» Материалы за 25.01.2017

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

новый год

Автор: admin от 25-01-2017, 21:55, посмотрело: 189

0

Категория: Галерея

 

новый год

Автор: admin от 25-01-2017, 21:45, посмотрело: 200

20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Галерея

 

Новый год 5 класс

Автор: admin от 25-01-2017, 21:39, посмотрело: 140

0

Сценарий тақырыбы: «ЭКСПО-ның шырша алаңы!»

Сценарий мақсаты: балаларда мерекелік көңіл-күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың: Аязатаның, Ақшақардың карнавалдық киіміне назар аударту; көңілді ойындар ойнату; достық қарым-қатынас ойнату; бірлескен ойындар ойнату; аудиторияға мерекелік көңіл –күй  жасау.

Қатысушылар: жүргізушілер, Аязата, Ақшақар, 5 сынып оқушылары.

Сценарий түрі: карнавал

Сценарий барысы:

Карнавал «Жаңа Жыл» атты мерекелік ән шашумен басталады. Орындайтындар: Аширова Аида, Ербаева Гүлназ (4 минут)

Сахнаға 2 жүргізуші шығады.

Жүргізуші 1:  Тарихтағы түріктің, киелі көк бөрінің, асыл текті Алаштың ұрпағы, қайырлы күн!

Жүргізуші 2: Армысыздар, бармысыздар, достар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер!

Жүргізуші 1:

Аппақ бүгін қыр, далам,

Ақ мақтаны жапқандай!

Бүкіл әлем – бір ғалам,

Қонақ күтіп жатқандай.  

Жүргізуші 2:

Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде - әр қылық.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық.

Жүргізуші 1: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан Тауық жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешімізді ашу үшін мектеп директоры Ақмарал Тұрсынбайқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бағымбекова Айгүл Алимханқызын ортаға шақырамыз! (7 минут)

Жүргізуші 2:

Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар,

Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар.

Әнші ұлың ән салғанда беу шіркін,

Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар! – деп кезекті әсем әнге берсек. Мұсатай Диананың орындауындағы ... (Жаңа жыл тақырыбында) әні. Қарсы алыңыздар! Ән орындалады (4 минут)

Жүргізуші 1: Уа, халайық жараңдар,

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдың бұл тойын,

Салтанатқа санаңдар

 Қызық көріп, шат болып,

 Шаттық күліп тараңдар,

Уа, халайық құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті.

Уа, халайық той бүгін,

Бақыт, шаттық мол бүгін.

Қарсы алайық Тауық жылын Ұзатып сап Мешінді! (ортаға мешін персонажы келеді)

Жүргізуші 2: Мешін жылының айтулы оқиғаға толы жылдарыда қазақ тарихында аз емес. Соларға тоқтала кетсек. Алдымен, әлем тарихын алсақ, мешін жылғы елеулі тарихи оқиғалардың бірі 1896 жылы Афинада өткен алғашқы жазғы Олимпиада ойындары болатын. Қазақ қауымы халықаралық спорт додасында ұландарына жанкүйер болған алғашқы олимпиаданың бірі - 1980 жылы Мәскеуде өткен Жазғы Олимпиада болатын. Оған Қазақ КСР-нан 20 спортшы қатысып, 16-сы жүлдемен оралды. 2004 жылы Олимпиада Афинада қайтадан өтті. Әлемнің жұмбақтарының бірі әлі күнге шейін құпиясын толық ашпаған Тунгус метеориті 1908 жылы - мешін жылы жерге құлаған екен.  Қазақтың ең қасіретті тарихының бірі, жоңғар шапқыншылығы тұсындағы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан» кейін орын алатын мешін жылы басталған 1932-33 жылдардағы ашаршылық еді. 1956 жылы әлемге «Тың игеру» науқаны жария етілді.

Жүргізуші 1: Бізге етене таныс әрі көбіміздің басымыздан өткен Тәуелсіздіктің тарихи оқиғаларының  бір парасы мешін жылына  тиесілі. Өйткені, 1992 жылы Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасып жатты. Айтар болсақ, тұңғыш қазақстандық алтын мешін жылы 1992 жылы 27 қаңтарда Өскеменде шығарылған. Оның сынамасы ең жоғары, салмағы 10 келіден асатын болған. Сол жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы БҰҰ-ға мүше болып қабылданды. Сөйтіп еліміз әлем тарапынан құқықтық тұрғыдан мойындалды. Сол жылы Қазақстан полициясы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылды. Елдегі ең танымал ғимараттардың қатарына кіретін Ақорда да мешін жылы пайдалануға берілген. 2004 жылы 24 желтоқсанда Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы ресми түрде ашылды. Жаңа ғимаратты «Ақ Орда» деп атады. Мешін жылғы жетістіктердің бірі әлеуметтік желі екен. Айталық, 2004 жылы 4 ақпанда Марк Цукерберг үш досымен бірге әлемге белгілі Фейсбук әлеуметтік желісін құрды. (Мешін персонажы балаларға жылы тілек лебізін білдіреді)

(мешіннен кейін ортаға тауық персонажы келеді)

Жүргізуші 2: Ал, Тауық жылына келетін болсақ. Тауық жылы – мүшел есебінің оныншы жылы. Мешін жылынан соң, ит жылынан бұрын келеді, 12 жылда бір рет қайталанып отырады. Тауық жылы Азия халықтарының (қазақ, өзбек, қырғыз, түрікмен, Әзірбайжан, т.б.) көпшілігінің күнтізбелерінде қолданылады. 2005 2006 жылдар аралығы Тауық жылы болды. Тауық жылы енді 2018 жылдары қайталанады екен. Тауық жылы туылғандар үй-үйелменіне қамқор болып, кез-келген адаммен тез тіл табысады, отбасында адал. Ақыл-ойы бір басына жетерлік. Биылғы Тауық жылында біздің елімізде болатын жаңалықтарда жетерлік. Соның ішінде ЭКСПО-ның орны ерекше. EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысына тиесілі. 2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде Қазақстан Республикасының өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін сайлау қарсаңы науқанына ресми түрде кірісті. 2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына кепілдік берді. Біздің Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған. 2012 жылғы 22 қарашада Халықаралық көрмелер бюросына  мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.

Жүргізуші 1: Олай болса, Тауық жылының жылы лебізін тыңдап, әсем әнге кезек берсек . ( тауық персонажы аудиторияға тілегін айтады)

Ән: "Жаңа Жыл" . орындайтын Нұрғазы Арнат.

Жүргізуші 1: Біздің биылғы жаңа жылымыз жылдағыдан ерекше, себебі Мешін жылы еліміз талай белестерді бағындырды. Сонымен қатар алтын ұя мектебіміз де өз тарихындағы үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

Жүргізуші 2: Әр сыныптан екі оқушыдан ортаға шақырып, Жаңа жылымыздың сәнін келтіретін Аяз ата мен Ақшақарды іздеп, тауып алып келуге жұмасасақ қалай қарайсыздар? Аяз ата мен Ақшақар қайда мерекелеп жүргенін білмейміз, сіздер осы хатты оларға апарып беріп, кешіміздің басты қонақтарын бірге алып келесіздер деген үміттемін. Уақытымыз шектеулі, сіздерге аз ғана уақыт беріледі. (Оқушыларды шығарып жібереміз). Ал жолдарыңыз болсын, іске сәт, достар. 

Жүргізуші 1: Ендеше, достарымыздың жағымды хабармен келеді деген үміттеміз.  Барлықтарыңызды мерекелік кештің керемет биін тамашалауға шақырамыз! Ортада  5 «а» сынып оқушыларының биі (10 минут)

Жүргізуші 1: Рақмет, достар. Орындарыңызға жайғасыңыздар. Біздің достарымыздың межелеген уақыты да таяп қалды, ал біздің барлаушыларымыз қайда екен? (Іздеп кеткен оқушылар келеді. Біреуі айқайлап айтады.Тапқан баланың сөзі: Мен таптым! Мен таптым! Біздің кешіміздің құрметті қонақтарын алып келе жатырмын!

Жүргізуші 2: Міне, міне, мен жақсы хабар естіген сияқтымын. Сіздер ше? 

Жүргізуші 1: Мінекей, біздің көптен күткен қонақтарымыз да келеді. Олай болса, орнымыздан тұрып, қонақтарымызды қошеметпен қарсы алайық.

Жүргізуші 2: Бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар» деп оларды ортамызға шақырайық. (Аяз Ата мен Ақшақар кіреді)

Аяз ата: Амансыңдар ма, балаларым! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4-пен 5-ке оқыңыздар! Біз сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.

Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар.

Аяз ата: Біз жалғыз емес, сендерге достарымызды да алып келдік.Біз сіздерге жеткенше біраз шаршап та қалдық.

Жүргізуші 1: Қош келдіңіз Аяз Ата, Қарсы аламыз орын беріп. Ән салыңыз бізбен бірге, Би билеңіз бізге еріп.

Жүргізуші 2: Ортамыз нұрға толып,  Төрт құбыламыз түгел болды.

Жүргізуші 1: Аяз ата, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашаламаз бұрын, әдемі шыршамызды « В лесу родилас ёлочка» әнімен айналып шықсақ қалай қарайсыз? (балалар қол ұстатасып, шыршаны әндете айналады)

Жүргізуші 2: Олай болса, кешіміз одан әрі жалғасын табады. Ортаға Аралбек Санжарды "Қазақ қызға үйленем" әнімен шақырамыз.

Жүргізуші 1:

Биіктерге құлаш сермейді,

Шарықтап көкке өрлейді.

Өтсе де қанша ғасырлар,

Халық мұрасы өлмейді.

Жүргізуші 1:Құлақтан кіріп, бойды алар Әсем ән мен тәтті күй, Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең менше сүй, - деп Алаш жұртына есімі мәшһүр болған ғасырлар тоғысындағы ұлы тұлға Абай атамыз айтқандай, әнді Абайша сүйіп бүгінде үлкен сахналарда өз өнерін халқына паш етіп жүрген5 сынып оқушысы Аружанға  микрофон ұсынамыз!

 Аружанның орындауында "Жаңа Жыл" әні.

Жүргізуші 2:

Ақынбыз асау - біз деген,

Өмірден сәуле іздеген.

Қызыл көйлек кигенім,

Қызылға құмар қыз деген, - деп ақындықтың биігіне ұмтылып қара өлеңнің қадірін жастайынан біліп өскен кешегі өткен ұлылардың ұрпағы, асылдың сынықтарының қаламынан туған жырын жалғастырар өз арнау жыр-шумақтарына кезек берейік! ( 8-10 тақпақтар оқылады )

Жүргізуші 1:

Сыр қалмасын көңілде ақтарылмай,

Бақытын өз елінде тапқан ұдай.

Тай құлындай жарысып бірге өскен,

Балауса балалықтың шақтарындай, - демекші мектеп оқушыларын әсем биін тамашалаңыздар!

 Жүргізуші 2: Келесі тамашалайтындарыңыз 5 "б" сыныбының орындауында " Жаңа Жыл" әні  .

Жүргізуші 1: Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық. Аязата, біздің балаларға құр келмей өзіңізбен бірге қызықты ойындар әкелген боларсыз?

Аязата: Әрине. Ақшақар, қанекей балам, шақырағой ортаға балаларды.

Ақшақар: құрметті, балалар. Бұл ойынға бізге 6 оқушы керек. (оқушылар ортаға шыққаннан кейін) Сізге салфеткадан қар суреттерін қию керек, кім бірінші сол жеңімпаз. (Ойыншыларымызды ортаға жайғастырып, 1 минут уақыт беріледі. Тез және әдемі қар суретін қиған ойыншыға сыйлық беріледі.) (Аяз Ата өз сыйлығын береді)

Жүргізуші 1:

Ал, халайық, тұрмайық  Әндетейік, жырлайық 

Ортамызды ашайық 

Ырыс тілеп бұл жылға 

Жырдан шашу шашайық! Ән орындалады (Тұтқабай Жансәуле, Қасым Аружан)

Аязата: Ал енді кезекті келесі тағы бір ойынға берсек. Ойынға қатысатын сайыскерлерді анықтау үшін, алдымен мен сендерге жұмбақтар жасырамын. Дұрыс жауабын тапқан оқушылар өздеріне жұп таңдап ортаға шығады. Ал ендеше бастайық.

1)  Бес жігіт сапар шегіп шықты жолға,  Мінгені бесеуінің жалғыз жорға (қолғап) 2) Тоғыз белбеу, қос жібек, екі мұрын, бір шүмек (домбыра) 3) бір үйде тұрады елу батыр, шыққаны үйге сүйкеніп өліп жатыр (сіріңке) 4) Бір құтыда екі түрлі су жатады, қайнатсаң мұз боп қптпды (жұмыртқа)

Ақшақар: Бәрекелді, балалар.Бұл ойын «Тосын сый» деп аталады. Мына тұрған шарлардың ішінде құпия тапсырма жатыр. Сіздер құраған жұп бұл шарлардың біреуін таңдап, қолдың көмегінсіз шарды жаруыңыз керек, және де аяқ киіммен де басуға болмайды. Айланы өздеріңіз ойлап табасыз. Шарды жарып болған соң, қағаздағы тапсырманы орындайсыз. Егер орындамасаңыз сыйлықтан құр қалдыңыз деп есептей беріңіз.солай ғой, Ата?

Аязата: Әрине, балам!  Ал енді ойынды бастайық. Сұрақтарды оқиық.( Ойын тапсырмалары: 1. Лимонның жартысын қантсыз жеу керек.  2. Осы отырған оқушылардың арасынан қыз/жігіттің біреуін таңдап, жылы сөздер айту керек. 3. 7,8,9 санының көбейту кестесін айтыңыз. 4. Қоянның қимылын келтіріңіз.)  (Ойын біткен соң)

Жүргізуші 2: Кешегі сайын дала төсінде қырандай самғап, еркіндікте өмір сүрген бабалар мирасы - халық биі "Қара жорға". Қарсы алыңыздар! "Қара жорға" биі (Барлық сыныптар қосыла)

Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Ал енді біз жолға шығайьқ. Бізді басқа да сендер сияқты балалар күтіп отыр. Тағы да Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,  Тек жақсылық көріңдер. Жылау, ауру, жамандық Қастарыңда болмасын Сау болыңдар, балалар!

Аяз-Ата: Қош, сау болыңдар, балалар!

Жүргізуші 2: Жаңа жыл, жаңа жыл. Қалауын тап, қар үстіне қада гүл, 

Жүргізуші 1: Жаңа жыл, жаңа жыл. Сан тілектің бастамасы ғана бұл.

Жүргізуші 2: Кел жаңа жыл, игілік боп, иба боп Жер бетіне кереметті жина көп.

Жүргізуші 1: Ақ қауырсын қанатына қайғы емес Түтін емес, рауан нұры жинап от. Жаңа жылдарың құтты болсын! 

Жүргізуші 2: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын. 

Жүргізуші 1: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!
Жүргізуші 2: Аяз ата мен Ақшақарды суретке түсуге шақырайық!

 

Категория: 5 класс