» Материалы за 22.02.2017

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Автор: admin от 22-02-2017, 23:08, посмотрело: 156

0

Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 cәуірдегі 
№ 198 бұйрығына 6–қосымша

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен
тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және
жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызына ие аудандық және қалалық жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
1) көрсететін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – бес жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы білім беретін мектепте тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну туралы анықтама.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және (немесе) қағаз.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін өтініш берген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолы және мөрмен расталады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және сақталады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүргізіледі.
2) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжат (жеке сәйкестендіру үшін қажет);
3) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке сәйкестендіру үшін қажет);
4) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;
5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар санаты үшін көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
6) алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар үшін балаларға және басқа да асырандыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
7) отбасында тәрбиеленетін жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршылық (қорғаншылық) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
8) отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы білім беру ұйымдарының алқалық орган шешімінің, сондай-ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттардың көшірмесі;
Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мынадай мәліметтерді көрсетіп, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді:
1) сұраныстың нөмірі және қабылданған күні;
2) сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) мен орны;
5) өтінішті қабылдаған көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің аты, тегі, сондай-ақ әкесінің аты (бар болғанда);
6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, сондай-ақ әкесінің аты (бар болғанда) және байланыс телефондары.
порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
3) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
4) отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы білім беру ұйымдарының алқалық орган шешімінің, сондай-ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттардың электронды көшірмесі;
5) алған табысы туралы құжаттың электронды көшірмесі (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы туралы анықтама).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, баланың туылғанын (бала 2007 жылғы 13 тамызға кейін туған жағдайда), некеге тұру немесе бұзу (неке 2008 жылдан кейін жасалған немесе бұзылған жағдайда), жұмыссыз ретінде тіркелу туралы, көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарына жататындығы туралы, жетім балаға (балаларға) немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық және қамқоршылық белгілеу туралы, жетім баланың (балалардың) немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) патронаттық тәрбиеге берілгені туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерінен түскен кіріс туралы, балаларға немесе басқа да асырандыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронды үкімет» шлюзі арқылы алады.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін және уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраудың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың,
облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы
органдарының, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – әкімдік) басшысының атына беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) тіркелуі шағымның қабылдануын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы «жеке кабинетінен» жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өндеуі барысында жаңартылып тұратын ақпарат қолжетімді болады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылғаны немесе қарастырудан бас тартқандығы туралы белгі).
Көрсетілетін қызметті берушінің, әкімдіктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады. Шағымды қарастыру нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, әкімдіктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
Сонымен қатар, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының «1414» телефоны бойынша алуға болады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері
ескерілген өзге де талаптар

12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының «1414» телефоны арқылы алу мүмкіндігіне ие.
14. Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz, көрсетілетін қызмет берушінің www.bala-kkk.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

«Жалпы білім беретін мектептердегі 
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің 
жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген
тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 1-қосымша

нысан

Жалпы білім беретін мектептерде жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну туралы анықтама

Осы анықтама ________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда))
20__ - 20__ оқу жылында тегін және жеңілдетілген тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тізіміне енгізілгендігі үшін берілді.

Астана және Алматы қалаларының,
облыстық маңызына ие аудандық
және қалалық жергілікті атқарушы
органдар басшысының қолы, күні
______________________________

Мөрдің орны

«Жалпы білім беретін мектептердегі 
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің 
жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген
тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 2-қосымша

Астана және Алматы қалаларының,
облыстық маңызына ие аудандық 
және қалалық жергілікті атқарушы
органның басшысына 
_________________________________
_________________________________
(білім беру органының атауы)
(_________ облысы, _______ ауданы)
________________________________
(басшының Т.А.Ә. (бар болғанда))
________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар 
болғанда) және жеке сәйкестендіру
нөмері) мына мекенжайы бойынша 
тұратын: 
_________________________________
(елді мекен атауы, тұрғылықты 
мекенжайы, телефоны)

Өтініш

Менің кәмелет жасқа толмаған (Т.А.Ә. (бар болғанда) туған күні және жеке сәйкестендіру нөмері) (мектеп № және сынып литерін көрсету) оқитын баламды (оқу жылын көрсету) тегін тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тізіміне қосуды сұраймын.

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін

«___» _____________20__ жыл қолы

 

Скачать:Zhalpy-blm-beretn-mektepterdeg-blm-alushylar-men.doc [85 Kb] (cкачиваний: 4)

Категория: «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар , Госстандарты

 

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Автор: admin от 22-02-2017, 23:03, посмотрело: 170

0

Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 cәуірдегі
№ 198 бұйрығына 5–қосымша

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы
білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін
тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 5 жұмыс күн;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына1–қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00 – ден 17.30 – ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүргізіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына2–қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
3) баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің көшірмесі;
4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына3–қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнынан анықтама.
Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мынадай мәліметтерді көрсетіп, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді:
1) сұраныстың нөмірі және қабылданған күні;
2) сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) мен орны;
5) өтінішті қабылдаған көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің аты, тегі, сондай-ақ әкесінің аты (бар болғанда);
6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, сондай – ақ әкесінің аты (болған жағдайда) және байланыс телефондары.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың,
облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы
органдарының, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – әкімдік) басшысының атына беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Шағымды қабылдаған адамның аты, әкесінің аты, шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, әкімдіктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады. Шағымды қарастыру нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, әкімдіктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
Сонымен қатар, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібітуралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының «1414» телефоны бойынша алуға болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері
ескерілген өзге де талаптар

12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің www.bala-kkk.kz интернет ресурстарында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы –1414.

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде
тұратын балаларды жалпы білім беру 
ұйымдарына және кері қарай үйлеріне
тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 
1-қосымша

нысан

Жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін
тасымалдауды ұсыну туралы анықтама

Осы анықтама ________________________________________________________
(білім алушының және тәрбиеленушінің Т.А.Ә.(бар болғанда))

№_________ (мектептің атауы) жалпы білім беру ұйымына және кері қарай үйіне тегін тасымалдаумен қамтамасыз етілетіндігі үшін берілді.
Анықтама оқу жылы кезеңінде жарамды

Кент, ауыл,
ауылдық округ әкімі ________________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда) және қолы)

____________________
(елді мекеннің атауы)

Мөрдің орны

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде
тұратын балаларды жалпы білім беру 
ұйымдарына және кері қарай үйлеріне
тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 
2-қосымша

нысан

Кент, ауыл, ауылдық округі әкімі
_________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар
болғанда) және жеке сәйкестендіру
нөмері)
мекенжайы, телефоны: 
_________________________________

Өтініш

Сізден ____________________________ тұратын _________________________
(ауданның, елді мекеннің атауы) 
_____________________________________________________________________
(сынып, білім беру ұйымның толық атауы) 
білім алушы кәмелетке толмаған балам ________________________________
(Т.А.Ә..(бар болғанда) туған күні және жеке 
_____________________________________________________________________
сәйкестендіру нөмері)

20___ - 20___ оқу жылында (оқу жылын белгілеу қажет) жалпы білім беру ұйымына және кері қарай үйге тегін тасымалдаумен қамтамасыз етуді сұраймын

«___» _____________ 20__ жыл өтініш берушінің қолы

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде
тұратын балаларды жалпы білім беру 
ұйымдарына және кері қарай үйлеріне
тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 
3-қосымша

нысан

Оқу орнынан
АНЫҚТАМА

Осы анықтама ________________________________________________________
(білім алушының және тәрбиешінің аты-жөні (бар болғанда))
ол___________________________ _____ сыныбында _____ ауысымда
(мектептің атауын жазу қажет)
оқитың және тасымалдауды қажет ететіндігі үшін беріледі.
Анықтама талап етілген жерге көрсету үшін беріледі.

