» Материалы за Август 2017 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебі оқушыларының жаз мезгілінде су айдындарында шомылу кезіндегі өмір қауіпсіздігін сақтау бойынша атқарылған іс-шаралар

Автор: admin от 7-08-2017, 22:19, посмотрело: 136

1

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебі оқушыларының  жаз мезгілінде су айдындарында  шомылу кезіндегі өмір қауіпсіздігін сақтау бойынша  атқарылған іс-шаралар

А Н Ы Қ Т А М АС Ы

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебі оқушыларының су айдындарында шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша жаз мезгіліне арнап іс-шаралар жоспары жасалып бекітілді.Жаз мезгілінде оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау бойынша мобильдік топ құрамы жасақталды.Бірлік ауылдық округі Шу өзенінің жанында орналасқандықтан,жаз мезгілінде суға шомылатын тұрғындардың,оның ішінде балалардың көптеп болуына байланысты Шу өзені бойында рейд ұйымдастырылды.Су айдындарында шомылу кезіндегі оқушылардың өмір қауіпсіздіктерін сақтау бойынша ата-аналар бұрышы ұйымдастырылып,мамыр айында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысында жаз мезгіліндегі балалардың өмір қауіпсіздігі ережелері таныстырылып,инструктаждар бойынша ата-аналардан қолхат алынды.Су айдындарында шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері мектеп оқушыларына да «Судағы қауіпсіздік» тақырыбындағы сынып сағаттарында айтылып,насихат жұмыстары жүргізілді. Бірлік ауылдық округі әкімшілігі тарапынан тұрғындМұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебі оқушыларының  жаз мезгілінде су айдындарында  шомылу кезіндегі өмір қауіпсіздігін сақтау бойынша  атқарылған іс-шараларардың оның ішінде оқушылардың қауіпсіздігін зерделеу бойынша штаб құрылды.Бірлік ауылдық округі тұрғындарына су айдындарында шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін таныстыру,насихаттау бойынша еріктілер тобы жасақталып,ауылдық округте орналасқан мекемелер мен дүкендердің хабарландыру тақтайшаларында су қауіпсіздігі туралы инструктажтар ілініп,ауыл тұрғындарына парақшалар таратылды.

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебі оқушыларының  жаз мезгілінде су айдындарында  шомылу кезіндегі өмір қауіпсіздігін сақтау бойынша  атқарылған іс-шаралар

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебі оқушыларының  жаз мезгілінде су айдындарында  шомылу кезіндегі өмір қауіпсіздігін сақтау бойынша  атқарылған іс-шаралар

 

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебі оқушыларының  жаз мезгілінде су айдындарында  шомылу кезіндегі өмір қауіпсіздігін сақтау бойынша  атқарылған іс-шаралар

 

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебі оқушыларының  жаз мезгілінде су айдындарында  шомылу кезіндегі өмір қауіпсіздігін сақтау бойынша  атқарылған іс-шаралар

 

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебі оқушыларының  жаз мезгілінде су айдындарында  шомылу кезіндегі өмір қауіпсіздігін сақтау бойынша  атқарылған іс-шаралар

 


Шу өзені бойынан...

 

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебі оқушыларының  жаз мезгілінде су айдындарында  шомылу кезіндегі өмір қауіпсіздігін сақтау бойынша  атқарылған іс-шаралар

 

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебі оқушыларының  жаз мезгілінде су айдындарында  шомылу кезіндегі өмір қауіпсіздігін сақтау бойынша  атқарылған іс-шаралар

 

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебі оқушыларының  жаз мезгілінде су айдындарында  шомылу кезіндегі өмір қауіпсіздігін сақтау бойынша  атқарылған іс-шаралар

 

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебі оқушыларының  жаз мезгілінде су айдындарында  шомылу кезіндегі өмір қауіпсіздігін сақтау бойынша  атқарылған іс-шаралар

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебі оқушыларының  жаз мезгілінде су айдындарында  шомылу кезіндегі өмір қауіпсіздігін сақтау бойынша  атқарылған іс-шаралар

 

Балаларға арналған судағы қауіпсіздік ережелері
<!-- [if !supportLineBreakNewLine] -->
<!-- [endif] -->

Балалардың судағы қауіпсіздігі туралы ата-аналар нені білуі керек?

