» Материалы за Май 2018 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Өз өзіне қол жұмсаудың алдын алу анықтамасы 2018

Автор: admin от 22-05-2018, 21:02, посмотрело: 32

0
Оқушылар арасында өткізілген  дөңгелек үстелдің     
 анықтамасы № 1
Мұхаммед Хайдар Дулати  атындағы орта мектебі 

Өткізілген  уақыты 10 қыркүйек  2017 жыл 

Тақырыбы:  «Мен және менің өмірім »

Тренингтің мақсаты:  Өмір құндылықтарының мәнін ашу арқылы адам өмірінің сипаты мен тірлігі туралы ұғымдарын кеңейту.

Қатысқандар /оқушы саны/:   8 сынып оқушылары  20  оқушы /2 топқа бөлінді/

Тренингтің  жүргізу  барысы: Сынып  бөлмесі әсем безендірілген. Жағымды әуен ойнап тұрды. 

Тренингке  қажетті  құрал жабдықтын  бәрі  оқушыларға таратылды. 
Тренинг  сәлемдесуден басталды, сәлемдесу кезінде өз есімін айтап және оның басты әріпінен басталатын өзіне тән қасиетті айту арқылы топта жағымды қарым-қатынас орнады.
Негізгі  бөлім
Оқушыларға  Өмір дегеніміз... туралы мини лекция  оқылды және  қорқыныштың өмірде кездесетін  6 түріне талдау жүргізілді.  
«Аяқталмаған сөйлем » жаттығуда оқушыларға   нұсқа  бойынша тапсырмалар берілді. 
Қорқыныш түрлері, қорқыныш туралы ойлары ол бойда қалай байқалады, оны төмендетуде қандай жаттығулар білетіндігі туралы сұрақ қойылып, жауаптар алынды.
«Өзіңізді білесіз бе?» жаттығуы жасалынды
Слайд «Өмір-өзен» туралы көрсетілді жене «Шеге»  туралы аның әңгіме тыңдалды
Кері байланыста  бүгінгі кездесуден не алды, көңіл-күйлерімен  бөлісті.

Қорытынды: 
    Оқушылар өмірдегі кез келген қиындықтар жеңу арқылы келетіндігі туралы білді. Оқушылардың өзіне деген сенімділіктері арта түсті. Өз бойындағы жақсы қасиеттерді қалай тану керектігі туралы және өзіңдік бағалауды үйренді.Өмірдің құндылығын  түсініді