№ ____ мектептің директоры _____________________________
(мектептің атауы) (Т.А.Ә. (бар болғанда), қолы)

Мөрдің орны

скачать:Shalayday-auyldy-eld-mekenderde-tratyn-balalardy.doc [72 Kb] (cкачиваний: 0)

Категория: «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балала, Госстандарты

 

всем

Автор: admin от 22-02-2017, 01:04, посмотрело: 317

0

Мұхаммед Хайдар Дулати  атындағы орта мектебінде «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы  бірінші сынып  оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек көрсету

мектепішілік ата-аналар жиналысының хаттамасы №1

                                  

21.09.2016ж                                                                  Қатысқаны : 72

Күн тәртібінде:

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің директоры А.Жандабаева  өткізілетін іс шарамен таныстырды.

 «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары: С.Иманбекова сөз алды

  Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебіде «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында мектеп психологтары Ж.Дошжұманова мен Р.Сейсеналиева баяндама жасады

<!- Бастауыш сынып  мұғалімдері: Ж.Дауренкулова Ж, Даниярова Г, Алиева А, Хрисохоиди Л  «Мектептерде  пәндерді 3 тілде оқытудың артықшылығы (үш тілділік)» тақырыбында баяндама көрсетті

   Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры А.Жандабаева  құттықтау сөзімен таныстырды.

  Екінші мәселе бойынша  «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары: С.Иманбекова  құттықтау сөзімен басталды

Үшінші мәселе бойынша  «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында мектеп психологтары Ж.Дошжұманова мен Р.Сейсеналиева баяндама жасады

Олар өз  баяндамасында неліктен бірінші сынып оқушыда қиындықтар туындауы мүмкін?

-Мектепте жаңа талаптар қойылады: мұқият тыңдау, алаңдамау, белгіленген ережелер мен тәртіпке бағыну.

-Ата-аналар тарапынан жаңа талаптар пайда болады: күн тәртібін өзгерту, бала тәртібіндегі өз бетінше әрекеттердің пайда болуы, бұйрықты өз-өзіне қызмет көрсету арқылы орындау

-Бала өз құрдастарымен жаңа қарым-қатынасқа түседі: бала басқалар сияқты оқи аламын ба, менімен балалар дос болады ма, мені түрлі сөздермен не істерімен ренжітпейді ме деп уайымдай бастайды.

Төртінші мәселе бойынша  бастауыш сынып мұғалімдері Мектептерде  пәндерді 3 тілде оқытудың артықшылығы (үш тілділік)

 Қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесін енгізу мен қазақ тілінің мәртебесін нығайту, елімізді мекендеген барлық ұлттары мен ұлыстары өкілдерінің рухани ауызбіршілігінің, өзара түсіністігі мен өзара сыйластығының  бірыңғай аясын жасауға мүмкіндік береді.

 Орыс тілін білу – Қазақстан халқын шоғырландыратын негізгі маңызды фактор. Орыс тілі – екінші орында: бұл – Қазақстанды мекендеген орыс халқы (шамамен елдің барлық тұрғынының  24%) үшін, сондай-ақ Қазақстандағы  көптеген еуропа халықтары үшін де туған тілдері болып саналады.

3. Ағылшын тілін білу мамандықта да, өмірде де жолыңды ашады, өзің үшін түрлі мәдени жаңалықтарды ашып, ой-өрісіңді кеңейте отырып, жағымды және ұмытылмас әсерлі саяхаттар жасауға болатындығын айтып өтті.

 

Күн  тәртібіндегі қаралған мәселелерді тыңдай келе ата-аналар жиналысында шешім шығарылды:

 

1.Ата-аналар тарапынан балаларына психологиялық қолдау көрсетілсін

2. 1 сынып оқушыларына мұғалімдер және психологтар тарапынан жыл бойы  көмек  берілсін

 

 

 

Ата-аналар жиналысының  төрайымы:            К.Хакимова    

 

 

                                                    Хатшы:          Р.Сейсеналиева   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұхаммед Хайдар Дулати  атындағы орта мектебіндегі кезектен  тыс жалпы ата-аналар  жиналысының  хаттамасы №3

 

6.02.2017ж                                                                                         Қатысқаны : 154

Күн тәртібінде:

   «Өз  балаларыңызды  әлеуметтік  желілерден  қорғай біліңіздер» тақырыбындағы  «Тихий дом», «Синий кит» әлеуметтік желілер  арқылы жасөспірімдердің өміріне  қауіп төну   туралы   ақпараттық    түсіндірмелі  жұмысы