- суға тамақтанғаннан кейін біржарым сағаттан соң шомылуға болады;
- егер судың температурасы +16 °С төмен болса, суға түсуге болмайды, себебі судың суықтығынан аяқ-қолдың тырысуы немесе естен айырылу жағдайлары болуы мүмкін; 
- су температурасы +17 °С-ден +19 °С-ге дейін және ауаның температурасы +25 °С болған жағдайда, суда 10-15 минуттан артық шомылуға болмайды;
- суға тек қана суға түсуге арналған қауіпсіз, арнайы жабдықталған жерлерде түсу керек. Егер сіз жабайы табиғи жерлерде шомылуды шешсеңіз, суы таза, тереңдігі 2 м аспайтын, судың түбі қиыршық тасты немесе құмды жерді және ағысы жай 0,5 м/с жоғары емес орынды таңдағаныңыз жөн (тексеру үшін суға жаңқа немесе таяқ тастаңыз). Әрқашан су түбін тексеру қажет және шомылып жатқан балаларды қадағалаңыз. Балалар су жағасында шомылулары қажет. Ешқашан шалшық суға түспеңіз;
- Егер сіз мас күйде болсаңыз, балаларды суға жібермеңіз, оларқараусыз қалып қойған жағдайда, қайғылы жағдайға ұшырауы мүмкін.

<!-- [if !supportLineBreakNewLine] -->
<!-- [endif] -->

 

Балалардың судағы қауіпсіздігінің негізгі ережесі:


• Белгі қойылған жерден асып жүзуге болмайды, ол болмаған жағдайда жағадан алыс жүзбеу керек; 
• Кемеге жақын жүзуге болмайды;
• Таяз жерге немесе белгісіз тереңдікке секіруге болмайды;
• Қайық, айлақ, көпір үстінен және арналмаған жерлерден секіруге болмайды;
• Күнге қыздырынғаннан кейін немемсе ұзақ жүгірістен соң суға секіруге болмайды, себебі естен айырылып қалу немесе жүректің тоқтап қалуы мүмкін. Алдымен сумен шайынып алу керек;
• Дауыл немесе толқын болған жағдайда шомылуға болмайды;
• Қарсыласыңды суда ұстап тұру ойынымен ойнауға болмайды, себебі жолдасың тұншығып және есін жоғалтуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Суда абай болыңыздар!


     Күннің қатты ысығанынан барлық су айдындарда демалушылардың саны күрт өсуде. Суда демалыңыздар, күштеріңізді және денсаулықтарыңызды нығайтыңыздар, бірақ Есте сақтаңыздар!
Судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себебі болып азаматтардың судағы қаупсіздік ережелерін дөрекі бұзуынан немесе оны білмеулерінен болып табылады.
Судағы негізгі қауіпсіздік ережелерін оқыңыздар және есте сақтаңыздар:
• тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар;
• жүзе білмей белдеріңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер;
• шомылу кезінде бір біріңізді көзден таса қылмаңыздар;
• жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;
• жүзе білмей, дөңгелекті, үрлемелі матрасты пайдаланбаңыздар;
• жүзіп келе жатқан катерлер мен қайықтарға жақындамаңыздар;
• қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға секірмеңіздер;
• суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;
• түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыздар;
Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, балаларды сауықтандыру лагерлерінің, туристік фирмалардың және демалыс зоналарының басшылары!
Балаларды қатаң бақылаңыздар, оларды үлкендердің бақылаунсыз қалдырмаңыздар. Балаларға тек арнайы жабдықталған орындар мен жерлерде үлкендердің қадағалауымен ғана шомылуға рұқсат етіңіздер. Балаларға үрлемелі матрастармен, камералармен, тақтайлармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге қатаң тиым салынады. Оларды жағадан жел немесе ағын алысқа алып кетуі мүмкін, ал бұл көмек көрсетуге қиындық туғызады.

Шомылу кезінде абай бол.
Шу ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді.
- Суға шомылғанда тек жабдықталған жағажайларда және басқа арнайы шомылуға бөлінген орындарда шомылыңыздар ;
- Жүзе білмей тұрып, беліңізден жоғары келетін суға түспеңіз

 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР !
- Қатаң түрде балаларды үлкендердің қарауынсыз су қоймаларының жағалауында қалдырмаңыздар;
- Балаларға үрлемелі матрацтармен,камералармен,тақтайлармен,үрлемелі ойыншықтармен жүзуге тыиым салынады.
 ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕ
-Ескертпе белгілерден ары жағадан алысқа жүзіп кетпеңіздер.
- түнгі уақытта, алкогольдік ішімдік ішкенен кейін суға шомылмаңыздар;
- Қайықтан,катерден, суда жүзетін велосипедтен, жағадағы кеме аялайтын орыннан,көпірден және белгісіз орындарда суға секірмеңіздер.
-Суда қауіпті жағдайлар туғызбаңыздар.
   Азаматтар! Суда абай болыңыздар! Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтаңыздар, сонда су жағасындағы демалыс қайғылы болмайды.
Естеріңізде болсын! Егерде Сізбен қауіпті жағдай төнсе, Сізге көмек қажет болса «112» Құтқару қызметінің телефон номерін теріп алыңыздар.
<!-- [if !supportLineBreakNewLine] -->
<!-- [endif] -->

 

«Су сенің досың және дұшпаның».