Мектеп психологтары: Ж.Дошжуманова
С.Болатбек















Оқушылар арасында өткізілген  тренингтің     
 анықтамасы № 2

Мұхаммед Хайдар Д улати  атындағы орта мектебі 
Өткізілген  уақыты       қазан   2017 жыл 
Тақырыбы:  « Өмір бізге не үшін қажет? »
Тренингтің мақсаты:  оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау. 
Қатысқандар /оқушы саны/:   9 сынып оқушылары  56  оқушы /2 топқа бөлінді/
Тренингтің  жүргізу  барысы: Сынып  бөлмесі әсем безендірілген. Жағымды әуен ойнап тұрды. 
Тренингке  қажетті  құрал жабдықтын  бәрі  оқушыларға таратылды. 
Тренинг  сәлемдесуден басталды, сәлемдесу кезінде өз есімін айтап және оның басты әріпінен басталатын өзіне тән қасиетті айту арқылы топта жағымды қарым-қатынас орнады.
Негізгі  бөлім
1. «Мен және өмір» жаттығуы 
Нұсқау: - Балалар, бәріміз ортаға шығып, жылылық шеңберін құрайық. Оқушылар шеңберге тұрып, мысалы «Мен, Айбол өмірде бақыттымын» дегендей өмірге байланысты сөз тіркестерін айтады. 
2. «Өмір» жаттығуы Шарты: тақтадағы «Өмір» деген сөзге ассосация жасай отырып, әр әріпті жеке-жеке талдау. Мысалы: өмір-өзен, өмір-мейірім, өмір-ірге тас, өмір-рахат. 
3.Мен кіммін, жан-жақты ерекшеліктерім. 
Оқушылар жағымды және жағымсыз ерекшеліктерін тізбектеп шығады. 
Оқушыларға бос ақ парақ таратылады. Сол парақты теңдей етіп екіге бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1,2 деп белгілеп, бірінші бөлікке жағымды қасиеттерін, екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазуы керек. Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып, жағымсыз қасиеттерін жыртып, қоқыс жәшігіне салады. Мысалы: 
Жағымсыз ерекшеліктер: Менің жылай салатын жаман қасиетім бар. 
Жағымды ерекшеліктер: Мен кішіпейіл қасиетіме ризамын, т.б. 
4.Топтық шығармашылық жұмыс 
І топқа тапсырма : «Менің балалық шағым» тақырыбына берілген ақ ватман, түрлі газет журналдардан қиылған суреттерді және скочты пайдалана отырып, сурет құрастыру, қорғау. 
ІІ топқа тапсырма: «Менің қазіргі шағым» тақырыбына берілген параққа сурет салу. Нұсқау: суреттің әрбір бөлігін әр қатысушы салып, қорғау керек. 
Екі топқа ортақ тапсырма: «Мен болашақта өзімді қалай елестетемін?» тақырыбына өздерінің шығармашылық қасиеттерін пайдалана отырып, берілген түрлі түсті қағазды қиып, ақ парақа желім арқылы жабыстыру, сурет құрастыру, қорғау. 
Талқылау сұрақтары:Тапсырманы орындау қиын болды ма?Берілген тапсырма бір адамның ойымен ғана шықты ма? Немесе топ мүшелерінің ойы бір жерден шыға алды ма? 
5. «Би терапиясы» жаттығуы 
Нұсқау: Алдын ала дайындалған ақ плакатка адамның табанының суреттері салынады, екі түрлі түспен. Ортаға екі қатысушы шығып, музыкаға ілесе отырып, өз табан іздерінен шықпай билеуі керек. 
Қандай сезімде болдыңыздар?Музыка мен би біздің сезімімізге әсер ете алады ма? 
6. «Ойланып көрейік» жаттығуы. «Гүлдер» релаксациясы (Әуен ойнап тұрады) 
Шарты: психолог оқушыларға жаттығу мазмұнын оқиды, оқушылар көздерін жұмып отырып, оны елестетеді. 
Қорытынды психолог сөзі: Бүгінгі «Өмір бізге не үшін   қажет?» тренинг-сабағымыз аяқталды. Қатысқандарыңызға көп рахмет! Осылай өмірде белсенді, қуанышты болыңыздар! Өмірлеріңді бағалап, мәнді өткізе біліңдер! Қызықты сәттеріңіз мол болсын!  
Тренинке қатысушылар өз ойлары мен пікірлерін ашық жеткізе білді.
Мектеп психологтары: Ж.Дошжуманова
С.Болатбек

Мектеп ұжымымен  арасында өткізілген  тренингтің     
 анықтамасы № 3

Мұхаммед Хайдар Д улати  атындағы орта мектебі 

Өткізілген  уақыты       қараша   2017 жыл 

Тақырыбы:  «Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол салу  мәселесі»

Тренингтің мақсаты:  оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау. 

Қатысқандар /мектеп ұжымы   43   мұғалім  /2 топқа бөлінді/

Тренингтің  жүргізу  барысы: Сынып  бөлмесі әсем безендірілген. Жағымды әуен ойнап тұрды. 
Тренингке  қажетті  құрал жабдықтын  бәрі  оқушыларға таратылды. 
тренингтің жүргізілуі  , өтілу барысы туралы айтылды. Әріптестер сәлемдесіп, жаңа күн, осы күні өзін тануға шынайы жұмыс деңгейінде бір- біріне кедергі келуіне ( артық сұрау, қатты күлу және т.б.)  шақыру. 
Негізгі  бөлім
     Бүгінгі күні жаттығуға дайындықтарын шартты белгілермен көрсетуді өтіну. сен бүгінгі тренингтен не күтесің ?- деген сұраққа   мұғалімдер мен өзімді таныстырып, тек жақсы жақтарымды көрсеткім келетіндігі туралы айтты. Өз есімін бас әрпін айтып , сол әріптен өзіне жақсы іштегі қасиеттерді айту керек, мысалы:    - ашық, ақкөңіл, ақжарқын, ақылды, арманшыл  деген сөздер айтылды.
      Бұл жаттығудың мақсаты әр адам бірдей болмайды, әр адам өзінің жеке  ерекшелігіне көңіл білдіру керек. Адамдар ерекше екендігі туралы, бір- біріне ұқсамайтындарына аса назар аударту қажет.
Мұғалімдерге қазіргі таңда балалармен   жылы  сөйлесіп, өздеріне тарта білу қажет. Әр баланың жас ерекшілігіне қарай психологиясына көңіл бөлу керек  екендігі тілге тиек етті.
Қорытынды: Мектеп ұжымы  тренингке белсенді, эмоционалды қатысып  жақсы әсерде қалды. 
жоғары  деңгейде  - 24         55%
орташа   деңгей - 17             40%
төменгі  деңгей-2                  5%


Мектеп психологтары: Ж.Дошжуманова
С.Болатбек












Оқушылар арасында өткізілген  тренингтің     
 анықтамасы № 4

Мұхаммед Хайдар Д улати  атындағы орта мектебі 

Өткізілген  уақыты     желтоқсан   2017 жыл 

Тақырыбы:  «Мен өмірді сүйемін!»

Тренингтің мақсаты:  өмірдің құндылықтарын насихаттай отырып, бала бойына өмірге деген құлшылығын ояту.Көңіл-күйді және эмоцияны реттеу, өзіне деген сенімділігін қалыптастыру 

Қатысқандар /оқушы саны/:  7-8 сынып оқушылары  57  оқушы /2 топқа бөлінді/

Тренингтің  жүргізу  барысы: Сынып  бөлмесі әсем безендірілген. Жағымды әуен ойнап тұрды. 
Тренингке  қажетті  құрал жабдықтын  бәрі  оқушыларға таратылды. 
Тренинг  сәлемдесуден басталды, сәлемдесу кезінде өз есімін айтап және оның басты әріпінен басталатын өзіне тән қасиетті айту арқылы топта жағымды қарым-қатынас орнады.
         Мектеп фойесінде оқушылар  өз  ойларымен  сурет салды.   Балалар белсене қатысты.Арттерапия нәтижесінде сыныптар бойынша белсенділік танытқан: 
Жоғары деңгей – 6 бала 
Ортадан жоғары деңгей – 25 бала 
Орта деңгей 26 бала 
Ортадан төмен деңгей – 0

Ұсыныс: 1.Жасөспірімдер арасында мінезі тұйық балалармен жеке арттерапия жүргізу.

Қорытынды Тренинке қатысушылар өз ойлары мен пікірлерін  суретке салу арқылы   ашық жеткізе білді.




Мектеп психологтары: Ж.Дошжуманова
С.Болатбек















Оқушылар арасында өткізілген  тренингтің     
 анықтамасы № 5

Мұхаммед Хайдар Д улати  атындағы орта мектебі 

Өткізілген  уақыты     қаңтар   2018 жыл 

Тақырыбы:  «Мен өмірге ғашықпын!»

Тренингтің мақсаты: Оқушыларға жақсылыққа жетелейтін  жақсы қасиеттермен әрбір  жақсы істердің шапағаты  туралы түсінік беру, өмірді сүюге баулу 