Баяндама: «Өз  балаларыңызды әлеуметтік желілерден  қорғай біліңіздер»

                               баяндамашы мектеп психологы Ж.Дошжұманова

 

   Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры А.Жандабаева  Республикалық теле арналардан  көрсетілген «Тихий дом», «Синий кит» әлеуметтік желілерде   балалардың   қызығушылықтарының  саны артқан тіпті соларға беріліп  өз тамырын кескен балаларда анықталынды. Балаларының өміріне  қауіп төніп тұрғандығы туралы   ата-аналарға түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді. Бала өмірін қорғау үшін балаларыңызды желілердегі апаттан қорғауға шақырды.

   Осы тақырыпта  директордың  құқықтық ісі жөнінідегі орынбасары Е.Абдикеримов  слайд, видео ролик ұсынды.

 

Екін ші мәселе бойынша  «Өз балаларыңызды  әлеуметтік желілерден қорғай біліңіздер» тақырыбында мектеп психологы Ж.Дошжұманова  баяндама жасады.  Ол  өз  баяндамасында   неліктен бүгінгі таңда әлеуметтік желілерде   балаларды  суицидтке итермелеу,   жасөспірімдерді  50 күннің ішінде өз-өзіне қол жұмсауға  9-14 жас аралықтарындағы балаларды  психологиялық тұрғыда  әлсіз жерінен тартады. Осы шақта балалардың өзіне деген сенімсіздігі, қорқынышы билейтін кез,сондықтан осындай жастағы балаларға ата-аналары тарапынан ерекше қадағалау жасау керектігін айтып өтті. Ата-аналар балаларыңыздың жеке парақшаларына кіріп қадағалаңыздар, осындай ессіздікке баруына жол бермеңіздер, қиын жағдайға ұшыраса, жылы  сөз айтып, жанына демеу болыңыздар деп кеңес берді.

Күн  тәртібіндегі қаралған мәселелерді тыңдай келе ата-аналар жиналысында шешім шығарылды:

 

1.Ата-аналарға  балаларының өмірімен қауіпсіздігіне   әлеуметтік желілерден  қорғау  жауапкершілігі  жүктелінсін

2.Ата-аналар тарапынан балаларына  ерекше психологиялық қолдау көрсетілсін

3. 9-14 жас аралықтарғы сынып оқушыларына  сынып жетекшілер  және психологтар тарапынан   ерекше   көмек  берілсін

 

 

                                                    Хатшы:                 Р.Сейсеналиева

 

 

 

 

Мұхаммед Хайдар Дулати  атындағы орта мектебінде 

 оқушылармен психопрофилактикалық   жұмыстардың   жүргізілуінің   анықтамасы

4 ақпан 2017 жылы мектепішілік оқушылармен жиын өткіздік. Оқушыларға «Синий кит», «Тихий дом»  және әлеуметтік желілер арқылы жасөспірімдердің бейтаныс адамдармен байланысқа түсіп, олардың психикалық мінез-құлықтарына әсер ететін жаттығулардан кейін  өздеріне-өзі қол жұмсауға (тамырларын кесу арқылы) ұмтылатындығы туралы  ақпарат айтылып, түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді.  «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі 11 в сынып оқушысы С.Клименко  оқушыларға  өзінің  дайындаған  презентациясын көрсетіп, жас жеткіншектерді осындай сайттарға кірмеуге ақыл кеңесімен бөлісті.

 

     

 

6 ақпан 2017 жылы   мектепте   сағат 16.30 –да жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.

Мектеп психологы Ж.Дошжұманова    өз  баяндамасында   неліктен бүгінгі таңда әлеуметтік желілерде   балаларды  суицидтке итермелеу,   жасөспірімдерді  50 күннің ішінде өз-өзіне қол жұмсауға  9-14 жас аралықтарындағы балаларды  психологиялық тұрғыда  әлсіз жерінен тартады. Осы шақта балалардың өзіне деген сенімсіздігі, қорқынышы билейтін кез,сондықтан осындай жастағы балаларға ата-аналары тарапынан ерекше қадағалау жасау керектігін айтып өтті. Ата-аналарға профилактикалық   жаднама  таратылды.

Осы тақырыпта  директордың  құқықтық ісі жөнінідегі орынбасары Е.Абдикеримов  слайд, (видео)   түрінде  ақпараттық түсіндірмелі жұмыстар   жүргізді.

Мектеп директоры А.Жандабаева  ата-аналар балаларыңыздың жеке парақшаларына кіріп қадағалаңыздар, осындай ессіздікке баруына жол бермеңіздер, қиын жағдайға ұшыраса, жылы  сөз айтып, жанына демеу болыңыздар деп кеңес берді.

          

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Орындаған:мектеп психологы  Ж.Дошжуманова

 

Скачать:hattama-ata-analar-zhinalysy-21.09.2016.doc [270,5 Kb] (cкачиваний: 2)

Категория: Психологи советуют

 

Для родителей

Автор: admin от 22-02-2017, 00:50, посмотрело: 134

0

Родителям надо быть готовыми к тому, что период адаптации может затянуться на несколько месяцев. Ребенку нужна помощь и, в первую очередь, он нуждается в поддержке самых близких ему людей – родителей. И взрослым нужно стремиться, всеми силами, поддерживать своего ребенка.

Почему у ребенка могут возникнуть трудности?

    В школе предъявляются новые требования (внимательно слушать, не отвлекаться, подчиняться установленным правилам и порядку);

      Появляются новые требования со стороны родителей (изменение режима дня, появление самостоятельности в поведении, выполнение поручений по самообслуживанию);     

 Ребенок входит в новые отношения со сверстниками (ребенок начинает волноваться, сможет ли он учиться как все, будут ли дружить с ним ребята, не будут ли обижать его словами или действиями).

При всех изменениях, произошедших в жизни ребёнка, родителям не стоит забывать:

       Первоклассники остаются очень эмоциональными;

         Обладают повышенной возбудимостью;

    Быстро утомляются;

         Их внимание неустойчиво;

         Поведение зависит от внешней ситуации.

Совет первый:самое главное, что вам необходимо  дать своему ребенку — это ваше внимание.

     Будьте терпеливы: внимательно выслушивайте его рассказы о школе, задавайте уточняющие вопросы.

          Помните: то, что кажется вам не очень важным, для вашего сына или дочери может оказаться самым волнующим событием за весь день!

        Слушая своего ребенка внимательно, вы сможете понять, в чем малышу нужна ваша помощь, о чем следует поговорить с учительницей, что реально происходит с ребенком после того, как вы прощаетесь с ним у дверей школы.

       Школьнику нужно внимание и мамы, и папы. Не забывайте выделять для него время, не обремененное домашними делами и просмотром телевизора.

           Помните, что ребёнок больше всего нуждается в нашей любви тогда, когда он её меньше всего её заслуживает.

Если ребенок увидит ваш интерес к его делам и заботам, он обязательно почувствует вашу поддержку.

Совет второй: поддержите в ребенке его стремление стать школьником, развивайте и поощряйте желание учиться.

      Выражайте свою искреннюю заинтересованность в школьных делах и заботах вашего ребенка.

          Отмечайте его успехи и не скупитесь на похвалу. В каждой его работе обязательно найдите, за что можно было бы его похвалить.

        Помните: похвала и эмоциональная поддержка («Молодец!», «Ты так хорошо справился!») способны заметно повысить интеллектуальные достижения ребенка.

 

Совет третий:  помогите ребенку войти в новый режим жизни.

         Обсудите с ребенком те правила и нормы, с которыми он встретился в школе. Объясните их необходимость и целесообразность.

         Составьте вместе с ребенком распорядок дня, следите за его соблюдением.

Распорядок дня в жизни первоклассника имеет важное значение.                    У ребенка появились новые обязанности, которые требуют от него большей собранности, дисциплинированности – распорядок дня помогает правильно сочетать труд и отдых, привыкать к новым условиям жизни.

        В распорядке дня необходимо чередовать малоподвижные виды деятельности с двигательной активностью, интеллектуальные и физические виды деятельности.