 

 Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау  үшін, төмендегі ережелерді орындаған жөн:  

     I. Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары     - Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.      - Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.      - Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.      - Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.      - Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.      - Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз.      - Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.    

  II. Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіптері      Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол, себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дизентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.    

   III. Аяқ-қол тырысуы (судорога) болғанда сіздің іс-әрекетіңіз       Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады.      - егер тырысу болғанда жүзуді тоқтатып суға арқаңызбен шалқалай жатыңыз, сабырлық сақтаңыз.      - Қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда жұдырығыңызды түйіңіз, қолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз.    - Балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз, немесе аяғыңызды судың астына созып, аяғыңыздың бармақтарын алға иіңіз. Содан соң балтырыңызды сылаңыз.      - Тырысу қойысымен тынығып алып, жүзудің басқа әдісімен жағаға шығыңыз.     

 IV.   Су иірімінен шығудың тәсілдері       - Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере дем алып, иірімнің астына сүңгіңіз.       - Судың астында иірімнен алысырақ кетуге тырысыңыз.       - Иірімнен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып жағаға қарай жүзіңіз.   

  V. Суда қатты шаршаған кездегі іс-әрекет        Суда ұзақ шомылу шаршап - шалдығуға әкеліп соғады.       - Егер суда шарашасаңыз немесе тоңсаңыз тез арада жағаға қайтыңыз. Сабыр сақтаңыз.      - Әлсін - әлсін шалқалай жатып дем алыңыз, күшіңізді үнемдеңіз, өзіңізді және уақытты бақылау үшін, жаймен дауыстап санаңыз.      - Егер өз күшіңізбен жағаға жете алмайтыныңызды сезінсеңіз шалқалай жатып қолыңызды бұлғап көмекке шақырыңыз.     

 VI. Суық судың қауіптілігі      Суық суға түсіп кеткен адам  10-30 минутта көбіне суық өтіп қайтыс    болады (5-7С 2-ші дәрежелі гипотерамия). 5-15 минут қимылсыздық   суықтан талуға (шок) және өлімге әкеліп соғады. Суық судан шығарылып, аман қалғанның өзінде жиі-жиі есінен танады. Организімнің жалпы салқындауы қатты шаршағанда, ашыққанда, мас  күйінде тезірек болады. Физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әйелдер суық суға төзімдірек болады, ерлер 4-5 минуттан соң-ақ жүректері тоқтап қалуы мүмкін. Суық суда клиникалық өлім 30-60 минутқа, жылы суда 5-6 минутқа созылады. Тұщы суға батқан адам 1-3 минутта, ал теңіз суында 7-8 минутта қайтыс болады. Сондықтан суық суда әрбір секунд қымбат.      VII. Судағы қатерге ұшыраған адамға алғашқы көмек      Қатерге ұшыраған адамға көмек көрсеткенде мүмкіндігінше  тездетіп оттегі жетімсіздігін қолдан дем алдыру тәсілін қолдану арқылы жойыңыздар.      - қатерге ұшыраған адамды судан алып шыққаннан кейін оның киімін беліне дейін шешіп, демалу жолдарының жоғары жағын және асқазанын  судан босатуға кірісу;      - қатерге ұшыраған адамның аузын азу тістерінінің  әр жағынан саусақпен қармай, немесе қол орамалмен, не дәке оралған пышақ жүзімен, шай қасықтың сабымен немесе жалпақ темір заттпен ашу керек.       - Ауыз ішін шырыш пен балдырдан тазалау керек.      - Қатерге ұшыраған адамның жоғарғы тыныс жолдары мен асқазанын судан арылту үшін оның кеудесін көмек көрсетушінің тізесінің бүгілген аяғының үстіне басын төмендетіп салып, кеуде сүйегінің астыңғы бөлімдерін ырғақпен қысып баса беру. Ең жеңіл және тиімді тәсіл - «ауыздан - ауызға» немесе «ауыздан  - мұрынға» ауа үрлеу. Қатерге ұшыраған адамды бетін жоғары қаратып жатқызып, бір қолды оның мойнының астына жіберіп, екінші қолымен маңдайынан басып, басын мүмкіндігінше шалқайту. Бас бармақпен және сұқ саусақпен қатерге ұшыраушының мұрнын қатты қысып, демді ішке терең алып, оның аузына минутына 18-20 дем салу керек. Қатерге ұшыраушының жүрек соғуын ұдайы қадағалап отыру керек. Егер жүрек соғуы тоқтап қалса қолдан дем алдыру мен қатар, жүрекке тікелей емес массаж әдісін қолдану керек, ол үшін: қатерге ұшыраушының жүрек түсына бір алақанды қойып  екіншісін айқастыра салу керек, екі колдың да саусақтары көтеріңкі болу қажет, дене салмағын пайдалана, төс сүйекті омыртқа жотасына қарай 4-5 см қысады, жиілігі минутына 70-72 рет.  

     Есте сақтаңыздар!      Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.

 


Категория: Информация.