Қатысқандар /оқушы саны/:  8-9 сынып оқушылары  77  оқушы /2 топқа бөлінді/

Тренингтің  жүргізу  барысы: Сынып  бөлмесі әсем безендірілген. Жағымды әуен ойнап тұрды. 
Тренингке  қажетті  құрал жабдықтын  бәрі  оқушыларға таратылды. 
Тренинг  сәлемдесуден басталды, сәлемдесу кезінде өз есімін айтап және оның басты әріпінен басталатын өзіне тән қасиетті айту арқылы топта жағымды қарым-қатынас орнады.
Негізгі  бөлім
1. «Шаттық шеңбері» жаттығуы 
Нұсқау: - Балалар, бәріміз ортаға шығып, жылылық шеңберін құрайық. Оқушылар шеңберге тұрып, мысалы «Мен, Айбол өмірде бақыттымын» дегендей өмірге байланысты сөз тіркестерін айтады. 
2. «Таңдап ал» ойын- жаттығуы Шарты: әр оқушы өзен ұнаған түстегі нөмірленген шарды алып сұраққа жауап береді 
3. Шығармашылық жұмыс «Жақсылық ағашын отырғызу». 
4.Сергіту сәті «Ну ормандағы жаңбыр»  ойыны
5. «Ойлан тап» жаттығуы 
Нұсқау: қазір сендерге «Жақсы бала» деген сөйлемнен бірнеше мақал-мәтел ойластыру керек.
6. «Жүректен-жүрекке» релаксациясы (Әуен ойнап тұрады)

Қорытынды Тренингке қатысушылар өз ойлары мен пікірлерін  суретке салу арқылы   ашық жеткізе білді.




Мектеп психологтары: Ж.Дошжуманова
С.Болатбек











Оқушылар арасында өткізілген  тренингтің     
 анықтамасы № 6

Мұхаммед Хайдар Д улати  атындағы орта мектебі 

Өткізілген  уақыты     ақпан   2018 жыл 

Тақырыбы:  «Реніштен   арылу»

Тренингтің мақсаты: Оқушыларға қорқыныш сезімі туралы мағлұмат бере отырып, түрлі жаттығулар арқылы  бойындағы қорқыныш сезімдерін жою,өзара қарым-қатынастарын нығайту


Қатысқандар /оқушы саны/:  8-9 сынып оқушылары  77  оқушы /2 топқа бөлінді/

Тренингтің  жүргізу  барысы: Сынып  бөлмесі әсем безендірілген. Жағымды әуен ойнап тұрды. 
Тренингке  қажетті  құрал жабдықтын  бәрі  оқушыларға таратылды. 
Тренинг  сәлемдесуден басталды, сәлемдесу кезінде өз есімін айтап және оның басты әріпінен басталатын өзіне тән қасиетті айту арқылы топта жағымды қарым-қатынас орнады.
Негізгі  бөлім
«Қорқынышыңды суртте» жаттығуы 
Түсіндіру: - Балалар қорқынышқа қарсы жүр, өзің қорқатын нәрсені істе,бірнеше рет істе. оқушыларға ақ парақ таратылады, өзіңнің қорқынышыңның суретін сал.
Талдау: қайсысы ең алғаш байқалды? Қайсысы кейін көрінді? жалпы суретте қорқынышыңның орнын тап?

2. «Бірақ...»  жаттығуы Шарты:  оқушыларға бір қалыпты қарқын енгізу,өз ойыңды аяқ астынан айтып сал
Нұсқау: -Мен шаршадым, бірақ...  мен кішкентай бойлымын, бірақ...
             3.  «Автопортрет»  проективті тесті 
4.Сергіту сәті 
5. «Бет перде» жаттығуы  дене бұлшықеттерінің босаңсуы, орындықта отырып, денелерінің бұлшықеттерін бос ұстау, терең демімізді аламыз да, шығарамыз 3-4 рет қайталанады.

6. «Жымию» релаксациясы әр қатысушы бір уақытта бір-біріне өздерінің жымиюларын сыйлайды.(Әуен ойнап тұрады)

Қорытынды Тренинке қатысушылар өз ойлары мен пікірлерін  ортаға салып, ашық жеткізе білді.




Мектеп психологтары: Ж.Дошжуманова
С.Болатбек

Категория: Психологи советуют

 

Работа с родителями

Автор: admin от 18-05-2018, 21:08, посмотрело: 25

0

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Психологи советуют