       Необходимо уменьшить количество (и отследить качество) просматриваемых телепрограмм и время игры на компьютере.

      Контролировать продолжительность выполнения ребенком домашних заданий (в первом классе - 1-1,5 часа, включая чтение), а также время сна (сон должен составлять не менее 9-10 часов в сутки для полноценного отдыха).

         Ребенок пришел из школы - не торопитесь приставать к нему с вопросами, дайте ему расслабиться. Если видите, что он огорчен, лучше позже в спокойной беседе попытайтесь узнать о причинах его беспокойства. 

       Помните: для ребёнка чего-то не уметь, что-то не знает – это нормальное положение вещей. На то он и ребёнок – этим нельзя попрекать. Упреки понижают самооценку ребенка, лишают его уверенности в себе.

    Ваш ребенок пришел в школу, чтобы учиться. Когда человек учится, у него может что-то не сразу получаться, это естественно. Ребенок имеет право на ошибку.

        Школьная отметка — показатель знаний ребенка по данной теме данного предмета на данный момент. Она не характеризует личность ребенка!

          Не сравнивайте своего ребенка с другими учениками.

          Хвалите ребенка за его школьные успехи. И помните, никакое количество «пятерок» не может быть важнее счастья вашего ребенка.

       Не относитесь к первым неудачам ребенка, как к краху всех ваших надежд. Помните: ему очень нужны- ваша вера в него, умная помощь и поддержка.

 

 Неліктен балада қиындықтар туындауы мүмкін?

Мектепте жаңа талаптар қойылады: мұқият тыңдау, алаңдамау, белгіленген ережелер мен тәртіпке бағыну.

Ата-аналар тарапынан жаңа талаптар пайда болады: күн тәртібін өзгерту, бала тәртібіндегі өз бетінше әрекеттердің пайда болуы, бұйрықты өз-өзіне қызмет көрсету арқылы орындау

Бала өз құрдастарымен жаңа қарым-қатынасқа түседі: бала басқалар сияқты оқи аламын ба, менімен балалар дос болады ма, мені түрлі сөздермен не істерімен ренжітпейді ме деп уайымдай бастайды.

Бала өміріндегі  орын алып жатқан өзгерістер кезінде  ата-аналар төмендегілерді естен шығармауы тиіс:

Бірінші сынып оқушылары өте әсершіл болып қала береді;

Тез ашуланғыш келеді

Тез шаршайды;

Олардың зейіні құбылмалы болады;  

Тәртібі сыртқы жағдайға байланысты

. Егер Сіз бен Біз баланың жаңа жағдайын, олардың жас ерекшелігін ескеріп тапқырлық танытсақ біздің балаларымыз бейімделу кезеңін оңай еңсереді.       Ата-анаға кеңес

Бірінші кеңес: ең бастысы, сізге қажетті  – өз балаңызға көбірек  көңіл бөлуіңіз.

Сабырлы болыңыз: оның мектеп жайында әңгімесін тыңдап, нақтылаушы сұрақтар қойыңыз.

    Есте сақтаңыз: сіз үшін маңызды емес жайттар  қызыңыз немесе ұлыңыз үшін күн бойына қатты ойландыратын оқиға болуы мүмкін!

  Балаңызды мұқият тыңдаңыз: сонда   балаға қандай көмегіңіз қажет екенін, мұғаліммен не жайында сөйлесу керектігін, баланы  мектеп жанында қалдырғаннан кейінгі оның шынайы жағдайы қандай болатынын  түсінесіз.

 Оқушыға анасы мен әкесінің назары керек: Үй шаруасымен  яки теледидар көрумен немесе компьютермен сөйлесу сәттеріне араластырмай  балаға  бөлек уақыт бөліңіз.

Есте сақтаңыз:   бала сіздің махаббатыңызға   өзі мүлде лайық емес кезде мұқтаж болады 

Егер балаңыз  оның барлық іс-әрекетіне, оны ойландыратын жәйттарға сіздің қызығушылығыңызды байқаса,  ол міндетті түрде сіздің қолдауыңызды сезінеді

Екінші кеңес: баланың бойындағы оқушы боламын деген талпынысын қолдаңыз, оқуға деген ықыласын мадақтап, дамытыңыз.

Мектептегі жағдайға және балаңыздың қамына шынайы қызығушылығыңызды білдіріңіз.

Оның жетістіктерін атап, оны мақтап қоюды да ұмытпаңыз.   Оның әрбір жұмысынан  мақтауға тұрарлық нәрсе таба біліңіз.

Есте сақтаңыз: «Жарайсың!», «Сен сондай керемет орындадың!» сияқты мақтау мен рухани қолдаулар баланың зияткерлік жетістігін айтарлықтай арттырады.

Үшінші кеңес: балаға жаңа өмір тәртібіне енуге көмек беріңіз.

  Балаңызбен мектептегі тәртіп пен қағидаларды талқылаңыз. Олардың қажеттілігі мен пайдалылығын түсіндіріңіз.

Балаңызбен бірге күн тәртібін жасаңыз және оның орындалуын қадағалаңыз.

Бірініші сынып оқушысы үшін күн тәртібі аса маңызды. Бала өмірінде одан жинақылықты, тәртіптілікті талап ететін міндеттер пайда болды. Күн тәртібі – еңбек пен демалысты дұрыс үйлестіруге, жаңа өмір жағдайына үйренуге көмек береді. 

Есте сақтаңыз:  күн тәртібінде қозғалысы аз әрекет түрлерін белсенді әрекеттермен, зияткерлік және әрекеттің физикалық түрлерін алмастырып отыру қажет.

  Бала мектептен келді – оны бірден сұрақ астына алуға асықпаңыз, бойын еркін ұстауға мүмкіндік беріңіз. Егер оның  ренжіген күйін байқасаңыз, біраз уақыттан соң  сабырлы әңгіме барысында оның ренішіне не себеп болғанын ақырын білуге тырысыңыз. 

Есте сақтаңыз: бала үшін бір нәрсені білмеу және жасай алмау қалыпты жағдай. Ол сол үшін де – бала, мұнымен оны жазғыруға болмайды.   Кінәлау баланың  өзін-өзі бағалауын төмендетеді, өзіне сенімділігінен айырады.

Сіздің балаңыз мектепке оқу үшін келді. Адам   оқуды бастағанда кейбір нәрселер ойдағыдай бола бермейтіні анық. Баланың қателесуге құқы бар.

 

 

 

.       Ата-анаға кеңес

Бірінші кеңес: ең бастысы, сізге қажетті  – өз балаңызға көбірек  көңіл бөлуіңіз.Сабырлы болыңыз: оның мектеп жайында әңгімесін тыңдап, нақтылаушы сұрақтар қойыңыз.

Есте сақтаңыз: сіз үшін маңызды емес жайттар  қызыңыз немесе ұлыңыз үшін күн бойына қатты ойландыратын оқиға болуы мүмкін!

  Оқушыға анасы мен әкесінің назары керек: Үй шаруасымен  яки теледидар көрумен немесе компьютермен сөйлесу сәттеріне араластырмай  балаға  бөлек уақыт бөліңіз.

Есте сақтаңыз:   бала сіздің махаббатыңызға   өзі мүлде лайық емес кезде мұқтаж болады 

 

 

 

 

.       Ата-анаға кеңес

Бірінші кеңес: ең бастысы, сізге қажетті  – өз балаңызға көбірек  көңіл бөлуіңіз.Сабырлы болыңыз: оның мектеп жайында әңгімесін тыңдап, нақтылаушы сұрақтар қойыңыз.

   Есте сақтаңыз: сіз үшін маңызды емес жайттар  қызыңыз немесе ұлыңыз үшін күн бойына қатты ойландыратын оқиға болуы мүмкін!

Категория: Психологи советуют

 

Всем надо знать

Автор: admin от 22-02-2017, 00:43, посмотрело: 156

0
скачать:9-11-synyp-ksptk.pdf [1,6 Mb] (cкачиваний: 0)

«Мамандық таңдауда қателесуге бола ма?»  тренинг сәттері

«Бәріміз біріміз үшін,  біріміз бәріміз үшін» ұранымен

 

 

 

«Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» ұранымен

Категория: Психологи советуют