мен бос жұмыс орындарының бірыңғай базасы дайындалып, жұмыспен қамту «жол картасы» әзірленетін болады.

Екінші басымдық бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейтуге бағытталған.

Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету болып табылады. Жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады.

Елбасы шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану керектігін айта келе, бұл шараларды бизнес жүргізу және қаржылық сауаттылыққа үйрету ісін ұйымдастырумен қатар атқаруға назар аударып, жаңадан ашылған жұмыс орындарының саны – бұрынғыша Үкімет пен әкімдер қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі критерийінің бірі болып қалатындығын ескертті.

Бүгінгі күні бұл жұмыс «2017-2021 жылдарға арналған жаппай кәсіпкерлікті және отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру іс-шаралар жоспарына» сәйкес іске асырылуда.

Келесі бағыт: Мемлекеттің экономикадағы үлесін ішкі жалпы өнімнің 15%-ына дейін төмендету. Президент Үкіметке тізбедегі кәсіпорындарды жекешелендіруді тездетіп, оны 2018 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Келесі бағыт:Кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясын кеңейту. Бұл бірқатар мемлекеттік қызметтердің көрсету міндетін бизнеске беруді білдіреді.

Қалада қазірдің өзінде оларды мектепке дейінгі білім беру ісіне тарту саласында жақсы нәтижелер бар. Облыс көлеміндегі 50 пайыздан астам мектепке дейінгі білім беру мекемелері (34 мектепке дейінгі білім беру мекемелері және 1 кіші орталық) қалада орналасқан.

Жолдауда Елбасы мемлекет-жекеменшік серіктестігі инфрақұрылымды, соның ішінде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың негізгі тетігіне айналуға тиіс екендігіне баса назар аударды.

Бүгінгі күні  мемлекет-жекеменшік серіктестікті тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй құрылыс, білім, мәдениет және спорт салаларында дамыту жолдары қарастырылуда.

Жолдаудың үшінші басымдығы:макроэкономикалық тұрақтылық.

Бұл жердегі шешуші міндеттерінің бірі – бюджет шығыстарының тиімділігін түбегейлі арттыру арқылы салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу.

Елбасы 2017 жылы мемлекеттік даму бағдарламаларын қажетті ресурстармен толық қамтамасыз еткенімізбен министрліктер мен ведомстволардың қаражатты игеруінің тиімділігін тексеру қажеттілігін айтты. Керек болған жағдайда, тиімсіз бағдарламалардың қаражатын Үшінші жаңғырту міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ететін бағдарламаларға қайта бөлу керектігін тапсырды.

Орталықтан жергілікті жерлерге көптеген функциялар мен өкілеттіктер берілгеніне байланысты, аудандық және ауылдық жерлердің қаржылық дербестігін нығайту керектігін тапсырды. Бірақ, бюджет қаражатын тиімді пайдалану керектігіне баса назар аударды.

Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту.

Биылғы Жолдау ел экономикасын нығайтумен қатар, халықтың әл-ауқатын жасқарту бойынша жаңа міндеттер жүктеді.

Ең алдымен, білім беру жүйесіне баса назар аударылды.

2017 жылы жалпы білім саласына қалалық бюджеттен  19 млрд. 604,6 млн. теңге бөлінді немесе 2016 жылмен салыстырғанда 5,8%-ға жоғары.

Қалада 64 мемлекеттік және 35 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру мекемелері қызмет атқарады, онда 18 003 бала тәрбиеленуде. Жалпы мектепке дейінгі мекемелердің ішінде 35 жекеменшік ұйымдарында 3153 бала тәрбиеленуде немесе 17,5%.

Жолдауда міндеттелген тапсырмалар бойынша қалалық білім бөлімі оқушылардың сыни ойлау қабілетін, өз бетімен іздену дағдыларын дамыту мақсатында жүйелі  жұмыстар жүргізетін болады. IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға,  ұлтжандылықты дамытуға, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу жолдары жүзеге асырылатын болады.

Техникалық және кәсіптік  білім беру сапасын арттыру, Елбасы Жолдауында айтылған «Баршаға арналған тегін кәсіби білім» жобасын жүзеге асыру – негізгі міндеттердің бірі.

Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылатын болады.

Елбасы атап өткендей, білім беру жүйесімен қатар денсаулық сақтау жүйесі де өзгеруге тиіс. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) енгізіле бастайды. Қалада халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Жолдауда жағымды жаңалық, зейнетақы мен жәрдемақылардың өсетіні. Шілде айынан бастап зейнетақы мен бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы 20 пайызға өседі.

Ең төменгі күнкөріс шегі де қайта қарастырылады. Бұл қадам 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы, мүгедектерге және асыраушысынан айрылған отбасыларға арналған жәрдемақы, мүгедек бала тәрбиелеп отырғандарға берілетін атаулы көмек пен жәрдемақы көлемін өсіруге мүмкіндік береді.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету шегін ең төменгі күнкөріс шегінің 40%-ынан 50%-ға дейін өсіріп, оның жаңа форматы енгізілетін болады. Бұл ретте жұмыс істеуге қабілетті адамның бәрі тек жұмыспен қамту бағдарламасына қатысу шарты арқылы ғана қолдауға ие болуға тиіс.

Осы ретте, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аз қамтамасыз етілген отбасыларынан еңбекке жарамды азаматтарды жұмыспен қамту арқылы адресті әлеуметтік көмек көрсетуді  күшейтетін болады.

Жолдаудың бесінші басымдығы институционалдық өзгерістерді, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күресті көздейді. Қауіпсіз мемлекеттің ғана реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндігі бар.

Президент жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформаларды атап өтті.

Бұл басымдықта Елбасы әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіруіне, әкімшілік айыппұлдар әділетті және құқық бұзу деңгейіне сәйкес болуына, кәсіпкерлік саласында құқық бұзғаны үшін салынатын санкцияны төмендету, сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу қажеттілігіне баса назар аударды.

Қазіргі заманда адамзат терроризмнің белең алуымен бетпе-бет келіп отыр.

Осы бағытта мобильдік және ақпараттық-түсіндіру топтармен бірлесе қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру жұмыстары жалғастырылады.

Бұл іске мемлекеттік емес сектор және қоғамдық бірлестіктер белсенді түрде тарту көзделіп отыр.

Мемлекет басшысы елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасағанымызды айта келе, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғы шарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттілігіне тоқтады.

Категория: Информация.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *