» Материалы за Июнь 2017 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Болашағыңа - сәтті қадам жаса!

Автор: admin от 16-06-2017, 06:06, посмотрело: 140

1

                     Болашағыңа - сәтті қадам жаса!

 

   Жастарға кәсіби бағдар беру және бәсекеге қабілетті кадрды қалыптастыру мақсатында Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінде 9-11 сынып түлектерімен 14 мамыр күні  «Сәтті қадам» жобасы аясында, «Нұр Отан» партиясы Бірлік бастауыш партия ұйымы төрайымы С .Иманбекова және Шу аудандық маслихат депутаты, «Нұр Отан»партиясының Шу аудандық маслихаттағы депутаттық  фракция мүшесі Ақмарал.Турсынбайқызы Жандабаеваның ұйымдастыруымен кездесу өтті.
 Кездесу барысында  мектеп оқушыларының кәсіби бағытын қалыптастыруда кәсіби білім беру  жайында және ауданымыздағы өзекті мамандықтар туралы түсініктер  берілді.

Кәсіптік   мамандықтарды таныстыра келе, өндірістік тәжірибе орындарын көрсетіп мамандықтар туралы ақпараттар берілді.

 Кәсіби бағдар беру бағытында  мамандықтар  туралы түсірілген бейнеролик көрсетілді.

   Кездесуге арнайы шақырылған Шу ауданындағы №10кәсіптік колледж  өкілі өз колледжі бойынша мамандықтар мен кәсіби білім беру бағытындағы жаңалықтарымен бөлісті.
 Шу аудандық маслихат депутаты, «Нұр Отан»партиясының Шу аудандық маслихаттағы депутаттық фракция мүшесі Ақмарал.Турсынбайқызы  сәтті қадам жасай отырып, кәсіби мамандық ие бола келе , елдің индустриялды инновациялық дамуына үлес қосуға жастарды шақыра отырып,ауданымыздың дамуына қажетті мамандық таңдау жасау туралы үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

  Кеш соңында оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасар К Хасенова мектептегі кәсіби бағдар беру бойынша Бірлік ауылында орналасқан кәсіпорындар туралы көрме мен мектеп кітапханасындағы ұйымдастырылған ақпараттық бұрышпен таныстыружұмыстарын жүргізілді.

                                                                 

                                                               Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы     

                                                                орта мектебі директордың тәрбие  

                                                           ісі жөніндегі  орынбасары А  Багимбекова         

 

 

Категория: Информация.

 

праздник к первому маю (Часть 2)

Автор: admin от 16-06-2017, 06:06, посмотрело: 144

0

Категория: Галерея

 

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

Автор: admin от 16-06-2017, 05:59, посмотрело: 186

1

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

 

Баяндамашы:Шу аудандық мәслихат депутаты А.Жандабаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірлік ауылы 2017 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті Ұжым қызметкерлері!

Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жа­һан­дық бәсекеге қабі­лет­тілік» атты Жолдауы ел дамуының жаңа сатысын бағдарлайтын маңызды құжат.

Қазақстанды Үшінші жаңғырту аясында мемлекет басшысы ұзақ мерзімді мақ­сат­тармен қатар, жедел шешілуі тиіс мін­дет­терді нақтылап берді.

Жолдау­да бүгінгі күн тәрті­бін­де тұрған өзекті мәсе­лелер түгел қамтыл­ған. Соның ішінде, эконо­ми­каның жеделдетілген технологиялық жаңғыр­тылуы, жаңа индустриялар құру, еуразиялық логисти­калық инфрақұрылымды дамыту, елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономикалық өсімнің жаңа моделін құру.

Бірінші басымдық үш кешенді міндет арқылы экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуына бағытталған.

Бірінші кешенді міндет цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуді қарастырады.

Бұл міндеттің ерекшлігі елдегі 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды жоғары оқу орындары, Назарбаев Университеті және «Алатау» иннновациялық технологиялар паркі базасында дамыту болып табылады.

Президент Үкіметке берген тапсырмаларға сәйкес, бүгінгі күні «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасы әзірленуде және «ЭКСПО-2017» нысандарының бірінің базасында IT-стартаптар халықаралық технопаркін құру жұмыстары басталды.

Екінші кешенді міндет бірнеше бағыттағы жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беруді көздейді.

Бірінші бағыт:Еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыру. Үкіметке бизнес өкілдерімен бірге 2025 жылға дейін базалық салаларды технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандырудың кешенді шараларын әзірлеуді тапсырылды.

Қалада базалық салаларды технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандыруды талап ететін өнеркәсіп мекемелердің тізімдерді дайындау жұмыстары басталып, осы кәсіпорындарды қайта жарақтандыруға бағытталған нақты қадамдар әзірленуде.

Екінші бағыт: Басымдығы бар салалардағы бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамытуды көздейтін индустрияландыруды жалғастыру.

Бұл мақсатта Үкіметке қазірдің өзінде 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есе ұлғайту және Үкімет жанынан бизнес қоғамдастығының өкілдері енгізілген экспорт саясаты жөніндегі кеңес құру тапсырылды.

Биылғы 1 қыркүйекке дейін Үкімет әкімдермен және бизнес өкілдерімен бірлесіп, Бірыңғай экспорт стретегиясын әзірлеуге тиіс.

Индустиалды-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Тараз қаласында 2015 жылы 381 млн. теңгеге бір жоба іске асырылған, 2016 жылы – 12,4 млрд. теңгеге 5 жоба, ал 2017 жылы 3 жобаны іске асыру қарастырылған.Бұл мәселе бойынша қалада іске асырылған жобаларды талдау және бірыңғай инвестициялық-экспорттық стратегиялық жоспарды әзірлеу жұмыстары басталды.

Жолдауда ауыл шаруашылығы саласынаерекше мән берілген. Президент: «Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек. Қа­зақстанның агроөнеркәсіп кешенінің бола­шағы зор. Көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экс­порттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз. Бұл, әсіресе, экологиялық таза тағамдарға қатысты. «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнімдердің эта­лоны болуға тиіс», деді. Бұл ретте, аграрлық экспорттық өнім көлемін, әсіресе, ұлттық бренд болатын экологиялық таза тағамдар өнімін арттыру міндеті жүктеліп отыр.

Келесі бағыт: құрылыс секторын дамыту.

«Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасының аясында алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету қарастырылған.

Бағдарламада тұрғын үй нарығын дамытудың кешенді шаралары көрініс тапқан.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету 2050 жылға дейінгі Стратегияның басым бағыттарының бірі және жалпыұлттық міндет болып қалуда. Осы мәселені іске асырудағы маңызды жодарының бірі жеке меншік сектормен инвестицияландыру және мемлекет-жекеменшік серіктестігін ынталандыру болып тұр.

2016 жылы қаладағы көпқабатты үйлердің құрылысын жүргізуде жеке меншік құрылыс компанияларының белсенділігі зор. Мысалы, «Бином» ЖШС «Арай» массивінде 80 пәтерлік, «Бәйтерек» мөлтек ауданында 80 пәтерлік, Төле би даңғылында 28 пәтерлік екі үй, «ПИКО» ЖШС Ниетқалиев көшесінде 25 пәтерлік үй, «Восход» ӨК Қойгелді көшесінде 25 пәтерлік үй, «Жамбыл Тас-Құм» ЖШС Қарахан көшесінде 25 пәтерлік үй және «Дәмдес сауда» ЖШС Әйтеке би көшесінде 54 пәтерлік үйқұрылыстарын жүргізді. «Арайстроймаркет» ЖШС «Бәйтерек» мөлтек ауданында екі 75 пәтерлік үй құрылысын бастап, 2017 жылы бітіреді.

Экономиканы тұрақтандыру шараларының аясында Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2016 жылы тұрғын үй құрылысын ынталандыру жүйесі енгізілген болатын. 2016 жылы  облыстық атқарушы органнның есебінен шығарылған облигация есебінен «Арай» алқабында 80 пәтерлік 6 үйдің құрылысы басталған. Бұдан басқа, «Бәйтерек-Девелопмент» АҚ  жеке құрылысшыларды ынталандыру механизмінегізінде 2016 жылы «Арай» алқабында барлығы 315 пәтерлі 4 үйдің құрылысын бастады, ал 2017 жылы «Арай» алқабында, осы механизм негізінде барлығы 155 пәтерлі екі үйдің құрылысын бастайды. Бюджет қаражаты есебінен 2017 жылы «Арай» алқабында 80 пәтерлі екі үйдің құрылысы басталады.

Осы бағытта 2017 жылдың аяғына дейін:

-«Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ және «Тұрғын үй жинақ банкі» арқылы салушыларға ипотекалық кредиттерді субсидия бөлуді талдау жұмыстырды аяқтау:

— халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз санатына жекеменшікке сатып алу құқысыз жалдамалы тұрғын үй құрылысын жүргізуді жалғастыру;

— инженерлік коммуникацияларды жүргізу мақсатында жерді уақытылы бөлу және сатып алу жұмыстарын жалғастыру қарастырылған.

Үшінші кешенді міндет: еңбек нарығын жаңғырту.

Жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты дәстүрлі салаларда еңбек ресурстары босап қалуына байланысты, жаңа индустрия құрып, дамыту жұмыспен қамтудың және азаматтардың нақты табысын өсірудің қосымша мүмкіндігі болады.

Осыған байланысты Елбасы Үкімет пен әкімдерге еңбеккерлердің басқа салаларға басқару аясында ауысуы үшін жағдай жасауды тапсырды.

Қалада жаңа технология енгізу бағдарламасы әзірленіп, жұмыстан босатылатын және керекті жұмыс ресурстардың саны, қайта даярлайтын жұмысшылар саны анықталып,еңбек ресурстары мен бос жұмыс орындарының бірыңғай базасы дайындалып, жұмыспен қамту «жол картасы» әзірленетін болады.

Екінші басымдық бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейтуге бағытталған.

Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету болып табылады. Жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады.

Елбасы шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану керектігін айта келе, бұл шараларды бизнес жүргізу және қаржылық сауаттылыққа үйрету ісін ұйымдастырумен қатар атқаруға назар аударып, жаңадан ашылған жұмыс орындарының саны – бұрынғыша Үкімет пен әкімдер қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі критерийінің бірі болып қалатындығын ескертті.

Бүгінгі күні бұл жұмыс «2017-2021 жылдарға арналған жаппай кәсіпкерлікті және отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру іс-шаралар жоспарына» сәйкес іске асырылуда.

Келесі бағыт: Мемлекеттің экономикадағы үлесін ішкі жалпы өнімнің 15%-ына дейін төмендету. Президент Үкіметке тізбедегі кәсіпорындарды жекешелендіруді тездетіп, оны 2018 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Келесі бағыт:Кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясын кеңейту. Бұл бірқатар мемлекеттік қызметтердің көрсету міндетін бизнеске беруді білдіреді.

Қалада қазірдің өзінде оларды мектепке дейінгі білім беру ісіне тарту саласында жақсы нәтижелер бар. Облыс көлеміндегі 50 пайыздан астам мектепке дейінгі білім беру мекемелері (34 мектепке дейінгі білім беру мекемелері және 1 кіші орталық) қалада орналасқан.

Жолдауда Елбасы мемлекет-жекеменшік серіктестігі инфрақұрылымды, соның ішінде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың негізгі тетігіне айналуға тиіс екендігіне баса назар аударды.

Бүгінгі күні  мемлекет-жекеменшік серіктестікті тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй құрылыс, білім, мәдениет және спорт салаларында дамыту жолдары қарастырылуда.

Жолдаудың үшінші басымдығы:макроэкономикалық тұрақтылық.

Бұл жердегі шешуші міндеттерінің бірі – бюджет шығыстарының тиімділігін түбегейлі арттыру арқылы салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу.

Елбасы 2017 жылы мемлекеттік даму бағдарламаларын қажетті ресурстармен толық қамтамасыз еткенімізбен министрліктер мен ведомстволардың қаражатты игеруінің тиімділігін тексеру қажеттілігін айтты. Керек болған жағдайда, тиімсіз бағдарламалардың қаражатын Үшінші жаңғырту міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ететін бағдарламаларға қайта бөлу керектігін тапсырды.

Орталықтан жергілікті жерлерге көптеген функциялар мен өкілеттіктер берілгеніне байланысты, аудандық және ауылдық жерлердің қаржылық дербестігін нығайту керектігін тапсырды. Бірақ, бюджет қаражатын тиімді пайдалану керектігіне баса назар аударды.

Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту.

Биылғы Жолдау ел экономикасын нығайтумен қатар, халықтың әл-ауқатын жасқарту бойынша жаңа міндеттер жүктеді.

Ең алдымен, білім беру жүйесіне баса назар аударылды.

2017 жылы жалпы білім саласына қалалық бюджеттен  19 млрд. 604,6 млн. теңге бөлінді немесе 2016 жылмен салыстырғанда 5,8%-ға жоғары.

Қалада 64 мемлекеттік және 35 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру мекемелері қызмет атқарады, онда 18 003 бала тәрбиеленуде. Жалпы мектепке дейінгі мекемелердің ішінде 35 жекеменшік ұйымдарында 3153 бала тәрбиеленуде немесе 17,5%.

Жолдауда міндеттелген тапсырмалар бойынша қалалық білім бөлімі оқушылардың сыни ойлау қабілетін, өз бетімен іздену дағдыларын дамыту мақсатында жүйелі  жұмыстар жүргізетін болады. IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға,  ұлтжандылықты дамытуға, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу жолдары жүзеге асырылатын болады.

Техникалық және кәсіптік  білім беру сапасын арттыру, Елбасы Жолдауында айтылған «Баршаға арналған тегін кәсіби білім» жобасын жүзеге асыру – негізгі міндеттердің бірі.

Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылатын болады.

Елбасы атап өткендей, білім беру жүйесімен қатар денсаулық сақтау жүйесі де өзгеруге тиіс. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) енгізіле бастайды. Қалада халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Жолдауда жағымды жаңалық, зейнетақы мен жәрдемақылардың өсетіні. Шілде айынан бастап зейнетақы мен бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы 20 пайызға өседі.

Ең төменгі күнкөріс шегі де қайта қарастырылады. Бұл қадам 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы, мүгедектерге және асыраушысынан айрылған отбасыларға арналған жәрдемақы, мүгедек бала тәрбиелеп отырғандарға берілетін атаулы көмек пен жәрдемақы көлемін өсіруге мүмкіндік береді.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету шегін ең төменгі күнкөріс шегінің 40%-ынан 50%-ға дейін өсіріп, оның жаңа форматы енгізілетін болады. Бұл ретте жұмыс істеуге қабілетті адамның бәрі тек жұмыспен қамту бағдарламасына қатысу шарты арқылы ғана қолдауға ие болуға тиіс.

Осы ретте, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аз қамтамасыз етілген отбасыларынан еңбекке жарамды азаматтарды жұмыспен қамту арқылы адресті әлеуметтік көмек көрсетуді  күшейтетін болады.

Жолдаудың бесінші басымдығы институционалдық өзгерістерді, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күресті көздейді. Қауіпсіз мемлекеттің ғана реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндігі бар.

Президент жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформаларды атап өтті.

Бұл басымдықта Елбасы әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіруіне, әкімшілік айыппұлдар әділетті және құқық бұзу деңгейіне сәйкес болуына, кәсіпкерлік саласында құқық бұзғаны үшін салынатын санкцияны төмендету, сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу қажеттілігіне баса назар аударды.

Қазіргі заманда адамзат терроризмнің белең алуымен бетпе-бет келіп отыр.

Осы бағытта мобильдік және ақпараттық-түсіндіру топтармен бірлесе қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру жұмыстары жалғастырылады.

Бұл іске мемлекеттік емес сектор және қоғамдық бірлестіктер белсенді түрде тарту көзделіп отыр.

Мемлекет басшысы елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасағанымызды айта келе, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғы шарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттілігіне тоқтады.

Категория: Информация.

 

Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны. Автор: Жандабаева Ақмарал Турсунбаевна

Автор: admin от 16-06-2017, 05:40, посмотрело: 397

1

Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны
  Қазақстан  2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру      бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын  қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.
Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына  көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы  мұғалімнің  қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік.  Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра  алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен  қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап  етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі  жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.
Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие үдерісінде айтарлықтай  өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына  ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Солай бола тұра «кәсіби шебер» түсінігіне  пәндік, дидактикалық, әдістемелік, психология-педагогикалық білім мен дағды ғана емес, педагогтың жеке тұлғалық потенциалы, кәсіби құндылықтары да жатады. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған үш айлық  курс бағдарламалары, білім беру жүйесінде педагогтар алдына жаңа міндеттер қойып, оларға  үн тастады  десек те болады.  Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Ал оның негізі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сыныпта әр сабаққа әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді үйретеді. 
  Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі .Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді
  .Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау түрлері баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады.   Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу  қажеттілігі де осы себептен туындап отыр.  Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің  жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы  көңілді қуантады. 
Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін  ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.

Категория: Информация.

 

Бабушки и дедушки -кладезь мудрости.28.01.17ж

Автор: admin от 6-06-2017, 23:30, посмотрело: 156

0

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Галерея

 

Әнші,биші балапан байқауы

Автор: admin от 6-06-2017, 23:24, посмотрело: 225

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Категория: Традиция школы

 

Екі жұлдыз байқауы

Автор: admin от 6-06-2017, 23:20, посмотрело: 156

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Традиция школы

 

Новогдний вечер 11-х классов

Автор: admin от 6-06-2017, 23:11, посмотрело: 144

0

Категория: 11 класс